Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Парламент толықтай сайланса, халықтың билікке деген сенімі күшейеді.
Құрылтайда қабылданған шешімдерге қатысты саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов осындай пікір айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.
Яғни, алда жүзеге асатын конституциялық реформалар халықтың таңдауын да, билікке ықпалын күшейтпек.
Сарапшылардың сөзінше саяси аренада болып жатқан соңғы өзгерістер, уақыт талабынан туындаған шешім.
– Қазақстанда бірпалаталы Парламентке көшу туралы әңгіме – бұл тек мемлекеттік құрылымның формасын өзгерту емес.
Бұл ең алдымен биліктің қалай жұмыс істейтіні, халықтың мемлекетке қаншалықты сенетіні және шешімдердің қаншалықты тез әрі әділ қабылданатыны туралы мәселе, – дейді саясаттанушы, Бөріхан Нұрмұхамедов.
Өйткені маманның айтуынша, бірпалаталы Парламент заңдарды тезірек қабылдауға мүмкіндік береді.