Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Instagram-дағы әдемі суретке сенім Алматы тұрғыны үшін денсаулығын сақтап қалу мақстатында ұзақ әрі ауыр күреске айналды. Косметикалық кемшіліктен арылғысы келген әйел әлеуметтік желіден тапқан маманға сеніп қалған. Қалаған нәтиженің орнына ол тіндер некрозы, бірнеше айлық ем мен өмір бойы қалатын тыртықтарға тап болған, деп хабарлайды TengriHealth.
Instagram-дағы әдемі суретке сенім Алматы тұрғыны үшін денсаулығын сақтап қалу мақстатында ұзақ әрі ауыр күреске айналды. Косметикалық кемшіліктен арылғысы келген әйел әлеуметтік желіден тапқан маманға сеніп қалған. Қалаған нәтиженің орнына ол тіндер некрозы, бірнеше айлық ем мен өмір бойы қалатын тыртықтарға тап болған, деп хабарлайды TengriHealth.
"Instagram-да бәрі керемет көрінді"35 жастағы алматылық Бану есімді төрт баланың анасы бірнеше жыл бойы сәтсіз пластикалық операция туралы көпшілікке айтпай келген. Алайда әлеуметтік желіде біліксіз пластикалық хирургтардың құрбандары туралы басқа оқиғаларды көргеннен кейін ол үнсіз қалмауға шешім қабылдаған. Әйел өз тәжірибесі әлеуметтік желідегі әдемі суреттерге қарап маман таңдаған адамдарға ескерту болады деп үміттенеді.
Әйелдің айтуынша, ол 12 жасынан бастап ауыр аутоиммунды ауру - жүйелі қызыл жегімен ауырған. Ұзақ уақыт бойы жоғары дозалы гормондық емнің салдарынан Банада Иценко - Кушинг синдромы дамыған. Бұл гормондық терапияның жанама әсерінен пайда болатын жағдай. Ол май тіндерінің қайта бөлінуімен, терінің жұқаруымен, созылу іздерінің пайда болуымен, бұлшықет әлсіздігімен және дене пропорциясының өзгеруімен сипатталады.
"Бүкіл денем салбырап кеткендей көрінді. Бұл мені қатты алаңдатты, әсіресе қолым. Сенімсіздік пайда болды. Дәрігерлердің өзі менің жағдайымда тек пластикалық операция көмектесетінін айтты. 2022 жылы мен липосакция жасауға бел будым", - дейді Бану.
Әйел мұндай операция жасай алатын маманды Instagram арқылы іздегенін мойындайды.
"Көбіне төменгі дене бөлігіне ғана липосакция жасайтын клиникалар кездесті. Мен тек бір парақшаны таптым, онда қолға да осындай процедура жасалатыны көрсетілген. “Дейін/кейін” суреттері, қанағаттанған клиенттердің пікірі көп болды. Бәрі өте керемет әрі кәсіби көрінді. Оның үстіне басқа клиникаларға қарағанда бағасы әлдеқайда арзан болды", - деп еске алады әйел.
Әлеуметтік желідегі суреттерге сеніп қалған Бану кеңес алуға барған. Оның айтуынша, қабылдау жалға алынған кабинетте өткен. Бұл оны аздап алаңдатқанымен, операциядан бас тартуға себеп болмаған.
Ұзақ күткен операция және өмір үшін күрес"Мені қарап, анализдерге жіберді. Операция күні келгенімде дәрігер кабинетті жауып тастағанын байқадым, өзі жан-жағына қарап, алаңдап жүрді. Бірақ сол сәтте де бұл мені процедурадан бас тартуға итермелемеді", - дейді ол.
Банудың айтуынша, операциядан кейін бәрі жақсы болған, нәтижесіне ол риза еді.
"Мені тек операция жасалған жерлер мен тыртықтардың қараюы алаңдатты, мен бұл жазылу процесі деп ойладым. Бірақ күн сайын араласқан жерлер қарайып бара жатты. Мен ауруханаға жүгірдім, сол кезде менде тіндер некрозы басталғанын білдім", - деп еске алады ол.
Фото: Бану ұсынған
Банудың айтуынша, кейін барған пластикалық хирургтар операцияның өрескел кемшіліктермен жасалғанын түсіндірген:
"Олар бұл аймақта липосакция жасауға мүлде болмайтынын, әдіс тым агрессивті болғанын, операция дұрыс жасалмағанын айтты", - дейді ол.
Келесі айлар денсаулықты сақтап қалу үшін күреске айналған.
"Зардап шеккен мен ғана емеспін""Екі ай бойы жара жазылмады. Көп антибиотик қабылдадым. Тері ауыстырып салуға тура келуі мүмкін деп қорықтық, қан инфекциясы таралуынан қауіптендік. Салдары өте ауыр болуы мүмкін еді, бірақ емхана дәрігерлерінің арқасында салдарымен күресуге мүмкіндік туды", - дейді ол.
Бану операция жасаған "маманның" жауапкершілігі туралы бірнеше ай ойламағанын айтады: бар назар өмірін сақтап қалуға бағытталған, бірақ жағдай тұрақталған соң ол әлеуметтік желіде сәтсіз пластика туралы айтып, дәрігердің парақшасын белгілеген.
"Маған оның басқа пациенттері жаза бастады, олар да оның қолынан зардап шеккен екен. Ол медбике болып шықты және кез келген операция жасауға құқығы болмаған", - дейді Бану.
Сол кезде Бану сотқа жүгінбеген. Тек төрт жылдан кейін осы оқиғаға қайта оралып, бейнеүндеу жазуға шешім қабылдаған.
Оның айтуынша, басты мақсат - әлеуметтік желідегі фотоларға қарап және арзан бағаға маман таңдаған адамдарды ескерту.
"Мұндай “мамандар” көбейіп кетті. Кейінгі уақытта интернетте сәтсіз операциялар туралы көп оқиға көріп жүрмін, сондай-ақ липосакциядан кейін адамдар қайтыс болған жағдайлар бар. Сондықтан мен өз оқиғамды айтып, адамдарды ескерткім келеді: интернеттегі суреттерге сенбеңіздер және арзан бағаның соңынан қумаңыздар", - деп ескертті ол.
Бүгінде Бануға сәтсіз операцияны өмір бойы қалатын үлкен тыртықтар еске салады.
Липосакция салдары. Фото Бану ұсынған
Соңғы липосакцияЕске салайық, кейінгі айларда Қазақстанда пластикалық операцияға байланысты бірнеше қайғылы жағдай тіркелген.
Мәселен, 2024 жылғы 11 маусымда Алматыда липосакция процедурасынан кейін жергілікті тұрғын қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, әйелді әлеуметтік желідегі жарнама қызықтырған. Жақындарының айтуынша, операцияға ол шамамен екі миллион теңге төлеген. Алайда отадан бірнеше сағат өткен соң пациент қайтыс болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі - жедел миокард инфарктісі. Марқұмның туыстары оның операцияға дейін денсаулығына шағымданбағанын айтып, полицияға арыз берген. Үш баласы анасынан айырылды.
15 мамырда Алматыда жеке клиникада липосакциядан кейін блогер Сауле Базархан қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, операциядан соң бірнеше сағат бойы жақындарына пациенттің жағдайы туралы ақпарат берілмеген, ал өлім туралы кейін хабарланған. Полиция департаменті әйелдің қазасы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ мамырда Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың қаза тапқаны белгілі болды. Ол иек тұсындағы артық майды кетіру үшін жеке клиникаға жүгінген.
Жеке медициналық орталықта пациент қайтыс болғаннан кейін ұйымға жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу