Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

Жылу желілері жаңарады

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

Кәсіптің кілті гаражда

“Instagram дағы жазбаларға сендім“: алматылық әйел сәтсіз липосакция салдарын көрсетті

“Instagram дағы жазбаларға сендім“: алматылық әйел сәтсіз липосакция салдарын көрсетті

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Instagram-дағы әдемі суретке сенім Алматы тұрғыны үшін денсаулығын сақтап қалу мақстатында ұзақ әрі ауыр күреске айналды. Косметикалық кемшіліктен арылғысы келген әйел әлеуметтік желіден тапқан маманға сеніп қалған. Қалаған нәтиженің орнына ол тіндер некрозы, бірнеше айлық ем мен өмір бойы қалатын тыртықтарға тап болған, деп хабарлайды TengriHealth.

"Instagram-да бәрі керемет көрінді"

35 жастағы алматылық Бану есімді төрт баланың анасы бірнеше жыл бойы сәтсіз пластикалық операция туралы көпшілікке айтпай келген. Алайда әлеуметтік желіде біліксіз пластикалық хирургтардың құрбандары туралы басқа оқиғаларды көргеннен кейін ол үнсіз қалмауға шешім қабылдаған. Әйел өз тәжірибесі әлеуметтік желідегі әдемі суреттерге қарап маман таңдаған адамдарға ескерту болады деп үміттенеді.

Әйелдің айтуынша, ол 12 жасынан бастап ауыр аутоиммунды ауру - жүйелі қызыл жегімен ауырған. Ұзақ уақыт бойы жоғары дозалы гормондық емнің салдарынан Банада Иценко - Кушинг синдромы дамыған. Бұл гормондық терапияның жанама әсерінен пайда болатын жағдай. Ол май тіндерінің қайта бөлінуімен, терінің жұқаруымен, созылу іздерінің пайда болуымен, бұлшықет әлсіздігімен және дене пропорциясының өзгеруімен сипатталады.

"Бүкіл денем салбырап кеткендей көрінді. Бұл мені қатты алаңдатты, әсіресе қолым. Сенімсіздік пайда болды. Дәрігерлердің өзі менің жағдайымда тек пластикалық операция көмектесетінін айтты. 2022 жылы мен липосакция жасауға бел будым", - дейді Бану.

Әйел мұндай операция жасай алатын маманды Instagram арқылы іздегенін мойындайды.

"Көбіне төменгі дене бөлігіне ғана липосакция жасайтын клиникалар кездесті. Мен тек бір парақшаны таптым, онда қолға да осындай процедура жасалатыны көрсетілген. “Дейін/кейін” суреттері, қанағаттанған клиенттердің пікірі көп болды. Бәрі өте керемет әрі кәсіби көрінді. Оның үстіне басқа клиникаларға қарағанда бағасы әлдеқайда арзан болды", - деп еске алады әйел.

Әлеуметтік желідегі суреттерге сеніп қалған Бану кеңес алуға барған. Оның айтуынша, қабылдау жалға алынған кабинетте өткен. Бұл оны аздап алаңдатқанымен, операциядан бас тартуға себеп болмаған.

"Мені қарап, анализдерге жіберді. Операция күні келгенімде дәрігер кабинетті жауып тастағанын байқадым, өзі жан-жағына қарап, алаңдап жүрді. Бірақ сол сәтте де бұл мені процедурадан бас тартуға итермелемеді", - дейді ол.

Ұзақ күткен операция және өмір үшін күрес

Банудың айтуынша, операциядан кейін бәрі жақсы болған, нәтижесіне ол риза еді.

"Мені тек операция жасалған жерлер мен тыртықтардың қараюы алаңдатты, мен бұл жазылу процесі деп ойладым. Бірақ күн сайын араласқан жерлер қарайып бара жатты. Мен ауруханаға жүгірдім, сол кезде менде тіндер некрозы басталғанын білдім", - деп еске алады ол.

Фото: Бану ұсынған

Банудың айтуынша, кейін барған пластикалық хирургтар операцияның өрескел кемшіліктермен жасалғанын түсіндірген:

"Олар бұл аймақта липосакция жасауға мүлде болмайтынын, әдіс тым агрессивті болғанын, операция дұрыс жасалмағанын айтты", - дейді ол.

Келесі айлар денсаулықты сақтап қалу үшін күреске айналған.

"Екі ай бойы жара жазылмады. Көп антибиотик қабылдадым. Тері ауыстырып салуға тура келуі мүмкін деп қорықтық, қан инфекциясы таралуынан қауіптендік. Салдары өте ауыр болуы мүмкін еді, бірақ емхана дәрігерлерінің арқасында салдарымен күресуге мүмкіндік туды", - дейді ол.

"Зардап шеккен мен ғана емеспін"

Бану операция жасаған "маманның" жауапкершілігі туралы бірнеше ай ойламағанын айтады: бар назар өмірін сақтап қалуға бағытталған, бірақ жағдай тұрақталған соң ол әлеуметтік желіде сәтсіз пластика туралы айтып, дәрігердің парақшасын белгілеген.

"Маған оның басқа пациенттері жаза бастады, олар да оның қолынан зардап шеккен екен. Ол медбике болып шықты және кез келген операция жасауға құқығы болмаған", - дейді Бану.

Сол кезде Бану сотқа жүгінбеген. Тек төрт жылдан кейін осы оқиғаға қайта оралып, бейнеүндеу жазуға шешім қабылдаған.

Оның айтуынша, басты мақсат - әлеуметтік желідегі фотоларға қарап және арзан бағаға маман таңдаған адамдарды ескерту.

"Мұндай “мамандар” көбейіп кетті. Кейінгі уақытта интернетте сәтсіз операциялар туралы көп оқиға көріп жүрмін, сондай-ақ липосакциядан кейін адамдар қайтыс болған жағдайлар бар. Сондықтан мен өз оқиғамды айтып, адамдарды ескерткім келеді: интернеттегі суреттерге сенбеңіздер және арзан бағаның соңынан қумаңыздар", - деп ескертті ол.

Бүгінде Бануға сәтсіз операцияны өмір бойы қалатын үлкен тыртықтар еске салады.

Липосакция салдары. Фото Бану ұсынған

Соңғы липосакция

Еске салайық, кейінгі айларда Қазақстанда пластикалық операцияға байланысты бірнеше қайғылы жағдай тіркелген.

Мәселен, 2024 жылғы 11 маусымда Алматыда липосакция процедурасынан кейін жергілікті тұрғын қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, әйелді әлеуметтік желідегі жарнама қызықтырған. Жақындарының айтуынша, операцияға ол шамамен екі миллион теңге төлеген. Алайда отадан бірнеше сағат өткен соң пациент қайтыс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі - жедел миокард инфарктісі. Марқұмның туыстары оның операцияға дейін денсаулығына шағымданбағанын айтып, полицияға арыз берген. Үш баласы анасынан айырылды.

15 мамырда Алматыда жеке клиникада липосакциядан кейін блогер Сауле Базархан қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, операциядан соң бірнеше сағат бойы жақындарына пациенттің жағдайы туралы ақпарат берілмеген, ал өлім туралы кейін хабарланған. Полиция департаменті әйелдің қазасы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ мамырда Маңғыстау облысы мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың қаза тапқаны белгілі болды. Ол иек тұсындағы артық майды кетіру үшін жеке клиникаға жүгінген.

Жеке медициналық орталықта пациент қайтыс болғаннан кейін ұйымға жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

операция

зардап шеккендер

Әлеуметтік желі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:102
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 15:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайтарылмайтын билетті қайтаруға бола ма заңгер Алматыдағы Канье Уэст концертіне қатысты жағдайды түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:25see122

Жағалаудан 400 метр: Каспийде жас жұп қиын жағдайда қалды

15 Тамыз 2026 23:23see115

Алматыда алманың жаңа сұрпына Әділет атауы беріледі

15 Тамыз 2026 11:06see114

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 10:39see114

Челси , Дастан Сәтбаев және Бернли қазақстандық футболшының ауысуына қатысты пікір білдірді

15 Тамыз 2026 13:28see114

Ислам Махачев UFC тарихында жаңа рекорд орнатты

16 Тамыз 2026 11:48see112

Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагерін елдің Ұлттық күнімен құттықтады

15 Тамыз 2026 11:11see111

Украинаға қару жарақ жеткізу Ресей сенімін әлсіретуі мүмкін Түркияның бұрынғы атташесі

16 Тамыз 2026 10:07see110

ҚПЛ: Қайрат пен Жеңіс ірі жеңіске жетті

15 Тамыз 2026 21:54see110

Еңбек, цифрландыру, инфрақұрылым: Әділет партиясы өңірлердегі өзекті мәселелерді талқылады

16 Тамыз 2026 13:08see109

Қатты шаршадым : Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді

15 Тамыз 2026 19:19see106

Персеид жұлдыздары әлем елдерінде қалай көрінді фото

15 Тамыз 2026 18:53see106

Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Ән ағасы Шәмші челленджі басталды

15 Тамыз 2026 19:16see104

Жылу желілері жаңарады

15 Тамыз 2026 04:43see104

Экс депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді

16 Тамыз 2026 17:15see103

Индонезияда магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Кемінде 20 адам қаза тапты

15 Тамыз 2026 13:53see101

Тұрғын үй сертификаты: тетік пе, кетік пе?

15 Тамыз 2026 09:14see99

Алматыда қанша үй газға тегін қосылады әкімдіктің жауабы

16 Тамыз 2026 09:40see98

Астана тұрғындары Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне ұйымдастырылған музыкалық челленджге қосылды

15 Тамыз 2026 19:16see98

Кәсіптің кілті гаражда

15 Тамыз 2026 07:46see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары