24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ирландия тұрғыны 2800 шақырымды скейтбордпен жүріп өтті. Бұл жол ең ұзақ туристік бағыт саналады. Бекки Гилмордың мақсаты – өз-өзіне қол салатындардың жағдайына жұрт назарын аудару.
26 жастағы әйел күніне 60 шақырымға дейін жүріп отырған. Сапарын 5 ай бұрын бастаған ол күн суытқанға дейін тағы 300 шақырым жол жүрмек.
Бекки Гилмор, Лимерик қаласының тұрғыны:
- Бірнеше жыл бұрын жақын досым көз жұмды. Теңіз жағасында скейтборд айдау біздің сүйікті ісіміз еді. Өз қайғымды осындай жолмен жеңілдеткім келді. Айналадағы адамдарды өз-өзіне қол салудың алдын алу жөнінде хабардар етемін. Ұқсас оқиғаларды бастан кешіріп, жақынынан айырылған жандарға қолдау көрсетуге тырысамын.