Еспелі слалом: Thailand open рейтингтік турнирінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті

05.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан еспелі слаломнан Thailand open рейтингтік турнирінде Қазақстан командасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін отандасымыз Александр Куликов жекелей сында каноэ бағдарламасында үздік шықты.

Canoe Slalom, жүлдегерлер:
1-орын: Александр Куликов (Қазақстан)
2-орын: Кейго Ямамото (Жапония)
3-орын: Севан Билло (Аустралия)

Александр Куликов қақпадан өту кезінде 2 секунд айып ұпайын алғанына қарамастан, 86.51 секунд нәтижесімен қарсыластарынан озып шықты. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарында тағы бір қазақ спортшысы Қуаныш Еренғайыпов (4-орын) бар.

Осыған дейінгі жарыс күндері Ұлттық құрама спортшылары 3 күміс, 2 қола медаль иеленген.
Иманғали Мамбетов (каяк) - күміс
Анастасия Ананьева (каноэ) - күміс
Екатерина Таранцева (каяк кросс) - күміс
Владислав Рябко (каяк кросс) - қола
Тимур Рынк (каяк кросс) - қола

Айта кетейік, Thailand Open жарысы 8 наурызда мәресіне жетеді. Осыдан кейін спортшылар Паттайя қаласында U18-23 жас санатындағы Азия чемпионатында бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью