Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Академиялық адалдық жетістік кепілі

Академиялық адалдық жетістік кепілі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бүгін Астанадағы М.С.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінде «Білім беру жүйесінде академиялық адалдықты ілгерілету» атты республикалық форум басталады. Еліміздің жоғары білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланатын алқалы жиынға академиялық адалдық лигасының мүшесі ретінде Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің ғалымдары қатысып, өз тәжірибелерімен бөліседі. Лига құрамындағы іргелі оқу орны ҚарҰЗУ үшін адалдық қағидатын орнықтыру – стратегиялық маңызы бар қадам.

Биыл академик Е.А.Бөкетов атын­дағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті үшін тарихи оқиға болды. Мемлекет басшысының осы жылы 12 тамыздағы Жарлығымен оқу орнына «ұлттық» мәртебесі берілді. Бұған дейін Үкімет қаулысымен берілген «зерттеу университеті» мәртебесі ака­демия­лық автономиямызды кеңейт­се, ұлттық мәртебе – университет ұжымы­ның жетістігін мо­йындау ғана емес, ел алдындағы үлкен жауапкершілік жүгі.

Бұл серпіліс 2023 жылы универси­теттің академиялық адалдық лигасына кіру туралы қабылдаған іргелі шешімінсіз мүмкін болмас еді. Лига стандарттары ұлттық мәртебеге лайық мөлдір экожүйені құруға негіз болды. Қазіргі таңда біз академиялық адалдықты жай ғана «опция» емес, универ­ситет дамуының басты шарты деп түсінеміз.

Біз лига мүшелігіне не себепті өттік? Білім беру экономикасының белгілі зерттеушісі Стивен Хейнеман академиялық адалдықтың болмауы мем­лекетке тікелей экономикалық зиян келтіретінін дәлелдеген болатын. Егер университет әділетсіз баға алған, біліксіз маман шығарса, қоғам мен университет арасындағы әлеуметтік келісімшарт бұзылады.

Лигаға кіру – нарық пен халықаралық қауымдастыққа берілген белгі. Бұл – Бөкетов университетінің дипломы «көлеңкелі» келісімдермен емес, нақты біліммен қамтамасыз етілген деген сөз. Бұл қадам білім сапасын арттыруға және университеттің академиялық беделін халықаралық деңгейде танытуға жол ашты.

Ұлттық мәртебе сыбайлас жемқорлық­қа мүлдем төзбеушілік саясатын талап етеді. Университетте комплаенс-қызмет құрылып, академиялық адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сая­сат пен стандарт енгізілді. Біз мүдделер қақтығысын тексерудің қатаң рәсімдерін бекіттік. Алайда ең бастысы – сананы өзгерту. Студенттерге тек кәсіби білім берілмейді, елдің зияткерлік элитасын қалыптастыру көзделеді. Осы мақсатта бакалавриаттың оқу жұмыс жоспарына «Құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні, ал магистратураның жұмыс жоспарларына «Мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» пәні енгізілді. Университет тек мамандар даяр­лап қоймай, елдің құқықтық элитасын қалыптастырады.

Академиялық адалдық саясаты оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналды. Мақсат – студентті «ұстап алу» емес, оны ақпаратпен сапалы жұмыс істеуге, зияткерлік меншікті құрметтеуге үйрету.

Бағалау инфляциясын төмендету және ашықтықты қамтамасыз ету мақ­сатында стандартты операциялық рәсімдер цифрландырылды. Жасырын бағалау форматы енгізіле отырып, баға­лаудың объективтілігіне қол жеткізіл­ді.

Соңғы екі жылда компьютерлік тестілеудің үлесі азайтылып, ауызша, жазбаша және шығармашылық емтихандардың үлесі екі есеге, яғни 40%-ға дейін артты. Бұл студенттердің сыни ойлауы мен академиялық жазылым дағдыларын дамытады.

Заман ағымынан қалмай, жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын оқу үдерісіне енгізіп жатырмыз. Біздің ұстанымымыз – тыйым салу емес, жауап­кершілікпен қолдануға үйрету. Осы ретте ЖИ-ді қай кезде құрал ретінде пайдалануға болатынын, ал қай кезде оның плагиатқа теңестірілетінін айқындайтын арнайы регламент әзір­ленді.

Ғылым тазалығы – басты назарда. Диссертациядағы деректерді бұрмалау немесе плагиат ондаған жылдар бойы қалыптасқан беделге нұқсан келтіреді. Бакалаврдың курстық жұмысынан бастап, докторлық диссертацияға дейінгі барлық деңгейде академиялық адалдық стандарт енгізілді.

«Жыртқыш» басылымдарға ғылыми мақала жарияламау үшін ғылыми этика қатаңдатылды, нәтижесінде Q1 және Q2 санатындағы журналдардағы мақала саны мен дәйексөз алу көрсеткіші өсті. Әлемдік ғылым жоғары оқу орнын «мақала фабрикасы» емес, адал серіктес ретінде таниды.

Университетте шығатын 12 ғылыми журналдың төртеуі «Web of Science» және «Scopus» базаларында индекстеледі. Әсіресе «Математика» сериясының Q2 деңгейіне (53 процентиль) жетуі – отандық ғылымның зор жетістігі. Ал ребрендингтен өткен «Buketov Business Review» журналы қатаң сүзгі арқылы әр нөмірге тек сапалы 4–5 мақаланы ғана жариялап, ғылыми этиканы бірінші орынға қойып отыр.

Жоғары оқу орындарының QS жаһандық рейтингіндегі «Академиялық бедел» және «Жұмыс берушілер арасын­дағы бедел» көрсеткіштерінің өсуі стратегиямыздың дұрыстығын дәлел­­дейді. Мәселен, жұмыс берушілер ара­сындағы бедел көрсеткіші 11 балдан 36.7 балға дейін өсті.

Халықаралық аренадағы сенімнің артуы шетелдік студенттер санынан да байқалады. 2024–2025 жылдары шетелдік студенттер контингенті екі еседен астам ұлғайды. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, талапкерлердің басым бөлігі университетті оның жоғары бәсекеге қабілеттілігі мен академиялық адалдығы үшін таңдайды.

Ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, академия­лық адалдық пен кәсіби орта­дағы этиканың арасында тығыз байланыс бар. Демек егер студент университет қабырғасында көшіру, плагиат жасау, алдау сияқты академиялық адалдықтың негізгі қағидаттарын  бұзса, ертең жұмыс орнында да соны қайталайды. Миссия – тек кәсіби маман ғана емес, жоғары деңгейдегі азамат тәрбиелеу.

Университеттердің ұлы хартиясында айтылғандай: «Жоғары оқу орны – мәде­ниетті сыни түрде құратын және тара­татын автономиялық мекеме». Біз адал­дық мәдениетінсіз сапалы білім мен серпінді ғылымның болмайтынына сенеміз. Академиялық адалдық лигасының қағидаттары білім сапасын жаңа деңгейге көтереді.

Нұрлан ДУЛАТБЕКОВ,

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің

басқарма төрағасы-ректоры, ҰҒА академигі 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:126
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары