Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында Ескелді ауданындағы жер учаскелерін иеленген заңды тұлғаның құрылтайшылары Иранның үш азаматы екені анықталған. Прокуратура мәліметінше, аталған жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарын бұза отырып берілген.
Осыған байланысты Ескелді ауданының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғау үшін сотқа талап арыз берді.
"Сот талап арызды қанағаттандырып, 2,3 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім шығарды". Жетісу облысы прокуратурасы
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Жалпы, прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Жетісу облысында мемлекетке жалпы құны 1,7 млрд теңгеден асатын 41,1 мың гектардан астам жер қайтарылды.