Инклюзивті білім жүйесіне реформа қажет

29.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өскемен белсенділері инклюзивті білім беру жүйесіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Бұл туралы олар Парламент Сенатының депутаты Ольга Булав-кинамен кездесуде мәлімдеді. 

Коррекциялық орталықтарда сабақтың ұзақтығы небәрі 20 минут. Бұл уақыт балалардың тақырыпты меңгеруіне жеткіліксіз дейді. Сондықтан ата-аналар, ақылы түрде мұғалім жалдауға мәжбүр. Сенатор да бұл саладағы жүйені жетілдіру керек дейді. Депутаттың пікірінше, 18 жасқа толғаннан кейін, мүгедектігі бар азаматтардың білім алуы мен ем-домына бөлінетін төлемдер тоқтап қалмауы тиіс.

Ольга Булавкина, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Өкінішке қарай, 18-ге толғаннан кейін мемлекеттік органдар тарапынан мүгедектігі бар балалардың ата-анасына төленетін ақы тоқтап қалады. Бұл дұрыс емес, себебі жасы кәмелетке келгенмен шын мәнісінде олардың ақыл-ойы жетілмеген, ерекше күтімді қажет етеді. Осы мәселені қайта қарау керек деп санаймын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью