Индерде жол бойында велосипед тепкен бүлдіршіндер үйіне жеткізілді

02.04.2026

Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде Индер ауданында екі кішкентай бүлдіршіннің көлік жүретін жолдың үстінде велосипед теуіп жүрген видеосы тарады. 

Полиция хабарлағандай, 28 наурыз сағат 15:00 шамасында Уәлиханов көшесіндегі бейнебақылау камералары арқылы жолды емін-еркін игеріп жүрген екі жас велосипедші көзге түскен. 

Балалардың бұл серуені жазатайым оқиғамен аяқталмауы үшін, оқиға орнына жақын маңда жүрген полиция қызметкерлері жіберілді. Тәртіп сақшылары балалардың ата-анасын анықтап, велосипед тепкен бүлдіршіндерді үйлеріне аман-есен жеткізді. Олармен және ата-аналарымен қауіпсіздік ережелері бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Видеодан алынған кадр

Полиция қызметкерлері көлік жүретін жолдың маңындағы балалардың ойыны ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ересектерге тағы бір мәрте ескертті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 11:55

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью