Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

Си Цзиньпин Трамппен кездесуінде Фукидид тұзағы туралы мәлімдеді

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Ішімдіксіз ауылдар ілгері басты

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

Қазанда халықаралық халал жәрмеңке ашылды

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Активтерді қайтару мен оларды басқарудың тәжірибелік ара-жігі қалай ажыратылады? Электрондық аукциондардың ашықтығын кім бақылайды? Қай мүлік түрі ең күрделі шешімді талап етеді? Бұл жұмыстардың нәтижелері жөнінде қоғам қаншалықты хабардар? Осы мәселелерге қатысты сұрақтарды Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры Қуанышбек МҰҚАШҚА қойған едік.

– Қуанышбек Жақсыбекұлы, мем­лекеттің қайтарылған актив­терге қа­тысты жұмысы қай кезең­нен бас­тап Қайтарылған актив­терді бас­қару компаниясы­ның қызметімен жал­ғасады? Жалпы, компанияның мін­деттері актив­тер­ді қайтару рәсім­дерінен несімен ерекшеленеді?

– Активтерді қайтару заңсыз алын­ған активтерді анықтау, олардың заң­сыз шығарылғанын дәлелдеу, тергеу жүргізу, сот процестерін өткізу мен активтерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдауды қамтитын кешенді құқық қорғау және құқық қол­дану үдерісінен тұрады. Бұл кезеңнің барлығын уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады. Соның ішінде Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару қызметі де бар. Бұл үдеріс актив­тердің мемлекет меншігіне заңды түрде өтуімен аяқталады. Ал қайтарылған активтерді басқару және оларды сату жұмысы тек қайтару рәсімі толық аяқталғаннан кейін басталады. Бұл кезең экономикалық және басқарушылық сипатқа ие. Яғни осы кезде активтердің мемлекет меншігі екені заңды түрде расталады.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы осы активтердің сақта­луын қамтамасыз етіп, оларды ашық әрі айқын түрде сатуды ұйымдас­тырады. Сондай-ақ сатудан түскен қаражаттың Арнайы мемлекеттік қорға аударылуын қамтамасыз етеді.

– Ал қайтарылған активтерді сату қаншалықты ашық жүргі­зіледі?

– Қайтарылған активтер тек Sauda.E-Qazyna мемлекеттік ашық платфор­масы арқылы сатылады. Саудаға қатыс­ты барлық ақпарат: аук­цион туралы мәліметтер, бағалар және жеңімпаздар көпшілікке ашық әрі қолжетімді. Бұл барлық қаты­сушыға тең мүмкіндік беріп, рәсім­дердің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Е-qazyna.kz веб-порталы – элек­трон­дық сауда өткізуге арналған ресми алаң. Портал мемлекеттік мүлік тізі­лімі мен сауда туралы ақпаратқа қол жет­кізудің бірыңғай платформасы ретінде бекітілген. Мұнда аукциондар тұрақты түрде өткізіліп келеді, қатысушылар тара­пынан қызығушылық та жоғары. Бүгінге дейін 831 электрондық сауда өткізілді, оның ішінде 122 лот сәтті сатылды.

Компания активтерді қолда­ныс­тағы Активтерді басқару қағида­ларына сәйкес жүзеге асырады. Электрондық аукциондар – актив­терді сатудың ұтымды тәсілі. Олар тек онлайн форматта e-qazyna.kz веб-порталында өткізіледі. Мұндай формат рәсімдердің ашықтығын сақтай­ды. Сондай-ақ барлық қатысу­шыға тең жағдай жасап, бәсекелестік ортаның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Аукцион механизмі активтер бағасының өсуіне де ықпал ететінін нақты тәжірибеде көріп отырмыз. Кей жағдайда сауда барысында активтердің құны айтарлықтай өседі.

Мысалы, Алматы қаласындағы «Бай­тақ» шағын ауданындағы жер телімі бас­тапқыда 176 млн теңгеге бағаланып, аукцион нәтижесінде 657 млн теңгеге сатылды, яғни бағасы шамамен төрт есеге өсті. Алматыдағы Байтұрсынов көшесі, 46 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттың бағасы 663 млн теңгеден 732 млн теңгеге дейін өсті. Ал Астана қаласындағы Қ.Мұхамедханов көшесін­дегі коммерциялық нысан 84,6 млн теңгеден 96,8 млн теңгеге дейін көтеріл­ді. Мұндай мысалдар бәсекелі аук­цион­­­дар­дың активтердің нарықтық құнын айтарлықтай арттыра алатынын көрсетеді.

Компания қызметіне қатысты  уәкі­летті мемлекеттік органдарға есеп беріп отырады. Сонымен қатар Пар­ламент депутаттары мен азаматтық қоғам өкілдері кіретін Қамқоршылық кеңестің қосымша бақылауында. Активтерді сатудан түскен қаражат тікелей Арнаулы мемлекеттік қорға аударылады. Осының барлығы қайтарылған активтерді мемлекет пен қоғам мүддесіне тиімді әрі ашық басқару тетігін қалыптастырады.

– Басқару және сату тұрғысынан қандай активтерді «ең күрделі» активтер дер едіңіз?

– Активтерді басқару мен сату­дың күрделілігі олардың түріне ғана емес, көбіне нақты объектімен бай­ла­­нысты құқықтық, қаржылық және бас­қарушылық факторлардың жиын­ты­ғы­на да байланысты. Компа­нияның қызметі ­барысында басқаруға 73 актив қабылданды. Олардың қатарында жыл­жымайтын мүлік нысандары, ком­паниялардағы үлестер, көлік құралдары, басқа да мүліктер бар. Сонымен қатар 196 зергерлік бұйым қабылданды. Қабылданған актив­тердің жалпы құны – 99,8 млрд теңге. Бұл активтер портфелінің көлемі мен әртүрлілігін айқын көрсетеді.

Әдетте бизнестегі үлестер ең күрделі активтердің қатарына жатады. Себебі олар компаниялардың операциялық қызметі, корпоративтік басқару жағ­дайы, қаржылық міндет­те­мелері және нарықтағы ахуалмен тікелей байланыс­ты. Мұндай активтермен тиімді жұмыс істеуге терең қаржылық және құқықтық талдау, сондай-ақ мемлекет мүддесі үшін олардың құнын сақтап, барынша тиімді сатуға бағытталған салмақты басқарушылық шешімдер қажет.

Жылжымайтын мүлік те кей жағдай­ларда күрделі активтер қата­рына кіреді. Әсіресе объектіге қатысты кедергілер, құрылыс аяқталмаған кезде немесе құ­қықтық мәртебесіне байланысты ерек­шеліктер болған жағдайда. Мұн­дай жағдайда мүліктің сақталуын қамта­масыз ету, құқықтық тұрғыдан дұрыс рәсімдеу, сатуға дұрыс дайындау маңызды.

Жер телімдері де жан-жақты бағалау­ды қажет етеді. Мұнда олар­дың мақсат­ты пайдаланылуы, қала құрылысы талаптары, инфрақұ­рылымның болуы және нарықтағы сұраныс ескеріледі. Кейбір өтімді объектілердің өзі сату­ға шығарылмас бұрын қосымша да­йындық жұмысын қажет етуі мүм­кін. Зергерлік бұйым­дар мен бағалы зат­тардың да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл жерде олардың түпнұсқалығын растау, кәсіби бағалау жүргізу, дұрыс сақтау шарттарын қамтамасыз ету, нарық жағдайына сәйкес сатудың оңтайлы тәсілін таңдау маңызды.

Жалпы алғанда, «өте оңай» немесе «өте күрделі» деп біржақты айтуға ­болатын активтер жоқ. Әрбір объект жеке кәсіби тәсілді қажет етеді. 2026 жылғы 17 наурыздағы жағдай бойын­ша зергерлік бұйымдарды қоса алғанда ­178 актив сатылды. Олардың жалпы құны – 51,7 млрд теңге (ҚҚС-сыз). Оның ішінде 50,5 млрд теңге Арнаулы мемлекеттік қорға аударылды.

– Қандай жағдайда активтер сатылмай, мемлекет меншігіне беріледі? Жалпы, бұл жұмыстың қоғамдық әсері қандай?

– Бұл көбіне стратегиялық, әлеу­меттік немесе инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарға қатысты. Яғни егер белгілі бір активті мемлекет өз мақсаты үшін пайдаланып, ол қоғамға көбірек пайда әкеледі деп есептелсе, онда ол сатылмай, мемлекет меншігіне беріледі. Заңда мұндай шешім қабылдаудың арнайы тетігі қарастырылған.

Бұл үдерісте мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің бастамасы маңызды рөл атқарады. Тәжірибеде жергілікті атқарушы органдар мен салалық мем­ле­кеттік құрылымдар белгілі бір активтерді қоғам­дық маңы­зы бар мақсатқа пайда­лану үшін мемлекетке беру туралы ұсы­ныс жасайды. Мұндай тетіктің қоғам­дық әсері – активтер тек сатылып кетпей, өңірлер мен салалардың маңызды мәселелерін шешуге пайдаланылуы мүмкін. Бұл мемлекеттік мүлікті тиімді қолдануға, нақты әлеуметтік пайда әкелуге мүмкіндік береді.

Осы тәсіл арқылы бүгінге дейін жалпы құны 29,1 млрд теңге болатын 32 актив мемлекет меншігіне берілді. Олардың ішінде: ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері, «Қарағанды Су» ЖШС-дегі үлес, «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын­дағы нысандар, Астана қаласындағы тұрғын үй, сондай-ақ Ұлттық музейге беріл­ген тари­хи-мәдени құндылықтар бар. Осы­лай­ша, қайтарылған активтерді бас­қару нә­тижесінде экономикалық тиім­ділікпен қатар нақты әлеуметтік нәтиже де қамтамасыз етіледі.

– Елімізден тыс жерде орналас­қан активтерді басқару, сату кезінде қан­дай кедергілер туындайды?

– Шетелдегі активтермен жұ­мыс істеу сол елдің заңнамасын қатаң сақтауды талап етеді. Оған юрис­дикциялық талаптар, валюталық рет­теу нормалары, меншік құқығын тіркеу рәсімдері кіреді. Мұндай жоба­ларда, әдетте, шетелдік кеңесшілер мен заңгерлік серіктестер тартылады. Барлық шешім белгіленген рәсімдер­ге сәйкес қабылданып, міндетті түр­де сыртқы заңгерлік бақылаумен, сондай-ақ барлық әрекетті құжаттық рәсімдеумен жүзеге асырылады.

Бүгінде БАӘ-да – 4, Түркияда 3 нысан сатылды. Сонымен қатар Франция­дағы 4 актив – компанияның балансына қабылдану кезеңінде. Компания активтерді сату кезінде экономикалық тұрғыдан тиімді модельдерді қолданады. Негізгі мақсат Арнаулы мемлекеттік қорды барынша толықтыру болса, бұл жұмыстағы басты басымдықтар – эко­номикалық тиімділікті қамтама­сыз ету, тәуекелдерді азайту, ак­тив­тердің ең жоғары нарықтық құнын қамтамасыз ету, барлық опера­цияның ашықтығы мен тексеруге қолжетімділігін сақтау.

Әңгімелескен –

Бану ӘДІЛЖАН,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Өндіріс • Бүгін, 15:38

«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Ата заң • Бүгін, 15:36

«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы • Бүгін, 15:30

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Экология • Бүгін, 15:22

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

Білім • Бүгін, 15:02

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 15:00

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Медицина • Бүгін, 14:48

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 14:39

Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті

Білім • Бүгін, 14:34

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Әлем • Бүгін, 14:20

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 14:02

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Елорда • Бүгін, 13:51

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

Ғылым • Бүгін, 13:42

Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен

Заң • Бүгін, 13:24

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

Технология • Бүгін, 13:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:45
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 16:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тиімді басқару мен көшбасшылықты дамыту: AMANAT партиясының оқу семинары Сыр елінде жалғасты

13 Мамыр 2026 22:27see112

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының ашылу салтанаты өтті

15 Мамыр 2026 00:41see111

Қырғызстанда кондиционерді аз қолдану үшін қызметкерлердің киім үлгісі өзгертілді

14 Мамыр 2026 13:48see111

Bloomberg: Қазақстан КҚК жүйесі арқылы мұнай жеткізуді азайтады

14 Мамыр 2026 11:18see111

30 минуттық қуат : BYD көліктерінің иелері неге дабыл қақты?

14 Мамыр 2026 11:18see111

Қасым Жомарт Тоқаев: Қожа Ахмет Ясауи күллі түркінің рухани темірқазығы

14 Мамыр 2026 15:29see110

Тоқаев Түркиямен тарихи құжатқа қол қою туралы айтты

14 Мамыр 2026 17:47see109

Си Цзиньпин Трамппен кездесуінде Фукидид тұзағы туралы мәлімдеді

14 Мамыр 2026 09:51see108

Бишімбаевтың туысына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

14 Мамыр 2026 12:48see108

Ішімдіксіз ауылдар ілгері басты

14 Мамыр 2026 06:39see107

Балалардың жазғы лагерьдегі қауіпсіздік талаптарын сақтамаса, оның иелері жауап беру керек Темір Қырықбаев

13 Мамыр 2026 22:27see107

Қазақстан ЖИ таралуы бойынша Орталық Азияда көшбасшы атанды рейтинг

15 Мамыр 2026 12:14see107

Еңбекке жарамсыздық кезінде жұмыстан шығару заңсыз: Депутат Еңбек кодексіндегі жаңашылдықтарды түсіндірді

14 Мамыр 2026 15:10see107

Балға алмақ болған: Степногорда ер адам 10 метр биіктіктен құлады

15 Мамыр 2026 14:09see106

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

15 Мамыр 2026 11:45see106

Қазанда халықаралық халал жәрмеңке ашылды

13 Мамыр 2026 21:37see106

Тоқаев пен Ердоған жаңа мектепті ашты

14 Мамыр 2026 13:57see106

Түркия Қазақстанның ең ірі 5 сауда серіктесінің қатарына енді

14 Мамыр 2026 14:42see106

Ұлыбритания Украинаға берілген техниканың орнына жаңа гаубицалар сатып алады

14 Мамыр 2026 22:28see105

Украинадағы бейбітшілік бойынша АҚШ қана араағайындық жасай алады Рубио

14 Мамыр 2026 13:09see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары