Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы: Нормалар әділ қолданылса, сенім артады

Бөріхан Нұрмұхамедов, саясаттанушы: Нормалар әділ қолданылса, сенім артады

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Соның бірі – Жаңа Конституция жобасына енген мемлекеттің зайырлылық қағидатына басымдық беретін өзгерістер. Мемлекеттің зайырлы сипаты жаңа жобада қалай көрініс тапқанын саясаттанушы, Конституциялық комиссия мүшесі Бөріхан Нұрмұхамедов егжей-тегжейлі айтып берді.

– Жаңа Конституция жобасында мем­лекеттің зайырлылық қағидаты қалай айқындалған? 

– Жаңа Конституция жобасында мемлекеттің зайырлылық қағидаты бір ғана нормамен емес, өзара байланысты ережелер кешені арқылы жүйелі әрі дәйекті түрде айқындалған. Біріншіден, 1-бапта «Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» ретінде аталады. Бұл зайырлылық мемлекеттіліктің демократия және құқық үстемдігі сынды іргелі сипатымен қатар конституциялық құрылыстың негіздері деңгейінде бекітілгенін білдіреді.

Екіншіден, 7-бапта зайырлылықтың мазмұны діннің мемлекеттен бөлінгені туралы тікелей норма арқылы ашылады. Бұл мемлекеттік органдар діни бірлес­тік­тердің ішкі істеріне араласпайтынын және оларға мемлекеттік функциялар жүктемей­тінін білдіреді. Сонымен қатар олардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылады және конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандық­тарын, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның имандылығын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін. Мұнда белгілі бір тепе-теңдік көрінеді: ар-ождан және дін бостан­дығы танылады әрі кепілдік беріледі, ал­ай­да ол қоғамдық мүдделер мен мем­лекеттің қауіпсіздігіне зиян келтіру үшін пайда­ланылмауға тиіс.

Үшіншіден, мемлекеттің зайырлы сипаты 6-баптың нормалары арқылы да күш­ейтіледі. Бұл бап конституциялық құры­лысты бұзуға, діни алауыздықты қоз­дыруға немесе елдің тұтастығын бұзуға бағытталған қоғамдық бірлестіктерді құруға және олардың қызметіне тыйым салады. Әсіресе, діни негіздегі саяси партияларды құруға тікелей тыйым салынуы және олардың шетелдік субъектілер тарапынан қаржыландырылуына жол берілмеуі ерекше мәнге ие.

Төртіншіден, 33-бап республика аумағындағы білім беру ұйымдарында білім беру мен тәрбиенің зайырлы сипатын бекітеді, бұл ретте діни (рухани) оқу орын­дары ерекшелік ретінде қарастырылады. Яғни, білім беру жүйесі бейтарап, діни емес негізде құрылады, бұл – зайырлы мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі.

Осылайша, Конституция жобасында зайырлылық қағидаты кешенді түрде жүзе­ге асқан: мемлекеттің конституциялық мәртебесін айқындау арқылы, дін мен биліктің институционалдық бөлінуі арқылы, діни-саяси қызметке шектеулер енгізу арқылы және білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту арқылы. Бұл дін бостандығын құрметтейтін, бірақ діни салада бейтарап­тықты сақтайтын әрі конституциялық құрылысты діни саясиландырудан қорғайтын мемлекет моделін білдіреді.

– Жаңа жобадағы қағидат бұрынғы Конституциядағы нормалардан несімен ерекшеленеді?  Нақты мысалдар келтіре, тарқатып айтсаңыз. 

– 1995 жылғы қолданыстағы Консти­туцияда мемлекеттің зайырлы сипаты жал­пы түрде ғана белгіленген: 1-бапта Қазақ­стан «зайырлы мемлекет» деп аталады, 14-бапта дінге қатысты теңдік және кемсіту­шілікке тыйым салу бекітілген, 19-бапта адамның діни тиесілігін көрсетуге немесе көрсетпеуге құқығы көзделген, 20-бапта сөз бостандығы және діни үстемдікті насихаттауға, діни алауыздықты қоздыруға тыйым салу нормалары бар. Негізінен, бұл мемлекет зайырлы, азамат сенім таң­дау­да еркін, барлығы тең, ал экстремизмге, алауыздыққа және зорлық-зомбылыққа шақыруға жол берілмейді дегенді білдіреді. Алайда қолданыстағы Конституцияда «дін мемлекеттен бөлінген» деген қағида тікелей айтылмайды, діни ұйымдардың қызметін қандай «құқықтық негіздермен» шектеуге болатыны нақты көрсетілмеген. Мәселелер тек  заңдар мен құқықты қолдану тәжіри­бесінде реттеліп келді.

Жаңа Конституция жобасында зайыр­лылық қағидаты анағұрлым айқын әрі егжей-тегжейлі жазылған. 7-бапта діннің мемлекеттен бөлінгені тікелей көрсетіледі. Бұл – жай ғана жалпы мәлімдеме емес, мемлекеттік органдар мен діни ұйымдардың әрекетін бағалауда сүйенуге болатын нақты құқықтық ереже. Мысалы, мемлекеттік орган өз функцияларын діни құрылымдарға беруге құқылы емес. Бұл ресми анықтамалар беру, кадрлық шешімдерге қатысу немесе мемлекеттік мекемелерде міндетті діни талаптарды енгізу сияқты мәселелерге де қатысты.

Жобада діни ұйымдардың қызметі қан­дай жағдайларда шектелуі мүмкін екені де нақты әрі ашық көрсетілген: конститу­циялық құрылысты, азаматтардың құқық­тары мен бостандықтарын, ұлттық қауіп­сіздікті, қоғамдық тәртіпті, халықтың ден­саулығы мен имандылығын қорғау мақсатында. 1995 жылғы Конституцияда мұндай шектеулер жалпы тыйымдардан (мысалы, алауыздықты қоздыру немесе экстремизмге тыйым салу) туындағанымен, дәл діни ұйымдарға қатысты жеке тізім болмаған еді. Енді бұл негіздер тікелей аталып, реттеу анағұрлым түсінікті әрі фор­малды сипатқа ие болады. Мұнымен қатар саяси жүйенің зайырлы сипаты күшейтіледі. Жаңа жоба зайырлы мемлекет моделін құқықтық тұрғыдан неғұрлым егжей-тегжейлі және басқаруға қолайлы етеді. Дегенмен тепе-теңдікті сақтау маңызды: шектеу негіздері неғұрлым кең болған сайын, олардың тұжырымдары соғұрлым нақты болуы және заңның ерікті түрде қолданылуына қарсы кепілдіктер соғұрлым мықты жұмыс істеуге тиіс.

– Жаңа өзгерістер халықаралық талаптарға қаншалықты сай? 

– Ұсынылып отырған өзгерістерді дін бостандығы мен зайырлы мемлекет сала­сын­дағы негізгі әмбебап халықаралық стан­дарттар тұрғысынан бағалайтын болсақ, олар халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Осы бағыттағы басты халықаралық бағдар – Қазақстан қатысушы болып отырған Аза­мат­тық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабы. Осы нормаға сәйкес, ой, ар-ождан және дін бостандығы әркімге кепілдік беріледі, ал шектеулер тек үш шарт сақталған жағдайда ғана жол беріледі: олар заңмен көзделуге тиіс, заңды мақсатты (қоғамдық қауіпсіздікті, тәртіпті, денсаулықты, имандылықты немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау) көздеуі керек және қажетті әрі мөлшерлес болуы қажет. Жаңа жобада дін­нің мемлекеттен бөліну қағидаты бекіті­леді әрі халықаралық тәжірибеге де сәйкес келеді. Халықаралық құқық мемлекеттерге міндетті түрде діни немесе зайырлы модельді таңдауды жүктемейді, бірақ кез келген модель жағдайында теңдік пен дін ұстану еркіндігін қамтамасыз етуді талап етеді. Діни ұйымдардың қызметі шектелуі мүмкін мақсаттардың тізбесі (конституциялық құрылысты, адам құқықтары мен бостандық­тарын, ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті, денсаулық пен имандылықты қорғау) халықаралық құқықта көзделген рұқсат етілген шектеу негіздерімен сәйкес келеді. Білім беру жүйесінің зайырлы сипатын бекіту де халықаралық стандарт­тарға сәйкес келеді, алайда заң шеңберінде ата-аналардың көзқарасына сәйкес балаларға діни және адамгершілік тәрбие беру құқығы мен сенім бостандығы сақталуға тиіс.

– 1995 жылғы Конституцияда, 5-бапта идеологиялық, діни бірлестіктерге қатысты қағидаттар белгіленіп еді, енді бұл механизмдер қалай көрініс табады? 

– 1995 жылғы Конституцияда (5-бап) идеологиялық және діни бірлестіктерді реттеу жеткілікті түрде нақты әрі егжей-тегжейлі тұжырымдалған. Біріншіден, идео­логиялық және саяси әртүрлілік қа­ғи­даты бекітілді. Екіншіден, діни негіздегі саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. Үшіншіден, шетелдік діни бірлестіктер үшін ерекше тәртіп белгіленді: олардың ел аумағындағы қызметі және басшыларын шетелдік діни орталықтардың тағайындауы мемлекеттік органдармен келісу арқылы ғана жүзеге асырылуға тиіс еді. Осылайша, Конституция плюрализм қағидатын мемлекеттің зайырлы сипатын қорғау және сыртқы діни ықпалды бақылау тетіктерімен тікелей байланыстырды. 2026 жылғы жаңа Конституция жобасында тиісті тетіктер сақталғанымен, біршама өзгертіліп, қайта бөлінген. Идеологиялық және саяси әртүрлілік қағидаты толық сақталған, ол бұрынғыдай конституциялық құрылыстың негізі ретінде бекітілген. Діни негіздегі саяси партияларды құруға тыйым салу нормасы да сақталған, бұл мемлекеттің зайырлы сипатының өзгермейтінін және партиялық саясатта діни бірегейлікті институционализациялауға жол берілмей­ті­нін көрсетеді. Өзгеріс шетелдік діни бір­лес­тіктердің қызметін реттеуге қатысты. 1995 жылғы Конституциядан айырмашы­лығы, жобада олардың қызметін және басшыларын тағайындауды мемлекеттік органдармен келісу туралы тікелей норма жоқ. Бұл діни саланы егжей-тегжейлі реттеу арнайы заңдар деңгейіне ауыстырылатынын білдіреді. Сонымен қатар жоба ұлттық қауіпсіздік пен шетелдік ықпалға қатысты құқықтық нормаларды күшейтеді. Шетелдік көздерден қаржыландырылатын коммер­циялық емес ұйымдардың қаржылан­дыруының ашықтығын қамтамасыз ететін кеңірек тетік енгізіледі. Егер діни бірлес­тіктер коммерциялық емес ұйымдар сана­тына жататын болса, оларға да жанама түрде қатысты болады. Нәтижесінде, сыртқы ықпалды бақылаудың неғұрлым әмбебап механизмі қалыптасады.

– Осы мәселеге қатысты жаңа жобаның қай тұсын жетілдіру керек деп санайсыз? 

– Егер одан әрі жетілдіру мүмкіндігі туралы айтар болсақ, ең алдымен, Конститу­ция нормаларынан туындайтын заңдарға қатысты болуы мүмкін. Мәселен, қазір бірлестіктердің қызметін шектеу негіздері «қоғамдық тәртіпті бұзу» сияқты тұжырым­дар арқылы кеңейтіліп отыр. Мұндай ұғ­ым­дарды әртүрлі түсіндіруге болады, сон­­д­ықтан кез келген шектеулер тек заң негізінде, сот шешімімен және мөлшерлестік қағидатын сақтай отырып қолданылатынын тікелей бекіткен жөн. Бұл ерікті түрде тый­ым салудың алдын алып, жүйеге деген сенімді күшейтуге көмектеседі.

Шетелдік діни бірлестіктерді реттеу және үкіметтік емес ұйымдардың қаржылан­дыруының ашықтығы мәселелеріне де мұқият қарау қажет. Реттеудің егжей-тег­жейін қарапайым заңдар деңгейіне көшіру кезінде мемлекеттің зайырлы сипаты мен дін бостандығы арасындағы тепе-теңдікті нақты айқындау маңызды. Қаржылан­дырудың ашықтығы дербес деректерді қорғаумен ұштасуға тиіс, ал діни негіздегі партияларға тыйым салу азаматтардың өз сеніміне қарамастан, саясатқа қатысу құ­қы­ғын шектемейтіні туралы нақты түсіндірумен қатар жүруі қажет.

– Бұл өзгерістер қоғамға қалай әсер етеді деп пайымдайсыз?

– Ұсынылып отырған өзгерістер қоғамға елеулі әсер етуі мүмкін, алайда бәрі олардың іс жүзінде қалай қолданылатынына байланысты болады. Діннің мемлекеттен бөлінуі туралы нақты ереженің және білім беру жүйесінің зайырлы сипатының тікелей бекітілуі жүйені анағұрлым түсінікті етеді. Бұл діни ұйымдар мемлекеттік функция­ларды атқара ала ма және жалпы білім б­е­ре­тін мектептерде міндетті діни элемент­терге жол беріле ме деген даулардың алдын алуға көмектеседі. 

Саяси бәсеке конфессиялық тиесілілікке емес, бағдарламалар мен идеяларға негізделетін болмақ. Осы орайда шектеу негіздерінің кеңеюі мемлекетке қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қорғау үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Экстремизммен күресте де пайдалы болуы мүмкін, бірақ сақтықты талап етеді. Егер нормалар әділ және сот бақылауымен қолданылса, сенім артады. Ал олар шамадан тыс немесе таңдамалы түрде пайдаланылса, керісінше, қоғамда шиеленіс тудыруы ықтимал. Қорытындысында бәрін шешетін – сенім бостандығы мен конституциялық құрылысты қорғау арасындағы тепе-теңдік.

– Әңгімеңізге көп рақмет!

Сұхбаттасқан 

Айсұлу СЪЕЗХАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Наурыз 2026 05:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see163

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see161

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see155

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see154

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see151

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see149

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see146

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see141

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see139

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see138

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see133

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see132

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see129

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see120

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see119

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

29 Тамыз 2026 18:37see114

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see114

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30 Тамыз 2026 11:02see111

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see111

Қарағандыда Кеншілер күніне арналған концертке 250 мың адам жиналды

30 Тамыз 2026 15:49see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары