Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жиырма жылдан бері «The New York Times»-қа баған жазып жүрген америкалық публицист Дэвид Брукстың «The Road to Character» – «Мінезге апаратын жол» атты кітабы бар. Зерттеу еңбегінде журналист кез келген адамда екі түрлі қасиет болатынын айтады. Біріншісі – түйіндемеге жазылатын, екіншісі – жаназа үстінде айтылатын қасиет. Мәселе – қайсысының аз-кемдігінде. Сұрақ – қазір қоғам қай қасиетті көбірек бағалайды?
Рас, кей адамдардың кісілік келбеті келіскенмен, кәсіби қабілеті кем түсіп жатады. Кейбірінің керісінше, кәсіби біліктілігі «бес» болғанымен, адамшылығы ақсап тұрады. Екі жағы тең түсетіндер аз. Бірінің қызметтегі қарым-қабілетін құрметтеп, білім-біліктігіне бас игің-ақ келеді. Адайда адам сүйсінетін қылығы жоғын көріп, қарның ашады. Жаның жабырқайды. Екіншісі, көркем мінезге бай болғанымен, жұмысқа ебі жоғын байқап, тағы қиналасың. Ал адамның бойында мұның екеуі де болмаса ше? Қай қасиетінің кемдігіне бірінші күйінуің қажет?
Кәсіби қабілетке арқа сүйеп, қаншалықты алысқа шабуға болады? Өмірде өз орныңды табуға жалғыз кәсібилік жеткілікті ме? Мұқағали «Адам болу оңай емес, Адам болу – жүректің ісі» дейді. Дәл осы парадоксті күнделікті өмірде – қызметте, қоғамдық орындарда, көшеде, дүкенде, тіпті шағын асханада да көруге болады. Байқағанымыз – бүгінгі қоғам кәсібилігі басым, бірақ кісілігі әлсіздерге төрін көбірек ұсынады, соларға жиі орын береді. Дэвид Брукстың тілімен айтсақ, «адами қасиетті» «түйіндемелік біліктіліктің» көлеңкесінде қалдырып, асыра бағалап, екінші қатарға ысырып қояды. Шындап келгенде, кәсібиліксіз кісілік әлсіздік қана болуы мүмкін. Ал кісіліксіз кәсібилік – бұл қауіпті. Адамның бойында екеуі де жоқ болса, бұл қоғамға тым ауыр салмақ.
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысындағы сөзінде «жаңғырған қоғамдық сана» деген тіркесті қолданды. Мәдениет пен өнер мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі екенін атап өткен Президент: «Қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз», деді. Демек, «Біз қандай қоғам құрғымыз келеді?» деген сұрақ туындағанда құзыреті бар, бірақ құндылығы әлсіз адамдардан гөрі, ниеті таза, жүрегі ашық «мықты маманды» іздейтініміз анық.
Бір өкініштісі, «мықты маманды» іріктеу барысында мықты мінез іздеуді ұмытып барамыз. Кейде керісінше – «жақсы адам ғой» деп, жауапкершіліктің жоқтығын жылы жауып қоя саламыз. Десек те, Қасымша айтсақ (Аманжолов), «Ауырмай, терлеп, оқып, еңбектенбей, Жақсылыққа жеткен жоқ ешкім де».
Әлемдік саясаттан бастап, бизнесте де қолданылатын әйгілі бір психологиялық формула бар. Ол – «Respect vs Like dilemma» – адамды құрметтейміз бе, әлде жақсы көреміз бе? Бұл қағидатты халықаралық зерттеулер де дәлелдейді. Гарвард ғалымдары қарапайым халық көшбасшыны алдымен кісілігіне қарап бағалайтынын анықтаған. Стэнфорд университетінің зерттеуі мінезі қырсық бір ғана қызметкер бүкіл команданың өнімділігін 30-40 пайызға төмендетуі мүмкін екенін көрсеткен. Бұл кәсібилік мінезсіз ұзаққа бара алмайды дегенді білдірсе керек. Ал Гарвард Бизнес мектебінің зерттеулері көшбасшыға сенім қалыптастырудың қағидатын – «адамдар алдымен кісіліктің бар-жоғын тексереді, содан кейін ғана кәсібилікті бағалайды» деп қорытындылаған.
Шындап келгенде, кәсібилік пен кісілік – екі бөлек әлем емес. Бірақ өкінішке қарай, біз оларды бөлек «тәрбиелеп» алдық. Алғашқысы сөзсіз, нәтиже береді. Ал екіншісі мәнге мазмұн қояды. Бірі – мансап жасайды, екіншісі – бедел қалыптастырады. Сондықтан да болар қазіргі қоғамда дипломы бар адам көп. Лауазымы бар адам одан да көп. Ал салмағы бар Адам аз.
Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» деген сөзі еріксіз еске түседі осындайда. Қанша жерден кәсіби мықты маман болғанымен, адами қасиеттерден жұрдай жаннан безініп кетерің анық. Сондықтан ең алдымен адамның адамгершілігін алға қойған дұрыс болар. Өйткені олар кәсіби өсіп, жетіле алады. Ал алғашқылардың түзеле қоюы екіталай...
Соңғы жаңалықтар
Қоғам • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:35
«Атырау» футбол клубы да жекешеленеді
Футбол • Бүгін, 08:30
Таза су тапшылығы қашан жойылады?
Мәселе • Бүгін, 08:25
Наурызнама • Бүгін, 08:20
Қоғам • Бүгін, 08:15
Дәстүр • Бүгін, 08:10
Он сегіз мың бала асық ойынын дәріптеді
Дәстүр • Бүгін, 08:05
Тұлға • Бүгін, 08:00
Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 00:50
Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес
Әлем • Бүгін, 00:37
Астана – Щучинск тасжолындағы жабық дәретхана үшін филиал директоры қызметінен босатылды
Оқиға • Бүгін, 00:23
Атырау облысындағы отбасы өлімі: Күдіктіге тағы бір айып тағылды
Оқиға • Кеше
Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Кеше