Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Академиялық адалдық жауапкершіліктен басталады

Академиялық адалдық жауапкершіліктен басталады

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында біліммен қатар тәрбиеге айрықша назар аудару керектігін айтқан еді. Өйткені «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Бұл ұғым «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізіне айналды. Онда қараша айының құндылығы ретінде «Әділдік және жауапкершілік» қағидаты белгіленген. Аталған қасиеттер тек мінез өлшемі емес, сонымен қатар білімнің сапасын анықтайтын басты шарт. Өйткені шынайы білім әуелі адал азаматқа қонады.

Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «EQ»

Осы күні оқушылардың әлеу­меттік желі мен жасанды интел­лектіге жүгінуі әдетке айналып барады. Бір жағынан, мұны жаңа заманның көрінісі деп ақтауымызға да болады. Өйт­кені білім беру үдерісі цифр­лық кеңістікке көшті, ал іздену­шілердің көбі ақпаратты жылдам табуға, тапсырманы тез орындауға дағдыланды. Дегенмен осы үрдіс білімнің шынайы құндылығын әлсіретіп, академиялық адалдық қағидатына нұқсан келтіріп отыр.

Мысалы, үй тапсырмасын орындау барысында немесе эссе жазу кезінде көптеген оқушы дайын жауапты интернеттен көшіріп алады. Ал кейбірі «ChatGPT» секілді жасанды интеллект құралдарын пайдалануды қалыпты көреді. «Соның салдарынан, балалардың ізденуі, сыни ойлау дағдысы төмендеп кетпей ме?» деген заңды сұрақ туындайды. Өйткені қай заманда да білімді жаттау емес, түсіну арқылы игеру маңызды.

АҚШ-тың Массачусетс техно­логия институтында өткізіл­ген тағы­лымды тәжірибе де сө­зімізді дәйектей түседі. Ғалым­дар тәжірибеге келіскен 18-39 жас аралығындағы 54 адамды үш топқа бөліп, эссе жазуды тапсырған екен. Бірінші топта­ғыларға «ChatGPT»-ді қолдану рұқсат етілсе, екінші топ «Google»-дан көмек сұрай алады, ал үшінші топтағыларға еш­қан­дай құрал берілмеген. Арнайы құ­рылғы бұл үш бөлек топтағы қатысушылардың миындағы өзгеріс­терді жіті бақылауға алады. Содан не керек, «ChatGPT» -дің қызметіне жүгінген қатысу­шы­лардың ми бөлі­гін­дегі қозға­лыстардың сылбыр, баяу жүріп жатқаны аңдалады. Бір­неше айдан соң «ChatGPT»-ді қол­дан­ған қатысушылардың әр жаңа эссе сайын мейлінше еріншектеніп, жалқау тарта бастағаны да анық­тала­ды. Ақырында, мүлдем ойлану­дан қалып, тұтас мәтін­дерді қаз-қал­пында көшіріп отырғаны да мағлұм болады. 

Судағы балыққа «су ішпе» деп айта алмайтынымыз секілді, технология дәуірінде дүниеге келген балаларға «жасанды интеллектіні қолданба» деп кесіп айта алмайтынымыз тағы да анық. Сол себепті оқушылар мен студенттерге тапсырманы басқаша берген дұрыс. Бұл пікірімізді сарапшылар да қостайды. 

«Қазір кез келген мамандық иесіне жасанды интеллект дағды­лары қажет. Өйткені бұл технологиялар күн сайын барлық саланы қамтып келеді. Сондықтан әлемнің жетекші білім ошақтары білім алушыларға тек білім берумен шектелмей, үш негізгі қабілетті дарытуға күш салып жатыр. Бұлар – адамдармен қарым-қатынас жасай білу, қоршаған ортаға қамқорлық және диджитал дағдылар. Осы үш бағыт зама­науи маманның бәсекеге қабі­лет­тілігін арттырады. Жасан­ды интеллект мамандықтар ара­сындағы шекараны бұзып, әр саланың өзегіне айналды. Алайда цифрланудың қарқынды дамуы бір маңызды мәселені туындатты. Нақтырақ айтсақ, білім алушылардың көпшілігі тапсырмаларды «ChatGPT» сияқты жүйелердің көмегімен жеңіл орындайды. Мұндай тәсіл ізденіс пен ойлау қабілетін дамытпайды, керісінше оқу үдерісін формальды күйге түсіреді. Сондықтан білім беру жүйесіне жаңа тәсіл қажет. Жасанды интеллектіні қолданба дегеннен гөрі, үй тапсырмасын жасанды интеллектіні көмекші құрал ретінде пайдалана отырып орындатқан абзал. Яғни білім алушы дайын жауапты көшіріп алуды емес, керісінше ЖИ-мен бірлесе отырып, нақты мәселені шешуді үйренуі керек. Мысалы, студент тақырып бойынша деректер жинап, ЖИ ұсынған мәліметті талдап, өз қорытындысын жасауға тиіс. Бұл тәсіл жасанды интеллектіні жауап көзі емес, жұмыс құралы ретінде қолдануға баулиды», дейді IUTH университетінің аға оқытушысы, PhD Нұржан Әбдіразақов.

Академиялық адалдық – тек плагиаттан бас тарту емес, ол ең алдымен адал еңбек, өз еңбегіңе жауапкершілікпен қарау және әділ баға алу мәдениеті. Егер әр тапсырманы жасанды интеллектіге сеніп тапсыра берсек, онда адам ойлау дағдысын, бара-бара шешім қабылдау қабілетін әлсіретеді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлт­­тық білім академиясы бас­пасөз қызметінің мәліметінше, акаде­миялық адалдықты сақ­тау мақ­сатында негізгі қағида­лар бекітілген. Бұл құжат «Академиялық адалдық ережеле­рі» деп аталады. Мұнда жасанды интеллектіні қолдану кезіндегі негізгі қағидалар айқындалған, сондай-ақ академиялық адалдық бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмдері жазылған. Осы құжат негізінде мектептерге өздерінің ішкі ережелерін қабылдау және ЖИ бойынша этикалық кеңес құру ұсынылады.

Тәрбие жұмысы және қосым­ша білім беру департамен­тінің директоры Ерлан Қалмақовтың айтуынша, осыған дейін «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдар­ламасы 2023 жылы қанатқақты режімде басталып, 2024 жылы то­лықтай білім беру ұйымда­рына енгізілді. Қазіргі уақытта еліміздегі 11 мыңнан аса балабақ­ша, 8 мыңнан аса мектеп және 700-ден аса колледж Бағдарламаны іске асырып жатыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бағдарлама меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына таратылуда. Яғни жеке меншік мектептер де «Адал азамат» бағ­дарламасы бо­йынша тәр­бие жұмысын өткізеді. Бұл мектеп­тердің тәрбие жөніндегі мамандары мен педагогтері үшін арнайы курстар өткізілді. Мектеп кітапханаларының қоры көркем әдебиетпен толықтырылып, қазіргі таңда 141 млн данадан асты. Бірқатар мектептер күн сайын сабақ алдында міндетті түрде кітап оқуды дәстүрге айналдырды. Мектеп кітапханаларының жанынан 440 заманауи коворкинг-орталық ашылып, жұмыс істеп жатыр», дейді Е.Қалмақов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:129
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 09:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see117

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see114

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see112

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see110

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары