​Энергетика министрлігі Атырау Самара арқылы мұнай экспорты бойынша мәлімдеме жасады

05.11.2026

Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан Ресейдегі мұнай құбыры инфрақұрылымы нысандарына жасалған ұшқышсыз аппараттар шабуылынан кейін Атырау – Самара магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнай айдауды қайта бастады. Бұл туралы Энергетика министрінің кеңесшісі — ведомствоның ресми өкілі Әсел Серікпаева хабарлады.

3 қарашадағы жағдай бойынша мұнай құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«Техникалық тексеруден кейін мұнай айдау қайта басталды. Еске сала кетейік, 2 қараша күні таңертең Самара торабы (РФ) нысандарына ҰАА шабуылына байланысты мұнай қабылдау уақытша тоқтатылған болатын. Зардап шеккендер жоқ. Жағдай ҚР Энергетика министрлігінің бақылауында», — деп түсіндірді Әсел Серікпаева.

Қазақстандық шикізатты қабылдау 2 қарашада Мәскеу уақытымен сағат 04:09-да Самара өндірістік-диспетчерлік торабына дрон шабуылы салдарынан мәжбүрлі түрде тоқтатылған еді.

«Самара» станциясы «Транснефть» ЖАҚ-на тиесілі. Осы торап арқылы Қазақстан мұнайы сыртқы нарыққа одан әрі экспортталу үшін Ресейдің құбыр жүйесіне айдалады.

3 қараша, 11:25

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью