Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Заң үстемдігі қоғам тұтастығының кепілі

Заң үстемдігі қоғам тұтастығының кепілі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

– Құрметті форумға қатысу­шылар! Ең алдымен, баршаңызды алқалы жиынның ашылуымен құт­­тық­таймын! Қадірлі мейман­дарға осы форумға арнайы кел­гендері үшін алғыс айтамын. Сіз­дерді Астана төрінде көргеніме ри­замын. Жаңа ғана форум тақы­рыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты мін­детті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша.

Мемлекет пен қоғам тұтас­тығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің бірі. Еліміз тұрақты дамуы үшін халық пен билік арасында өзара сенім және келісім болуы керек. Бұл – мызғымас қағида. Бірақ мұндай келісім өздігінен пайда болмайтыны анық. Қоғамдық келісім, бұл – көпқырлы табанды жұмыстың нәтижесі. Сондықтан мен Президент ретінде осы өте өзекті мә­се­леге баса мән беремін.

Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жү­зеге асыра бастадық. Ашық диалог жүргізу, азаматтардың мұң-мұқ­тажын ескеріп, арыз-шағымына дер кезінде жауап беру елдегі түбе­гейлі өзгерістердің өзегі саналады. Осы маңызды жұмысқа биліктің әр деңгейдегі өкілдері, со­ның ішінде министрлер, әкім­дер, депутаттар белсенді түрде қа­ты­суы керек. Бұл – мемлекеттік қызмет­шілердің конституциялық міндеті, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, кейінгі жылдары мем­лекетіміз аса ауқымды құқықтық және қоғамдық жаңғыру жолына түсті. Елімізде жаңа саяси мәде­ниет қалыптаса бастады. 

– Біз өркениетті ел ретінде Заң мен тәртіп қағидатын ұлттық болмысымыздың ажырамас бө­лі­гіне айналдыруымыз керек. Барша азаматтарға, әсіресе жас­тарға заңды құрметтеу, заңға ба­ғы­ну қажет екенін қарапайым тілмен жан-жақты түсіндірген жөн. Заңды қадірлеу, тәртіпті қолдау, бұл – әр адамның жар­қын өміріне жол ашатын маңыз­ды шарт.

Жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституция­мызда осы негізгі қағидат туралы анық жазылды. Қазақстанның Бас құжаты – барша азаматқа тең мүмкіндік беретін әділетті қоғам­ның мызғымас тұғыры. Адам және оның өмірі – еліміздің Ата заңына арқау болған басты құндылық, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Халық қалауынан туған құндылық

Президент Конституцияда аза­маттардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң үс­тем­дігін қамтамасыз ету, халық­тың тұрмыс сапасын жақсарту мемлекеттің басты міндеттері ретінде айқындалғанын жеткізді. Түптеп келгенде, жаңа тұрпатты ел болу жолындағы әрбір реформа, ең алдымен, халықтың қа­лауы­мен, жұртшылықтың тіке­лей қолдауымен жасалады. 

– Әрине, мұның барлығы бір сәтте жүзеге аспайтыны белгілі. Өздеріңізге мәлім, мен 2019 жылы әкімшілік әділеттің жаңа үлгісін қабылдау қажеттігі жө­нін­де айттым. Бұл азаматтарымызды және кәсіпкерлерді билік өкілдерінің заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін жасалған аса маңыз­ды қадам болды. Ал 2021 жылы елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді.

Мемлекет пен қоғам арасын­дағы байланысқа тың серпін берген «е-Өтініш» онлайн плат­ф­ор­масы іске қосылды, яғни аза­маттардың өтініштерін мейлінше ашық әрі тиімді қарап, жедел шешім қабылдау тәсілі қалыптасты. Бұдан бөлек, бұл жүйе бюрократиялық кедергі­лерді азайтуға және жұртшылық­тың ой-пікірін ескеруге мол мүм­кіндік берді. Осылайша, ха­лық пен билік өкілдерінің қа­рым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды. Кейінгі бес жыл ішінде мемлекеттік орган­дарға шамамен 16 миллион өті­ніш­тің келіп түсуі – соның ай­қын көрінісі, – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ еліміздегі сот тәжірибесі үшін де бетбұрыс кезеңі басталғанын атап өтті. 

– Ашығын айтуымыз керек, бұған дейін азаматтар үшін мем­ле­кеттік органдардың шешім­деріне және әрекеттеріне шағым­дану, яғни өз құқығын қорғау оңай болмайтын. Әкімшілік әділет жүйесі іске қосылған соң жағдай түбегейлі өзгерді. Ең бас­тысы, күмән тудыратын мәселе­лердің бәрі әділетті түрде адал азаматтардың пайдасына шеші­летін болды. Ал соттар дәлелдеме жинау жұмысына ерекше мән бере бастады. Бұл – мемлекеттік органдар өздерінің шешімдерін және әрекеттерін заң жүзінде дәлелдеуге міндетті деген сөз. Ста­тистикаға қарайтын болсақ, кейінгі жылдары сот шешім­дерінің жартысынан көбі азаматтар мен бизнестің мүддесіне сай шығарылған. Бұл да әкімшілік әділет жүйесінің нақты нәтижесі екені сөзсіз. Осылайша, қоғамы­мыз «судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды» деген қасаң пікірден арыла бастады.

Әкімшілік істер бойынша сот тәжірибесі мемлекеттік аппарат жұмысының сапасын айқын­дайтын сынақ болды. Оның нә­ти­жесі сотқа деген сенімнің арта түскенін көрсетті. Әкімшілік әді­лет рөлі нығайып келеді. Кей­бір азаматтар соттардың шеші­міне наразылықтарын білдіріп, өз үміттері ақталмағандарын алға тартады. Бұл бұған дейін де бол­ған, қазір де кездеседі. Мұндай шағымдардың көбі өкпе-ренішке немесе біржақты пікірге құры­лады. Бірақ қандай жағдай болса да мұндай пікірлерді тексеріп, әділ шешім қабылдау керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституцияда әкімшілік сот төрелігін сот ісін жүргізудің дербес нысаны ретін­де бекітудің маңызы зор. Күн тәртібінде сотқа шағымданудың қасаң моделін сот ісін жүргізу тәуекелдерін стратегиялық бас­қаруға ауыстыру қарастырылып отыр. Үкімет қазірдің өзінде тиісті ережелерді әзірлеген. 

– Енді орталық және жергі­лікті деңгейде әкімшілік актілер мен рәсімдердің бірізділігін қамтамасыз ету қажет. Бұрын келіп түскен шағымдар мен өті­ніш­терде қаралған мәселелер қайтадан соттағы дау-дамай нысанасы болмауы керек. Әкім­шілік тәжірибенің жүйелілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Жария құқықтық сипат­тағы дау-дамайды әкімшілік сот төрелігі деңгейіне беру бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Былтыр бұл қосымша құқықтық-нормативтік актілердің заңды­лығын қарайтын істерді қамты­ды. Бұған дейін мұндай дау-дамайға қатысты шешім азамат­тық іс жүргізу нормаларына сәйкес қабылданып келген.

Осының бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағи­даты­ның нақты іс жүзіндегі кө­рінісі екені күмәнсіз. Еліміз сот жүйесі және құқық қорғау сала­сындағы түбегейлі реформалармен қатар ауқымды эко­номика­лық өзгерістерді жүзеге асыруда. Мұның мемлекетіміз үшін маңы­зы айрықша, – деді Мемлекет басшысы.

Келісім – келелі жол

Президенттің сөзінше, іскер­лік белсенділікті арттыру мақса­тында, соның ішінде инвес­тиция­лық дауларды шешу үшін қолайлы құқықтық инсти­туционалдық орта қалыптасуда. Соның арқасында қазір сот шешімдерінің 80 пайызына жуы­ғы инвесторлардың пайдасына шығарылып жатыр. 

– Мен отандық және шетел­дік инвесторлармен кездесулер кезінде үнемі мына мәселеге айрықша назар аударамын: билік және бизнес өкілдері өзара сындарлы байланыс орнатуы керек, олар өзекті түйткілдерді ашық тал­қылап, шешу жолдарын бір­лесе отырып іздеуі қажет.

Билікте отырған лауазымды тұлғаларға тапсырмам: әр даулы жағдайда мәмілеге келетін жолды іздеу керек, бірақ бұл жол заңнама жүйесіне нұқсан келтір­меуі қажет. Басқа сөзбен айтқан­да, әр келісімнің заңдық шектеуі болуға тиіс. Атап айту керек, кассациялық соттарды құру бас­тамасы дәл осындай жиынның бірінде көтерілген болатын, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы тұста инвестиция тартудың тағы бір маңызды факторы барын айтты. 

– Астана халықаралық қаржы орталығында Сот пен Арбитраж орталығы ағылшын құқығы қа­ғи­даттарына сай жұмыс істейді. Елімізде Үкімет жанынан Инвес­тициялық штаб құрылған. Атал­ған штаб соңғы уақытта инвес­тициялық жобаларға қатысты түйткілді мәселелерді жедел шешу арқылы өзінің тиімділігін көрсетті.

Сонымен қатар Президент Жарлығымен Бас Прокуратурада Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Біз іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға барынша мүдделі мемлекет ретінде осы саладағы жұмысты айрықша назарда ұстаймыз. Қазір Қазақстан шетел инвестициясын тарту көр­сеткіші бойынша біздің аймақта көш бастап тұр.

Бірақ босаңсуға болмайды. Табанды жұмыс істеп, бұдан да биік белестерге ұмтылуымыз ке­рек. Бұған еліміздің әлеуеті то­лық жетеді. Атап айтқанда, жаңа Конституцияға мемлекетіміздің инвестициялық қуатын күшей­туге арналған нақты нормалар қосылды. Соның ішінде қаржы саласына және «қарқынды дамитын қалаларға» арнаулы құқық­тық режим енгізу туралы шешім қабылданды, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев жа­қын­да «Алатау қаласының арнау­лы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңға қол қой­ға­нын еске салды. Бұл маңыз­ды құжатта «ақылды қала­ға» тән дербес экожүйе қалыптас­тыру­дың құқықтық негізі бе­кітілді. 

– Арнайы құқықтық режим мемлекеттік басқару мүмкіндік­терін кеңейтуді, соның ішінде сот жүйесінің ерекше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алдың­ғы қатарлы реттеу құралдары үздік әлемдік тәжірибені ен­гізуге, озық инновациялық ше­шім­дерді сынақтан өткізуге және осы бірегей жобаны жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасауға мүмкіндік береді. Біздің басты мақсатымыз – Алатау қаласын болашақтың цифрлық агломерациясына, жаңа технологияларды тарту орталығына айналдыру. Мемлекет бизнес өкілдерімен ашық, өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын.

Біз Заң мен тәртіпке бағы­натын, баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру үшін ауқымды жұмыс ат­қарып жатырмыз. Сондықтан сот жүйесінің тәуелсіздігін қам­тамасыз етуге баса мән беріп отыр­мыз.

Бірінші шілдеде еліміздің жаңа Конституциясы күшіне ене­ді. Осылайша, Қазақстан өз дамуының шешуші кезеңіне қадам басады. Мен бүгін бес кон­с­ти­­туциялық заңға қол қой­дым. Бұл – жаңа Консти­туцияға сәй­кес мемлекеттік басқару жүйесі «Күшті Президент – ық­палды Құрылтай – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы негі­зінде түбе­гейлі жаңғырады деген сөз. Осы құқықтық реформалар елімізде жасалып жатқан әлеу­меттік-экономикалық өзгеріс­терге де тың серпін бермек, – деді Мемлекет басшысы.

Сөз соңында Президент Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті әзірлеуге және оның нормаларын жүзеге асыруға ат салысқан барша азаматқа шынайы ризашылығын білдірді. 

– Бүгінгі басқосуда әкімшілік әділет институтын нығайтуға қатысты маңызды ойлар мен ұтымды ұсыныстар айтылады деп сенемін. Сондай-ақ мен бүгін Қазақстанның әлеуметтік-эко­номикалық дамуына және еліміз­дің заңнамасын жетілдіруге елеулі үлес қосқан бір топ аза­матқа мем­лекеттік награда беру туралы ше­шім қабылдадым. Бар­шаңызға құтты болсын деймін, – деп түйін­деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқосудың соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның әлеу­меттік-экономикалық дамуына және еліміздің заңнама­сын жетілдіруге елеулі үлес қос­қан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. 

М.ТӨЛЕУ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Маусым 2026 19:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see157

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see145

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see143

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see142

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see141

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see141

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see139

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see135

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see132

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see129

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see125

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see125

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see119

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see117

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see117

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see116

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see116

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары