Алматыға халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс көрме қажет министр
Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Алматы қаласына аса қажетті нысанды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, конгрестік-іскерлік туризмнің экспорттық әлеуеті жоғары.
Мәселен, былтыр Қазақстанда 13 халықаралық іс-шара ұйымдастырылды. Оған шетелден біраз адам келген. Ал ел экономикасына шамамен 18 млн АҚШ доллары көлемінде табыс түсті. Бірақ Алматыда халықаралық шара өткізетін заманауи конгресс орталық жоқ.
"Алматы қаласы іскерлік белсенділіктің негізгі орталығы ретінде халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-көрме кешеніне мұқтаж. Бұл мәселе бойынша тиісті шешім қабылдау қажет", - деді Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Қазақстанның халықаралық нарықтағы орнын нығайту үшін қолданыстағы инфрақұрылымдық шектеулерді де жою керек, дейді министр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 12:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















