Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған ер адам сотталды

Оралда қылмыс жасаған екі армениялық азамат бір жылдан кейін Ереванда ұсталды

Алтын Орда дәуірінің орталығы мұражайға айналмақ

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

Титаник жолаушысына тиесілі құтқару жилеті 906 мың долларға сатылды

Астанада қай көшелер жабық тұр?

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

Жетісу облысында 256 фермерге 8,2 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген

Папа тирандар туралы сөзінің Трампқа арналмағанын мәлімдеді

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

Хезболла Ливанда француз бітімгерінің өліміне қатысы барын жоққа шығарды

Қытай 2026 жылы ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асырады CNSA

Ата Заң: еңбек елдіктің еңселі тірегі

Ата Заң: еңбек елдіктің еңселі тірегі

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңа Конституция жобасы адам капиталын мемлекеттің басты қазынасы деп танып, әлеуметтік әділеттілік пен лайықты тұрмысқа құқықтық кепілдік береді. Осы бағыттағы іргелі өзгерістер жасанды интеллект пен жаппай цифрландыру игілігімен ұштасып, жүздеген мың отандас үшін сапалы жұмыс орнын құруға әрі еңбек нарығын технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға жол ашпақ.

Конституция төрінде – еңбек құндылығы

Ата Заңның жаңа редакциясында ең­бексүйгіштік елдік құндылық ретінде бекіп, адам капиталы мемлекеттің басты байлығы деп танылмақ. Бұл – маңдай тер мен адал кәсіпті ұлттық стратегияның өзегіне айналдыру деген сөз. «Цифрландыру және ЖИ жылы» аясында еңбекпен қамту сала­сының түбегейлі жаңғыруы – осы ұстаным­ның нақты көрінісі. Ендеше қабырғалы жұртымыз үшін еңбек енді тұрмыс қамы ғана емес, тәуелсіздіктің тұғырын бекітетін іргелі мұратқа айналғалы тұр.

Жаңа Конституция жобасында еңбекке ерекше орын берілген. Оның 3-бабында: «1. Қазақстан Республикасы қызметінің негіз құраушы қағидаттары: Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халық­тың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілге­рілету; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениетті қалып­тастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау» деп жазылған. Яғни, бұл ата-бабадан дарыған асыл қасиет қана емес, ендігі жерде конституциялық мәртебеге ие қасиетті құндылық. Еңбек­сүйгіштік ұғымының конституциялық дең­гейде бекітілуі – тек моральдық үндеу емес, мемлекеттік идеологияның тірегіне айналатын құқықтық тұғыр. Халықтың әл-ауқатын арттыру, прогресс пен білімге ұмтылу – бәрі де еңбекпен астасады. Демек, еңбек енді тек әлеуметтік категория емес, елдік сананың конституциялық өлшемі.

Бұдан бөлек, оның 27-бабы толығымен дерлік еңбекке арналады. Біріншіден, «әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Еңбекке мәжбүрлеп тартуға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін адамды кінәлі деп тану туралы сот акті­сінің негізінде, не төтенше жағдайда, не соғыс жағдайында жол беріледі». Екіншіден, «Қазақстан Республикасы қауiпсiздiк пен гигиена талаптарына сай еңбек жағдайлары құқығына, еңбегi үшiн қандай да бiр кемсiтусiз сыйақы алу, сон­дай-ақ әлеуметтiк қорғалу құқығына заңға сәйкес кепілдік береді».

Үшіншіден, «Заңда белгіленген тәсiл­дерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы танылады». Төртіншіден, еңбекшілдердің демалысы Конституция жүзінде кепілден­діріледі: «Тынығу, жұмыс уақытының ұзақ­тығы, демалыс және мереке күндерi, ақы төленетін демалыс құқығына заңмен кепiлдiк беріледi».

Құжаттың 30-бабында «Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi», – деп бекітілген. Яғни, еңбекке қабілеттілік ата-анасын күтіп-бағудың шартына айналады. Бұл – мүгедектігі бар жандарға артық салмақ салмай, аяқ-қолы балғадай ересек перзенттердің масылдығына тосқауыл қоятын әділетті қадам. Еңбекке қабілеттілік – тек жеке табыс табудың құралы емес, ұрпақтық жауапкершіліктің де ұстыны. Сөйтіп, Конституция отбасы мен еңбекті өзара сабақтастыра қарастырады. Ата Заң еңбек қатынастарын құқықтық шеңберде ғана емес, адамгершілік және өркениеттік кеңістікте пайымдайды.

Адами капитал – стратегиялық бағдар

Үкіметте еңбек саласына вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жетекшілік етеді. «Мемлекеттік саясаттағы тәсілдерде іргелі өзгеріс байқа­лады. Алғаш рет Конституция деңгейінде адами капиталды дамыту стратегиялық бағыт ретінде бекітілді. Мемлекеттің басты ресурсы ретінде адам, оның біліктілігі мен еңбек ету қабілеті танылады. Осыған байланысты сапалы жұмыс орындарын құру мәселелері ұлттық стратегия дәрежесіне өтеді», – деді ол.

Бұл тұжырым – экономиканы тек шикізат немесе инфрақұрылым арқылы емес, адам арқылы дамыту идеясын бекітеді. Шын мәнінде, адами капитал – ХХІ ғасырдағы бәсекенің басты өлшемі. Сапалы жұмыс орны жай статистикалық бірлік емес, ұлт болашағының индикаторы.

Оның пайымдауынша, Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөліп отыр. Азаматтардың жағдайы мен елдің тұрақты дамуы жаңа Конституция жобасының негізгі өзегіне айналды. Өйткені халықты жұмыспен қамту Ата Заңның жаңа жобасының тағы бір құндылығы – халықтың әл-ауқатын арттыруға қызмет етеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы елде 2,9 млн сапалы жұмыс орны сақ­талды. 2026 жылы мемлекет өңірлік жұ­мыспен қамту карталары аясында жарты миллионнан астам адамды жұмысқа орналастыруға тиіс.

Мемлекет басшысы жариялаған «Цифр­ландыру және ЖИ жылы» аясында ми­нистр­лік алдында әлеуметтік-еңбек саласын технологиялық тұрғыда жаңғыртудың ауқымды міндеті тұр. Еңбек және халықты әлеум­еттік қорғау министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, министрліктің басты стратегиялық басымдығы – халықты өнімді жұмыспен қамту және азаматтардың эко­номикалық белсенділігін ынталандыру болып отыр. 

– Біз күш-жігерімізді нақты жұмысқа орналастыруға, тұрақты жұмыс орындарын құруға және азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға жұмсаймыз. Был­тырғы жылдан бастап жұмысқа орналасу мониторингі тек міндетті зейнетақы жар­на­лары туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. Бұл бізге формалды есепке алуды толығымен жойып, нақты жұмыспен қамтылуды объективті бағалауға көшуге мүмкіндік берді, – деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Бұл бағыттағы жұмыс Еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатыр. Құжаттың негізгі макроиндикаторы – 2029 жылға қарай сапалы жұмыс орын­дарының санын 3,8 миллионға жеткізу. 2025 жылы экономикада осындай 2,9 млн жұмыс орны қамтамасыз етіліпті. Сапа өлшемшарттары айқын: өңір бойынша медиандық жалақыдан төмен емес еңбекақы төлеу, кемінде 6 ай тұрақты жұмыспен қамту, өндірістік жарақаттанудың төмен деңгейін сақтау, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аудару. Саннан сапаға көшу – экономикалық сауығудың белгісі. Тек қағаз жүзіндегі емес, зейнетақы жарна­сымен расталған жұмыс қана азаматтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді.

Жаңа тетік – «100 жұмыс орны»

2026 жылы өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында NEET санатындағы жастарды қоса есептегенде 547,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Оның ішінде 280 мыңы – жұмыс беру­шілердің бос жұмыс орындарына, 116,1 мыңы – «100 жұмыс орны» бағдарламасы бойынша жіберіледі. 112,1 мың азамат жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылады, тағы 39,5 мыңы ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналасады.

Жұмыс берушілердің көзбояушылығын болдырмау үшін 2026 жылғы 1 сәуірден бастап субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға меншік нысанына қарай сараланған тәсілдер қолданылады. Сондай-ақ мемлекеттік бизнес-гранттарды беруді мониторингтеудің 2 деңгейлі цифрлық жүйесі енгізілу үстінде: І деңгейде қара­жаттың нысаналы пайдаланылуы қадаға­ланса, ІІ деңгейде жобалардың ұзақмерзімді тұрақтылығы мен жұмыспен қамту деңгейі бағаланады. Бұдан бөлек, биыл мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квоталарын белгілеу үдерісі толық авто­маттандырылмақ.

ЖИ: жаңа дәуірдің еңбек моделі

Ендігі мақсат – болары болған жұмыс­сыздықты тіркеуден оны ерте анықтауға және алдын алуға көшу. «Азаматтың цифр­лық профилі» қалыптастырылып, ЖИ-профильдеу моделі енгізіледі. Бұл – еңбек нарығын реактивті басқарудан проактивті басқаруға көшіру. Демек, цифрландыру есеп емес, болжау мен алдын алу үшін қажет.

Кадрларды даярлауға ерекше назар аударылады: 2026 жылы слесарь, электр мамандары, газбен кесушілер және басқа сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша 10 мыңнан астам кәсіп иесін даярлау жоспарланған. Skills.enbek плат­формасы арқылы 100 мыңға жуық адам оқы­тумен қамтылады. 500 мың шәкірт Enbek.kz сайтында жұмыс іздеу дағдыларына үйретіледі. 100 мың оқушы Mansap.enbek платформасында кәсіптік бағдарлау бойынша диагностикаланады. 

– Осы жылы технологиялық трансфор­мацияның маңызды қадамы – ізденушілерге дербес бағдар-маршруттарды проактивті түрде таңдауға мүмкіндік беретін «ЖИ негізіндегі Цифрлық жұмыспен қамту қыз­метін» толық ауқымды іске қосу болмақ. Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы бірыңғай цифрлық алаң: онда қазірдің өзінде 900 мыңнан астам жұмыс беруші және 3,3 миллионнан аса жұмыс іздеуші тіркелген, – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Ерасыл Жұманбаев.

2025 жылғы статистика көрсеткендей, азаматтар онлайн режимге белсенді түрде ауысып жатыр: проактивті және электрондық форматтарда 1 млн 37 мың жұмыс іздеуші (жалпы санның 91%), 891 мың жұмыссыз (97%) тіркелді. Жұмысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтік төлем 158 мың адамға тағайындалды. 

– Министрлік 2026 жылы жұмыс­сыз­дықты тіркеуден оны ерте анықтауға және алдын алуға көшеді. Басты назар түлектерді, босатылатын жұмыскерлерді және зейнетақы жарналары тоқтатылған адамдарды мони­торингтеуге аударылады. Деректер базасын біріктіру негізінде «Азаматтың цифрлық профилі» қалыптасады. Оның базасында ЖИ-профильдеу моделі енгізіледі: әр адам­ға дербес бағдарды, бос жұмыс орын­дарын, қайта оқытуды, субсидияланатын орындарды жасанды интеллект жеке таң­дайтын болады, – деді ведомство мамандары. 

Азаматтармен өзара іс-қимыл eGov Mobile қосымшасындағы атаулы push-хабарламалар арқылы проактивті форматқа ауыстырылды. Ашықтыққа кепілдік беретін жұмысқа орналасуды ұдайы цифрлық верификациялау жүйенің қорытынды элементі болмақ.

Қауіпсіз еңбек – құрыштай тәртіп

Мәселенің бір тармағы еңбек қатынас­тарын реттеу және өндірістік қауіпсіздікке қатысты. Бұған жаңа Конституция жоба­сында мән берілгені айтылды. 2025 жылы 505 мың ұйымды қамтыған мони­торинг тексерісінің жүйелі цифрлық моделі құрыл­ды. Тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану әлеуметтік шиеленіс қаупі жоғары кәсіпорын санын 11,8%-ға, 1 715-тен 1 513-ке дейін төмендетуге мүмкіндік беріпті. 

Еңбекті қорғау саласында жүйелі про­филактикалық шаралар өндірістік жара­қаттану деңгейін 4,5%-ға (1 406-дан 1 345 адамға дейін) және өлім-жітімді 6,9%-ға (202-ден 188 адамға дейін) төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл сандар – құрғақ ста­тистика емес, мыңдаған адамның тағдыры. Әр пайыз – сақталған өмір, қорғалған құқық. Заңды тұлғалардың жұмыскерлерін жазатайым оқиғалардан сақтандырумен қамтуы 67%-ға жетті. 2026 жылы өндірістік нысандарды аттестаттаудан кәсіптік тәуе­келді бағалау жүйесіне көшуді аяқтау жос­пар­ланған: 660 кәсіпорын қамтылмақ. Жұмысшының қауіпсіздігі – өндірістің басты өлшемі. Адам өмірі көрсеткіштерден жоғары тұруға тиіс.

Қорыта айтқанда, қолға алынған про­активті жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жүйе­сі адами капиталды дамыту және еңбек қатынастары саласындағы бақылаумен ұштасып, азаматтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға, экономиканы нығайтуға және елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қам­тамасыз етуге берік негіз болуға тиіс. 

Еңбек – қазақ дүниетанымында ежелден қасиетті ұғым. Енді сол құндылық конс­титуциялық мәртебеге ие болуы мүмкін. Бұл – тарихи сабақтастықтың құқықтық жалғасы. Еңбек шын мәнінде ұлттық стратегияның темірқазығына айналса, онда экономикалық қуат та, әлеуметтік тұрақтылық та, қоғамдық келісім де берік болмақ.

Айхан ШӘРІП

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 07:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада қажылыққа апарамын деп 17 адамды алдаған ер адам сотталды

18 Сәуір 2026 12:40see113

Оралда қылмыс жасаған екі армениялық азамат бір жылдан кейін Ереванда ұсталды

18 Сәуір 2026 15:18see113

Алтын Орда дәуірінің орталығы мұражайға айналмақ

18 Сәуір 2026 20:38see112

Орта державалар жаһандық тұрақтылықтың тірегіне айналады ADF 2026 аясындағы сарапшылар пікірі

19 Сәуір 2026 17:03see111

Алматыдағы марафонда рекорд тіркелді

19 Сәуір 2026 18:11see111

Иран әуе кеңістігін ішінара ашты

18 Сәуір 2026 15:46see110

Қайтыс болған адамдарға қызмет көрсеткен : Павлодарда медицина саласында заңбұзушылық анықталды

20 Сәуір 2026 10:24see110

Титаник жолаушысына тиесілі құтқару жилеті 906 мың долларға сатылды

19 Сәуір 2026 05:50see109

Астанада қай көшелер жабық тұр?

19 Сәуір 2026 14:25see109

Иран АҚШ ты бітімді бұзды деп айыптап, американдық кемелерге соққы берді

20 Сәуір 2026 08:15see108

Гуанчжоу жәрмеңкесіндегі шетелдік сатып алушылар саны рекордтық деңгейге жетті

20 Сәуір 2026 06:54see108

Демалыс маусымы: Қазақстанда Алакөлге қосымша пойыздар іске қосылады

20 Сәуір 2026 10:42see107

Танымал брендтің балалар тағамынан егеуқұйрық уы табылды

19 Сәуір 2026 17:29see106

Щучинсктегі трагедия қаза болғандар саны 12 ге жетті

19 Сәуір 2026 11:41see106

Үндістанда фейерверк фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 Сәуір 2026 04:29see105

Жетісу облысында 256 фермерге 8,2 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген

19 Сәуір 2026 01:26see105

Папа тирандар туралы сөзінің Трампқа арналмағанын мәлімдеді

19 Сәуір 2026 03:42see104

Алматы Өскемен тасжолында болған жол апатынан 11 адам зардап шекті

19 Сәуір 2026 20:31see104

Хезболла Ливанда француз бітімгерінің өліміне қатысы барын жоққа шығарды

19 Сәуір 2026 02:49see104

Қытай 2026 жылы ауқымды ғарыштық бағдарламаны жүзеге асырады CNSA

18 Сәуір 2026 22:15see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары