Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абайды көрген кісі

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдетіледі СІМ мән жайды ашып айтты

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

Энергетикалық нысандарды аралады

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

Бурабайдағы көлге шомылған бірнеше адам тері ауруына шалдықты

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

Қызылордада БАҚ саласының өкілдеріне пәтер кілті табысталды

Қазақстанда 7 сыныпқа дейін телефон пайдалануға болмайды

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның мемлекетке деген сенімін әлсіретіп, кез келген жүйенің дамуына тұсау болатын залалды әлеуметтік құбылыс. Оған қарсы күрес жазалау шараларымен ғана шектелмей, қоғамда адалдық пен жауапкершілікке негізделген берік құндылықтарды қалыптастыру арқылы да жүргізілуі қажет. Көп жағдайда жемқорлыққа қарсы мәдениет пен иммунитет өзінің тиімді нәтижесін беретіні белгілі.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Осы орайда Қарулы күштер Әскери полициясының бас басқармасы профилактика басқармасының бастығы, әділет подполковнигі Әділхан Қалиев армияның жастарды адалдыққа тәрбиелеудегі рөлі, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы күресте жазалаудан гөрі алдын алудың неліктен тиімді екені жөнінде ойымен бөлісті.

Оның айтуынша, бүгінгі жастар аға буын өкілдеріне қарағанда әділдік пен адалдыққа сергек қарайды әрі сыбайлас жемқорлықтың зияны мен салдарын айқын түсінеді. Олар әлеуметтік желіде де, өзге де орталарда аталған қоғам жегіқұрты елдің дамуын тежеп, мем­лекеттің тамырына балта шабатынын белсенді түрде айтып жүр.

«Дегенмен қоғамда бұл дерт жойы­л­ды деп айтуға әлі ерте. Адамдар көбіне оған құқық бұзамын деп емес, «мәселені шешу» мақсатында барып жататыны белгілі. Дәл осы «мәселе шешу» қағидаты қоғамда сыбайлас жемқорлықтың гүлденуіне негіз қалап беріп отыр», дейді ол.

Әділет подполковнигі Әділхан Қалиев бүгінгі таңда профилактика басқармасының алдында тұрған міндет жастар бойында осындай «қағидаттарға» қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру екенін атап өтті. Алайда, оның айтуынша, адам адалдық, әділдік пен жауап­кершілік деген ұғымдарды ең алдымен ерте жастан отбасында санасына орнықтыруы қажет. Бұл жерде ата-ана институтының атқарар рөлі орасан.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруды ең алдымен балалар мен жастарды тәрбиелеуден бастауымыз қажет. Бала үлкендерден көргенін істейді. Ата-анасы, аға буын өкілдері заңды құрметтеп, адалдық қағи­датын ұстанғанын көрген жас ертеңгі күні өзі де құқықбұзушылыққа бармайды. Одан кейін, әрине, мектеп пен білім алу ортасының ықпалы зор. Бұл жерде адам қоғаммен өзара әрекет жасауды, мінез-құлық ережелері мен нормаларын түсінуді үйренеді. Жастайынан бойына дарыған бұл ұстанымдар үлкен өмірде одан әрі нығая түседі. Адам олар­ды іс жүзінде – жұмыста, кәсіби қыз­метінде, мемлекеттік институттар­мен қарым-қатынаста қолдана бастай­ды. Сондықтан отбасынан бастап кәсі­би қызметке дейінгі барлық кезеңде заң­ды құрметтеу, адалдық пен жеке жауап­кершілік қағидаларын насихаттаудың  маңызы зор», дейді маман.

Ә.Қалиевтің  айтуынша, егер адам заң мен тәртіп ұстанымдары, яғни сыбайлас жемқорлыққа деген қарсылық болмаса, ешқандай қадағалау органы мен құқық қорғау құрылымдары бұл дертке қарсы күресіп, нәтижеге жетуі мүмкін емес.

Бүгінде Қарулы күштерде жемқор­лыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жұмысына аса қатты мән беріліп келеді. Бұл жұмыс Қазақстан Респуб­ликасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­сатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен заңнамаға сәйкес жүргізіліп жатыр. Ә.Қалиевтің айтуын­ша, мұнда негізінен жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға баса назар аударылады. Осы орайда кейінгі екі жылдың ішінде 4 мыңнан аса іс-шара өткізілген. Оның ішінде 3 262 жалпы әңгімелесу, 2 955 жеке кездесу, құзыретті органдар өкілдерінің қатысуымен 174 дөңгелек үстел, 133 жиын мен конференция ұйымдастырылған.

«Қорғаныс саласы құрылымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр дегенге келсек, ең алдымен, жемқорлыққа қарсы мониторинг пен жемқорлық қатерлерін талдау жұмысын айтуға болады. Кейінгі екі жылда Қорғаныс министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл жөніндегі комиссиясының алты отырысы өтті. Осы отырыстардың қорытындысында жемқорлық қатерлерін жою мен әскери басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыруға бағыт­талған 117 ұсыным әзірленді. Со­ны­мен қатар гарнизондық сыбайлас жем­қорлыққа қарсы комиссиялар 787-ден аса отырыс өткізіп, онда 535 мәселе қаралып, 874 ұсыным қабылданды», деп атап өтті Ә.Қалиев.

Оның айтуынша, қоғам дертіне қарсы күресте жазалаудан бұрын алдын алудың тиімділігін арттырудың маңызы зор. Өйт­кені жазалау қылмыс орын алғаннан кейін жасалатын болса, алдын алу – сол қыл­­мысқа алып баратын себептерді жоя­ды.

«Егер сыбайлас жемқорлық қатер­лерін дер кезінде анықтап, нормативтік құжат­тардағы олқылықты жойып, ре­сімдердің ашықтығын арттырса, құқық­бұзушылықты жасау ықтималдылығы әлдеқайда төмендейді. Міндетіміз – сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына мүлдем мүмкіндік бермейтін жүйе қалыптастыру», дейді ол.

Сондай-ақ әділет подполковнигі армиядағы тәрбие жұмысы да жем­қор­лықтың алдын алуға орасан зор үлес қосатын өмір мектебі екенін айтады. Жауынгерлік қызмет адам санасында ережелерге құрмет пен әрбір амалдың салдары болатыны туралы түсінікті қалыптастырады. Бұл, өз кезегінде, адалдық пен әділдік сезімдерінің оянуы­на ықпал етеді.

«Бүгінде талдамалық құралдар мен ішкі бақылау тетіктері белсенді қол­данылады. Қорғаныс министрлігі, Бас штаб пен Қарулы күштердің құры­лымдық бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық қатерлеріне тұрақты түрде ішкі талдау жүргізіледі. Осындай талдаудың нәтижесінде ықтимал пробле­малық салалар айқындалады. Олардың басым бөлігі әдетте кадрлық жұмысқа, жергілікті әскери басқару органдарының қызметіне, күрделі құрылыс пен жөндеу жұмысына, тұрғын үйді бөлуге, сондай-ақ әскери білім мен ғылым саласына қатысты болып келеді. Әрбір анықталған жағдай бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған нақты шаралар қабылданады», дейді Ә.Қалиев.

Ол кез келген салада құжат айналымы ресімдерінің ашықтығы заң талаптарын белшесінен басу мүмкіндігін барынша азайтатынын айтады. Осы орайда цифрландыру үдерісі сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмауға елеулі ықпалын тигізіп отыр. Өйткені бұл рәсімдердің адам факторынсыз жасалуына мүмкіндік береді.

Ә.Қалиев көптеген мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске формальды көзқараспен қарау оның әлі де сақталып қалуына ықпал етіп отырғанын атап өтті. Расында, шаралар негізінен есеп беру үшін ғана қабылданып жататыны ақиқат. Ал негі­зінде жемқорлыққа қарсы саясат әрбір қатер мен өзгерісті қалт жібермей қадағалап отыратын тірі жүйе болуға тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды

Аймақтар • Бүгін, 09:20

«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы

Форум • Бүгін, 09:15

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

Форум • Бүгін, 09:05

Қостанайда жасалған қуатты комбайн

Өндіріс • Бүгін, 09:00

Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі

Құқық • Бүгін, 08:55

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35

Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол

Қоғам • Бүгін, 08:25

Гүл өсіріп табысын еселеген студент

Еңбек • Бүгін, 08:20

Олимпиада жеңімпазы

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жүз күй білетін жауынгер

Өнер • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 09:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абайды көрген кісі

25 Маусым 2026 09:01see113

Тамақ бермей, байлап қойған: Атырауда 90 жастағы қарияға қатысты іс тергеліп жатыр

25 Маусым 2026 11:01see113

Әлем чемпионаты 2026: Бразилия Шотландияны ойсырата жеңді

25 Маусым 2026 09:01see112

Қазақстандықтарға мемлекеттік нөмірлер мен жүргізуші куәліктерін алу оңайырақ болды

25 Маусым 2026 12:49see111

Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдетіледі СІМ мән жайды ашып айтты

25 Маусым 2026 16:41see111

Плагиат па әлде сәйкестік пе қазақстандық әншілер альбомдардың тұжырымдамасына байланысты дауласып қалды

25 Маусым 2026 14:17see111

Алматы облысында сыбайлас жемқорлық фактілері 75 пайызға азайды

24 Маусым 2026 22:40see110

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

26 Маусым 2026 00:16see110

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

26 Маусым 2026 07:04see109

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

26 Маусым 2026 00:10see109

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

25 Маусым 2026 17:18see109

Энергетикалық нысандарды аралады

26 Маусым 2026 00:11see108

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

25 Маусым 2026 23:09see108

Астанада ер адам екі бірдей лифтінің есіктерін әдейі сындырған

25 Маусым 2026 08:39see107

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

26 Маусым 2026 11:57see107

Бурабайдағы көлге шомылған бірнеше адам тері ауруына шалдықты

25 Маусым 2026 11:35see107

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

26 Маусым 2026 00:12see107

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

26 Маусым 2026 03:54see106

Қызылордада БАҚ саласының өкілдеріне пәтер кілті табысталды

26 Маусым 2026 12:48see106

Қазақстанда 7 сыныпқа дейін телефон пайдалануға болмайды

26 Маусым 2026 15:40see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары