Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Әділ сайлаудың бес тірегі: заң, бақылау, ашықтық, технология және қоғам

Әділ сайлаудың бес тірегі: заң, бақылау, ашықтық, технология және қоғам

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: ЖИ көмегімен өңделген

Құрылтай депутаттарының сайлау науқаны аясында өткен Орталық сайлау комиссиясының екінші отырысында азаматтардың сайлау құқықтарын толық қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндік мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беру процесіне еш кедергісіз қатысуы үшін сайлау учаскелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

«Орталық сайлау комиссиясы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асырып келеді. 2021 жылдан бастап Орталық сайлау комиссиясы отырыстарының тікелей көрсетілімдері, сондай-ақ барлық ақпараттық бейнематериалдар ымдау тіліне аударумен сүйемелденеді. 2022 жылдан бері дауыс беру бюллетеньдеріне арналған Брайль қарпімен трафареттер дайындалып келеді. Барлық сайлау учаскелері дауыс беру бюллетенін толтыру тәртібі бойынша аудионұсқаулықтармен қамтамасыз етіледі. 2025 жылдан бастап «Шырақ» мүгедек әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен барлық сайлау комиссияларының мүшелеріне арналған мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктері жөніндегі бейнеоқыту курсы әзірленіп, қолданылып келеді. Жергілікті атқарушы органдар инватакси қызметін көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға сайлау инфрақұрылымының қолжетімділігін тексеру жұмыстарына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін белсенді түрде тартуды ұсынамыз», деп атап өтті Ләззат Сүйіндік. 

Құрылтай сайлауы – жаңа саяси мәдениеттің бастауы

Комиссияның кезекті отырысында Қазақстандағы Құрылтай депутаттарының сайлауын бақылауға қатысатын халықаралық байқаушылар туралы ақпарат жарияланды. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына халықаралық байқау институтын ашу жөнінде шешім қабылданғанын мәлімдеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясы бірқатар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға сайлау процесін байқауға қатысу үшін ресми шақырулар жолдады.

«Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына аккредиттеу үшін 3 халықаралық ұйым мен 4 шет мемлекеттің 60 байқаушысының кандидатурасы ұсынылды. Атап айтқанда, ТМД байқаушылар миссиясынан 4 адам, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясынан 19 адам, ЕҚЫҰ ДИАҚБ байқаушылар миссиясынан 32 байқаушы, сондай-ақ Мальдив Республикасы тарапынан 3 кандидатура, оның ішінде осы елдің Сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары ұсынылды. Бұдан бөлек, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпустың дуайені болып табылатын Палестинаның Қазақстандағы Елшісі, Венесуэланың Қазақстандағы Елшісі және Венгрияның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі де аккредиттелді. Аккредиттеуге қатысты ұсыныстар келіп түсуіне қарай байқаушылар туралы мәліметтер жаңартылып отырады», деді Мұхтар Ерман.

Құрылтайдың алғашқы шақырылымы: Жаңа модель несімен ерекшеленеді?

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар саяси үдерістердің маңызды құрамдас бөлігіне айналып отыр. Осыған байланысты Астанада өткен сараптамалық жиында саясаттанушылар мен медиа мамандары электоралдық науқандағы жаңа үрдістерді талқылады. Кездесуде цифрлық дәуірдегі саяси коммуникацияның ерекшеліктері, сайлауалды үгіт-насихаттың заманауи тәсілдері және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар сарапшылар ақпараттық кеңістікте таралатын жалған мәліметтердің алдын алу және оларға қарсы тиімді тетіктерді қалыптастырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Бүгінде қоғамда жалған ақпараттардың таралуы өзекті мәселеге айналып отыр. Сондықтан саяси партиялар сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында азаматтардың сеніміне селкеу түсірмей, ашықтық пен шынайылық қағидаттарын басшылыққа алуы қажет. Халықпен адал әрі ашық коммуникация орнату – қоғам сенімін арттырудың басты кепілі», деді саясаттанушы Найла Мұхтарова.

Шолу: Саяси партиялар Құрылтай сайлауына қанша үміткер ұсынды?

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары