Иран билігі Моджтаба Хаменеидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

10.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Иранда Моджтаба Хаменеи денсаулығына қатысты түрлі ақпараттар тараған тұста ел билігі ресми мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Иранның жоғарғы көсемі кеңсесінің өкілі Мазахер Хоссейнидің айтуынша, Моджтаба Хаменеи шабуыл кезінде жарақат алған. Оның тізесі, арқасы және құлағының арты зақымданғанымен, қазіргі жағдайы тұрақты.

Шенеунік ауыр жарақат пен кома туралы ақпараттарды жоққа шығарды. Сонымен қатар Моджтаба Хаменеидің елдегі саяси және әскери үдерістерге белсенді қатысып отырғаны айтылды.

Еске салсақ, 8 наурызда Моджтаба Хаменеи ресми түрде Иранның жаңа жоғарғы көсемі ретінде жарияланған еді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью