Халықаралық деңгейдегі жетістік | Qazaq24.com
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді.
Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев.
Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды.
Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.
Оның халықаралық акаде­мия­лық жолы Ньюкасл универ­ситетіндегі ака­демиялық ағыл­шын тілі курстарынан бас­талып, 2016–2017 жылдары Ман­чес­тер университетінде магис­тра­­турада жалғасты.
Әлем­­­нің үз­дік 30 университетінің қата­ры­на кіретін бұл оқу орнын Бауыржан Қайырбайұлы үздік диплом­мен тәмамдады.
Кейін «Бола­шақ» бағдарламасы арқылы Ноттингем университетінде докторан­ту­ра­ға түсіп, білім саласындағы ғылыми зерттеуін жүргізді.
Читать полностью
Читать новость