Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Халықаралық деңгейдегі жетістік

Халықаралық деңгейдегі жетістік

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Кейінгі жылдары еліміздің жас ғалымдары әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми дәрежелер алып, отандық ғылымның абыройын арттырып келеді. Солардың бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде докторлық оқуын сәтті аяқтаған Бауыржан Қазиев. Ол жуырда Ұлыбританияда PhD Viva қорғауынан сүрінбей өтіп, білім саласы бойынша философия докторы (PhD in Education) ғылыми дәрежесін алды. Бұл – жеке жетістік қана емес, еліміздің білім саласының халықаралық деңгейде мойындалуы болмақ.

Оның халықаралық акаде­мия­лық жолы Ньюкасл универ­ситетіндегі ака­демиялық ағыл­шын тілі курстарынан бас­талып, 2016–2017 жылдары Ман­чес­тер университетінде магис­тра­­турада жалғасты. Әлем­­­нің үз­дік 30 университетінің қата­ры­на кіретін бұл оқу орнын Бауыржан Қайырбайұлы үздік диплом­мен тәмамдады. Кейін «Бола­шақ» бағдарламасы арқылы Ноттингем университетінде докторан­ту­ра­ға түсіп, білім саласындағы ғылыми зерттеуін жүргізді. «Бұл академиялық доктор дәрежесін алуда «Болашақ» бағдарламасының берген мүмкіндігін айтып өту керек. Себебі осы мүмкіндік арқылы әлемнің үздік университетінде ғылыми зерттеу жүргізіп, әлемдегі атақты профессорлардан сабақ алып, солардың жетекшілігімен жұмыс жүргіздім. Ноттингем университеті QS рейтингі бойынша әлемдегі үздік 100 университеттің қатарына кіреді. Білім саласын басқару бо­йын­ша атақты профессорлар Тони Буш, Кристофер Дэй, Пәт Томпсон, Тоби Грини, Кей Фуллер сынды мамандардан сабақ алып, олармен бірге жұмыс жасауға мүмкіндік алдым. Менің докторлық ғылыми жетекшілерім профессор Тоби Грини (Toby Greany) мен профессор Пәт Томпсон (Pat Thomson) болды. Бұл кісілер білім саласындағы көшбасшылық бойынша мықты мамандар. Солардың арқасында докторлық зерттеуімді сәтті қорғадым. Зерттеу жұмысым туралы айтсам, менің докторлық зерттеуімнің тақырыбы «Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі көшбасшылық ұғымы мен тә­жірибесі» деп аталады. Бұл дис­сер­тациялық жұмыс еліміздегі жалпы білім беретін мектептердегі білім беру көшбасшылығының тұ­жы­­рымдамасы мен тәжірибесін қарас­тырады. Білім саласын­дағы халықаралық зерттеулер ай­тарлықтай көп болғанымен, пост­кеңестік және Орталық Азия аймақтарындағы білім сала­сын­дағы көшбасшылыққа бағыт­­талған зерттеулердің жетіс­пеу­шілігі бай­қалады», дейді ол.

Оның айтуынша, бұл феномено­логия­лық зерттеу еліміз мектеп­терінде көшбасшылықтың қалай тұжырымдалып, ұйымдастыры­ла­ты­нын, сондай-ақ оны қалай жүзеге асырып, институционалдық ережелер мен нормалардың білімдегі көшбасшылық тәжірибесін қалай қалыптастыратынын зерттейді. Сол үшін де аталған зерттеу әр­түрлі контексте орналасқан үш мектепке: ауылдық, қалалық, аудан­дық мектептерге бағытталған және де сапалық зерттеу дизайнын қолданады. Деректер мектептердегі жоғары басқарушы құраммен, ата-аналармен жартылай құрылымдалған сұхбаттар және мұғалімдермен фокус-топ­тық талқылаулар арқылы жиналады.

«Бұл феноменологиялық зерттеу білім саласындағы тәжірибеде иерархиялық, бюрократиялық дәстүрлер мен демократиялық, контекске бейімделген көшбас­шылық тәжірибелері арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Бұл док­тор­лық диссертация білім сала­сына айтарлықтай үлес қо­сады. Біріншіден, бұл зерт­теу Қазақстандағы білім көшбасшылығы туралы эмпи­ри­калық негізделген ақпарат бере­ді, осылайша батыстық емес контекстердегі білім көшбас­шы­лығын түсінуге үлес қосады. Екіншіден, бұл зерттеу мемлекеттік саясат пен мектеп деңгейіндегі тәжірибелер арасындағы өзара әрекеттесуді талдау үшін жаңа институционализм теориясын пайдаланады. Үшіншіден, бұл зерттеу Орталық Азиядағы Қазақ­стан контексіндегі білім көш­бас­шылығына қызығушылық таныт­­қан саясаткерлер мен ма­ман­дарға түсінік береді», дейді Бауыржан Қайырбайұлы.

Ол зерттеу жұмысын жасай жүріп, Англияда түр­лі салада жұмыс істеуге мү­м­кіндік алды. Ең алғаш­қы жұ­мысы білімдегі көшбас­шы­лық және менеджмент мамандығы бойынша магистратурада оқитын студенттердің курстық жұмыстарын тексеруден басталды. Содан соң кейіпкерімізді атақты профессор Кристофер Дэй (Christopher Day) өзінің «Білім саласындағы тиімді көшбасшылық және өзгеріс» модулінен (пәнінен) сабақ беруге шақырды. Ол – дүниежүзі бо­йынша Білімдегі көшбасшылық және менеджмент бойынша жазылатын академиялық жарияланымдарда ең көп сілтеме жасалынатын үздік үш автордың бірі. Сондықтан мұндай мықты маманнан шақырту алу қазақ баласына үлкен мақтаныш болса, бір жағынан сын-тегеурін болды. Сол сәтті ол: «Мен алғашында ағылшынша деңгейім жете ме деп қорықтым. Бірақ профессор сенің өте мықты тәжірибең бар, магистр­лерге сабақ беруге лайықсың дегенде қуанып, өзіме деген сенімім артты. Өзімнің мықты тұс­тарымды білімдегі білікті сарапшылар бағалап жатқан кезде ғана ұғындым. Сондықтан да біздің елдегі мұғалімдердің тәжірибелері, оқыту әдістері өте жоғары екеніне көзім жетті», деген мақтаныш сезім­мен баяндап берді.

Бұнымен қоймай, Бауыржан Қайырбайұлы Англияның бастауыш және негізгі мектептерінде де сабақ беріп, өзіне және маман­дығына көптеген тәжірибе жина­ды. Оның мақсаты – ағылшын елінің білім жүйесін тереңірек білу. Осылайша, ол жұмыс барысында көптеген айырмашылық, ұқсастық, артықшылық пен кемшілікті байқайды. Ағылшындардың балаларды 4 жастан бастап кітап оқытып, есеп шығартып, жазу жаздыртатынын көңіліне түйеді. Оның айтуынша, Англия мектептеріндегі оқыту жүйесінде кемшіліктері де жетерлік. Мысалы, оларда физика, химия, биология сабақтары біріктірілген. Алайда бұл пән бойынша оқушылардың білім деңгейлері өте төмен, себебі оқушылар өздері не оқып жат­қандарын түсіне бермейді. «Ең қызығы, сол ғылым сабағын дене­шынықтыру мұғалімі де беріп жүр. Бұл жағынан келгенде біздің елдегі бұл пәндерді бөлек оқыту жүйесі дұрыс деп түсінемін. Қазіргі таңда Англия үкіметі осы жүйенің дұрыс емес екенін түсініп, пәндерді бөлек оқытуға көшу мәселесін қарастырып жатыр», дейді ол.

Қазір ол Ноттингем универ­­ситеті халықаралық коллед­­жін­де сабақ беріп жүр. Оның жетек­ші­лі­гімен студенттер ағылшын тілін жетіл­діріп, магистратураға дайындалып жүрген студенттерге зерттеу жобасы модулін оқытады.

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see146

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see145

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see143

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see142

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see141

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see141

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see140

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see140

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see140

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see139

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see136

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see133

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see128

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see124

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see122

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see120

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see120

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see113

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары