Инвесторды сергелдеңге түсірген кім?

19.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында бір инвестор сегіз ай бойы қой басын 1 мыңға дейін арттыруды көздеген инвестициялық жобасын іске асыра алмаған. Кәсіпкердің жұмысына кедергі келтіріп, заңсыз әрекетке барған мемлекеттік органның ісі прокуратураның араласуымен әшкереленді.

Сурет: baq.kz

Анықталғандай, Ве­теринарлық бақы­лау және қадағалау комитетінің жергілікті инспекциясы тиісті қорытындыны беруден негізсіз бас тартқан. Ведомство өкілдері қой шаруа­шылығы іргелес жатқан Тапшыл ауылы тұрғындарының мүддесіне қайшы келеді және санитарлық-қорғау аймағына кіріп кетеді дегенді сылтау еткен. Тиісті құжаттың берілмеуі салдарынан инвестор есептік нөмір ала алмай, жобаны іске қосу мүмкіндігінен айырылған.

Тапшыл ауылы қазіргі таңда тарау алдында тұрған елді мекен санатына жатады. Мұнда небәрі бес тұрғын ғана қалған. Аудан орталығынан 35 шақырым қашықта орналасқан ауыл тұрмысқа қолайлы бол­ғанымен, жергілікті халық нәпақа іздеп, өзге өңірлерге қоныс аударған. Осы орайда, бос қалған ауылды сылтауратып, аудан экономикасына серпін бермек болған инвестордың жолын бөгеген мемлекеттік органның бұл әрекеті күмән тудырады.

Былтыр желтоқсан айында Бас прокуратура жанынан Инвесторларды қол­дау жөніндегі фронт-офис құрылды. Қазіргі таңда жалпыұлттық пулда құны 894 млрд теңгені құрай­тын 51 инвестициялық жоба бар көрінеді. Аталған жоба­лардың жүзеге асуына жер­гілікті жерлердегі кейбір мемлекеттік органдар тарапынан жасалған заңсыз кедергілерді жою мақсатында прокуратура органдарының тікелей араласуына тура келген. Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында да инвесторлардың құқын қорғау тобы құрылып, қазір жұмыс істеп жатыр. Өткен жылдың аяғында ғана аталған топ 30 проблемалық жобаның іске асуына септігін тигізді. Мәсе­лелердің жедел әрі оңай шешілуі кедергілердің көбіне қолдан жасалғанын айғақтайды. Жаңа жыл бастал­­ғалы прокуратураның арала­суымен екінші мәрте инвес­тициялық жобаның ке­дер­гісіз іске асуы қамтама­сыз етілді.

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Қазбек Ғалымжан прокуратура араласқаннан кейін инвесторға ветеринарлық-санитарлық қорытынды жасалып, есептік нөмір берілгенін жеткізді.

«Енді инвестор алаңсыз жұмысқа кірісе алады. Кедер­гінің заңсыз екені анықталды. Қазірдің өзінде ол 25 млн теңге субсидия алуға тапсырыс берді», деді.

Әрине, инвестордың құ­қығы қалпына келтірілгені көңіл қуантады. Алайда сегіз ай бойы бизнестің өрістеуіне заңсыз тұсау болып, жобаны тежеген мемлекеттік органның жауапкершілігі қайда? «Жо­ғалған табыс» дегені неге есептелмеген? Прокуратура өз қолы­нан келмесе мұндайды есептеп, мемлекеттік органнан сот арқылы өндіріп бермей ме?

Прокуратураның әділ шешім іздеп, ел игілігі үшін еңбек етпек болған инвесторды қолдағаны тек осымен шектеле ме? Инвестициялық жобаларға түрлі сылтаумен, тіпті қасақана кедергі келтірген мемлекеттік органдар жазасыз қала берсе, елде «Заң мен тәртіп» қағидатының орнауы екіталай. Прокуратура бір өңірдегі түйінді тарқат­қанымен, өзге жердегі келең­сіздіктің бәрі бірдей назарға іліге бермеуі мүмкін. Егер заңсыздыққа жол бергендерге қатаң шара қолданылса, мем­лекеттік органдар тарапынан жасалатын қолданбалы кедергілер де азаяр еді. Осы орайда прокуратураның заң­сыз­дыққа қарсы күресін әлі де болса жүйелі емес, жартыкеш сипатта деп бағалауға тура келеді.

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан жаңа салмақта ел чемпионы атанды

Күрес • Кеше

«Егемен Қазақстан» фото тілшісі Ерлан Омаров «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Марапат • Кеше

Елімізде 30 елді мекенді су басу қаупі бар

Су тасқыны • Кеше

Сарапшы: Елімізде жоғары жылдамдықпен жүретін тасжолдарда жылдамдық режимі біркелкі емес

Қоғам • Кеше

Асхат Аймағамбетов: Қызметкерлерге скринингтен өту үшін жылына 3 күнге дейін демалыс беріледі

Қоғам • Кеше

Жетісу облысындағы балабақшада қауіпті қалдықтар сақталған

Оқиға • Кеше

Мәжіліс мемлекеттік қызмет туралы заң жобасының жаңа редакциясын бірінші оқылымда мақұлдады

Қоғам • Кеше

Ертең еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

Ауа райы • Кеше

Көкшетауда 136 млн теңге жинаған қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына үкім шықты

Оқиға • Кеше

Алматыда «ҚазТАГ» агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды

Оқиға • Кеше

Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

Қоғам • Кеше

Әкімдер қызметі қандай көрсеткішпен өлшенуі керек?

Экономика • Кеше

Шекара қызметінің сарбаздары үйлеріне орала бастады

Әскер • Кеше

«Ұлттық киім» шеруі: Елордалық тұрғындар дәстүрлі киіммен көпшілікті тәнті етті

Мереке • Кеше

Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью