Энергетика министрі: міндетін орындамаған инвесторлардан 4 млрд теңге өндіріп алдық

27.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

— 2025 жылы келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 17 млрд теңге көлемінде 167 хабарлама жолданып, бүгінгі күні шамамен 4 млрд теңге өндірілді, — деді ол.

Министр былтырдың өзінде 18 жер қойнауын пайдалану келісімшарты бұзылғанын атап өтті.

— Ол учаскелер электрондық аукцион немесе тікелей келіссөздер арқылы қайта үлестіріледі, — деді Ерлан Ақкенженов.

Бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов жер қойнауын пайдаланушыларға айыппұлды доллармен есептеу мүмкін емес екенін айтқан болатын

Айта кетелік Shell Қазақстанда жұмысын жалғастыруға ниетті екенін жазған едік

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью