Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

Лифтке 15 жыл ақша жинау. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу тарифтері және қаражатты қалай жинау керек?

Ала доп аламаны аяқталды

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

Мұң емес үміт : екі танымал әннің тарихы

Жамбыл облысында туысының қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды

Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады адвокат

Жыл басынан бері 200 шетелдік шекарадан жалған құжатпен өтпек болған

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді

Ақтөбе облысында жүргізушілер орташа жылдамдықты жаппай асыруда ҚР ІІМ

Парень выкатил бывшей счет за 6 лет отношений, но пожалел об этом в ту же секунду

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты небәрі 40% дайын

Стратегиялық цифрлық майнинг жүргізу қағидалары бекітілді

Павлодар облысында түнде ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталды

Биыл талапкерлердің көбі қандай мамандық таңдағаны белгілі болды

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

Іс сотқа дейін жетті Атыраудағы ЖИТС орталығының директоры орынбасарын Т әрпінен басталатын сөзбен қорлады

Халықтың билікке ықпалы артады саясаттанушы

Халықтың билікке ықпалы артады саясаттанушы

Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Парламент толықтай сайланса, халықтың билікке деген сенімі күшейеді. Құрылтайда қабылданған шешімдерге қатысты саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов осындай пікір айтты, деп хабарлайды Arasha.kzЯғни, алда жүзеге асатын конституциялық реформалар халықтың таңдауын да, билікке ықпалын күшейтпек. Сарапшылардың сөзінше саяси аренада болып жатқан соңғы өзгерістер, уақыт талабынан туындаған шешім.

– Қазақстанда бірпалаталы Парламентке көшу туралы әңгіме – бұл тек мемлекеттік құрылымның формасын өзгерту емес. Бұл ең алдымен биліктің қалай жұмыс істейтіні, халықтың мемлекетке қаншалықты сенетіні және шешімдердің қаншалықты тез әрі әділ қабылданатыны туралы мәселе, – дейді саясаттанушы, Бөріхан Нұрмұхамедов.

Өйткені маманның айтуынша, бірпалаталы Парламент заңдарды тезірек қабылдауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, салықтар, тарифтер немесе медицина мен білімге қатысты шешімдер ұзақ айналмай, жылдам күшіне енеді.

– Қарапайым адам үшін бұл – қағаз жүзіндегі реформа емес, ол оның күнделікті тіршілігіне әсер етеді. Сонымен бірге, кім жауапты екені анық болады. «Бір палата екіншісіне сілтеді» деген әңгіме болмайды. Парламент біреу – жауапкершілік те біреу, – деді сарапшы.

Ал Нұрхат Ораш саясаттанушы ретінде бұл өзгерістерді кешенді саяси реформаның бөлігі деп сипаттап отыр.

– Бірпалаталы парламентке көшу саяси жүйенің жұмысын жылдамдатады. Бұрын Сенат пен Мәжіліс арасында заң жобаларын айлап мақұлдау процесі жүретін, енді бұл кедергілер жойылады. 145 депутаттан тұратын бір орган Үкіметке қарсы пәрменді механизмге айналып, билік тармақтарының жауапкершілігін нақтылайды», – дейді маман.

Реформаны дәл қазір жүргізуге қандай қажеттілік болғаны да саяси сарапшылардың назарнан тыс қалған жоқ.

– Соңғы жылдары елде саяси өзгерістер жүріп жатыр, билік өкілеттіктері қайта бөлінді, Парламенттің рөлі күшейді. Бірақ Парламенттің өзі әлі де бұрынғы, орталықтанған жүйенің логикасымен құрылған. Екіпалаталы жүйе кезінде бұл бақылау үшін керек болды, ал қазір ол көп жағдайда шешімдерді баяулатып, жауапкершілікті бұлыңғыр етіп отыр. Себебі экономика, әлеуметтік және өңірлердің проблемасы уақыт күттірмейді, – дейді Бөріхан Нұрмұхамедов.

Бұл өзгерістің сыртқы себептерін де сөз еткен ол Қазақстан өзін тұрақты, сенімді және жаңарып отыратын мемлекет ретінде көрсеткісі келетінін жеткізді.

– Шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін заңдардың қалай және қаншалықты тез қабылданатыны маңызды. Бірпалаталы Парламент заң шығару жүйесін түсінікті әрі ашық етеді. Бұл елге деген сенімді арттырады. Қазіргі әлемде инвестиция мен технология үшін бәсеке күшейіп жатқан кезде, шешімді тез қабылдай алатын мемлекеттер ұтады, – дейді Бөріхан Нұрмұхамедов.

Ал саяси сарапшы Данияр Әшімбаев реформа саяси мәтін мен риторика деңгейінде қалай пісіп-жетілгеніне назар аударды. Оның айтуынша, президент бұл қадамдарды ұзақ уақыт бойы ой елегінен өткізіп, уақытын дәл таңдаған.

«Тоқаев бұл мәселенің кейбір қырларын әртүрлі ортада талқылаған болуы мүмкін. Бірақ 8 қыркүйекте ол бұл идеяны жолдау кезінде жариялаған кезде, қоғам үшін күтпеген жаңалық болды. Негізгі ой — «билік транзиті» туралы әңгімені саяси күн тәртібінен ұзақ уақытқа алып тастау. Бұл мақсат орындалды деуге болады. Президенттің өкілеттігі әлі 4 жылға созылып жатса да, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар бар деген әсер қалыптасты, және бастама толықтай президенттің қолында қалды», – дейді Д.Әшімбаев.

 Саясаттанушының сөзінше, реформа тек парламент пен вице-президент туралы емес, Конституцияның рухани-идеялық негізін қайта жазу туралы да болып отыр. Д. Әшімбаев бұл процесті ұзақ мерзімді саяси стратегия ретінде сипаттап, Тоқаевтың әлі көп реформа жоспарлап отырғанын айтты.

Вице-президент институтының қайта енгізілуі де реформаның маңызды тақырыбы болды. Бұл жайында саясаттанушы Досым Сәтпаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сөз қозғады. Оның сөзінше, мұндай қадам мұрагерлер иерархиясын өзгертпек.

«Таратылған Сенат спикерінің орнына өз өкілеттіктері бар вице-президент келеді. Кейбір елдерде вице-президент Сенат төрағасы қызметін атқарады. Ал Қазақстанда тарих қайталанып отыр. Бізде вице-президент лауазымы Қазақ КСР кезеңінен болды. Ол кезде бұл қызметке Ерік Асанбаев тағайындалған, ал бұл лауазым 1995 жылғы жаңа Конституция қабылданғаннан кейін Назарбаевтың бастамасымен 1996 жылы жойылды. Себебі президентке сол кезде орынбасар да, әлеуетті бәсекелес те қажет болмады», – дейді саясаттанушы.

Д. Сәтпаев қазір жағдайдың өзгергенін, қазіргі Мемлекет басшысы мұрагерлік мәселесіне ашық қарай бастағанын айтады.

«Вице-президентке келсек, әдетте оның үш негізгі функциясы болады: Бірінші, президент қайтыс болғанда, отставкаға кеткенде немесе импичмент жағдайында өкілеттіктерді қабылдауға дайын «қосалқы» көшбасшы. Екінші, саяси жүйеде тепе-теңдік пен баланс сақтауға арналған фигура. Үшінші, президенттің арнайы тапсырмаларын орындау, соның ішінде парламенттегі «қараушы» рөл. Айтпақшы, Қазақстанда вице-президент президенттің мүддесін парламентте қорғау функциясын да атқарады», – деп атап өтті Д.Сәтпаев.

Сондай-ақ вице-президент институтының қайта енгізілуін саясаттанушы Нұрхат Ораш басқаруды тұрақтандыруға бағытталған қадам деп сипаттап берді. Оның сөзінше, Президент стратегиялық мәселелерге көңіл бөлсе, вице-президент халықаралық форумдар мен парламентпен байланысты үйлестіреді.

– Бұл саяси иерархияда вакум пайда болмауы үшін қажет. Мемлекеттік кеңесші лауазымының жойылуы билік вертикалін ықшамдап, нақтылай түседі», – деп түсіндірді ол.

Ал Досым Сәтпаев бұл модельдің тиімді болуы саяси институттардың беріктігіне байланысты екенін ашық айтып отыр.

«Тәжірибе көрсеткендей, жасанды түрде құрылған кез келген саяси жүйе нақты бір саяси жағдайға қарай жасалып, Конституцияны жиі өзгерту арқылы құралатын болса, халықтың сенім мандаты жоқ жеке адамдарға сүйенсе және оны ұстап тұратын мықты саяси институттар болмаса, өте әлсіз болады», – дейді саяси сарапшы.

Маманның айтуынша, мұндай жүйенің «тірек-қаңқасы» сайлау жүйесі мен сот жүйесі болуы керек. Ұлттық құрылтайда бұл туралы айтылды: депутаттар Конституциялық сот судьяларының кандидатураларын бекітеді, ал Жоғарғы сотқа судьялар президенттің ұсынысымен мақұлданады. Сондай-ақ саясаттаншуы парламенттің Орталық сайлау комиссиясының төрағасын тағайындауға келісім беруі де жаман ұсыныс емес деп атап өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:87
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 18:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see129

Лифтке 15 жыл ақша жинау. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу тарифтері және қаражатты қалай жинау керек?

22 Шілде 2026 12:28see116

Ала доп аламаны аяқталды

21 Шілде 2026 07:05see114

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

21 Шілде 2026 17:00see114

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

21 Шілде 2026 16:59see114

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

21 Шілде 2026 17:16see114

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21 Шілде 2026 17:17see112

Мұң емес үміт : екі танымал әннің тарихы

22 Шілде 2026 08:18see111

Жамбыл облысында туысының қызын зорлаған ер адам өмір бойына түрмеге жабылды

22 Шілде 2026 13:01see110

Бақытжан Байжанов бостандыққа шығады адвокат

22 Шілде 2026 13:58see110

Жыл басынан бері 200 шетелдік шекарадан жалған құжатпен өтпек болған

22 Шілде 2026 13:34see109

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру қағидаларына қандай өзгерістер енгізілді

21 Шілде 2026 17:03see109

Ақтөбе облысында жүргізушілер орташа жылдамдықты жаппай асыруда ҚР ІІМ

21 Шілде 2026 16:58see108

Парень выкатил бывшей счет за 6 лет отношений, но пожалел об этом в ту же секунду

21 Шілде 2026 16:59see108

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауыты небәрі 40% дайын

21 Шілде 2026 22:06see108

Стратегиялық цифрлық майнинг жүргізу қағидалары бекітілді

22 Шілде 2026 14:54see107

Павлодар облысында түнде ересектердің еріп жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер анықталды

22 Шілде 2026 10:19see106

Биыл талапкерлердің көбі қандай мамандық таңдағаны белгілі болды

21 Шілде 2026 23:57see106

Әскерде зорлық жасады : ақша табу үшін елді алдаған астаналық сотталды

21 Шілде 2026 17:55see106

Іс сотқа дейін жетті Атыраудағы ЖИТС орталығының директоры орынбасарын Т әрпінен басталатын сөзбен қорлады

21 Шілде 2026 17:02see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары