Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Кәсібилік пен кісілік

Кәсібилік пен кісілік

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жиырма жылдан бері «The New York Times»-қа баған жазып жүрген америкалық публицист Дэвид Брукстың «The Road to Character» – «Мінезге апаратын жол» атты кітабы бар. Зерттеу еңбегінде журналист кез келген адамда екі түрлі қасиет болатынын айтады. Біріншісі – түйіндемеге жазылатын, екіншісі – жаназа үстінде айтылатын қасиет. Мәселе – қайсысының аз-кемдігінде. Сұрақ – қазір қоғам қай қасиетті көбірек бағалайды?

Рас, кей адамдардың кісілік келбеті келіскенмен, кәсіби қабілеті кем түсіп жатады. Кейбірінің керісінше, кәсіби біліктілігі «бес» болғанымен, адамшылығы ақсап тұрады. Екі жағы тең түсетіндер аз. Бірінің қызметтегі қарым-қабілетін құрметтеп, білім-біліктігіне бас игің-ақ келеді. Адайда адам сүйсінетін қылығы жоғын көріп, қарның ашады. Жаның жабырқайды. Екіншісі, көркем мінезге бай болғанымен, жұмысқа ебі жоғын байқап, тағы қиналасың. Ал адамның бойында мұның екеуі де болмаса ше? Қай қасиетінің кемдігіне бірінші күйінуің қажет?

Кәсіби қабілетке арқа сүйеп, қаншалықты алысқа шабуға болады? Өмірде өз орныңды табуға жалғыз кәсібилік жеткілікті ме? Мұқағали «Адам болу оңай емес, Адам болу – жүректің ісі» дейді. Дәл осы парадоксті күнделікті өмірде – қызметте, қоғамдық орындарда, көшеде, дүкенде, тіпті шағын асханада да көруге болады. Байқағанымыз – бүгінгі қоғам кәсібилігі басым, бірақ кісілігі әлсіздерге төрін көбірек ұсынады, соларға жиі орын береді. Дэвид Брукстың тілімен айтсақ, «адами қасиетті» «түйіндемелік біліктіліктің» көлеңкесінде қалдырып, асыра бағалап, екінші қатарға ысырып қояды. Шындап келгенде, кәсібиліксіз кісілік әлсіздік қана болуы мүмкін. Ал кісіліксіз кәсібилік – бұл қауіпті. Адамның бойында екеуі де жоқ болса, бұл қоғамға тым ауыр салмақ.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай­дың бесінші отырысындағы сөзінде «жаңғырған қоғамдық сана» деген тіркесті қолданды. Мәдениет пен өнер мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі екенін атап өткен Президент: «Қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл – ақиқат. Сондықтан біз руханият мәселелеріне айрықша мән береміз», деді. Демек, «Біз қандай қоғам құрғымыз келеді?» деген сұрақ туындаған­да құзыреті бар, бірақ құндылығы әлсіз адамдардан гөрі, ниеті таза, жүрегі ашық «мықты маманды» іздейтініміз анық.

Бір өкініштісі, «мықты маманды» іріктеу барысында мықты мінез іздеуді ұмытып барамыз. Кейде керісінше – «жақсы адам ғой» деп, жауапкершіліктің жоқтығын жылы жауып қоя саламыз. Десек те, Қасымша айтсақ (Аманжолов), «Ауырмай, терлеп, оқып, еңбектенбей, Жақсылыққа жеткен жоқ ешкім де».

Әлемдік саясаттан бастап, бизнесте де қолданылатын әйгілі бір психологиялық формула бар. Ол – «Respect vs Like dilemma» – адамды құрметтейміз бе, әлде жақсы көреміз бе? Бұл қағидатты халықаралық зерттеулер де дәлелдейді. Гарвард ғалым­дары қарапайым халық көшбасшыны алдымен кісілігіне қарап бағалайтынын анықтаған. Стэнфорд университетінің зерттеуі мінезі қырсық бір ғана қызметкер бүкіл команданың өнімділігін 30-40 пайызға төмендетуі мүмкін екенін көрсеткен. Бұл кәсібилік мінезсіз ұзаққа бара алмайды дегенді білдірсе керек. Ал Гарвард Бизнес мектебінің зерттеулері көшбасшыға сенім қалыптастырудың қағидатын – «адамдар алдымен кісіліктің бар-жоғын тексереді, содан кейін ғана кәсібилікті бағалайды» деп қорытындылаған.

Шындап келгенде, кәсібилік пен кісілік – екі бөлек әлем емес. Бірақ өкінішке қарай, біз оларды бөлек «тәрбиелеп» алдық. Алғашқысы сөзсіз, нәтиже береді. Ал екіншісі мәнге мазмұн қояды. Бірі – мансап жасайды, екіншісі – бедел қалыптастырады. Сондықтан да болар қазіргі қоғамда дипломы бар адам көп. Лауазымы бар адам одан да көп. Ал салмағы бар Адам аз.

Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім қауіпті» деген сөзі еріксіз еске түседі осындайда. Қанша жерден кәсі­би мықты маман болғанымен, адами қасиет­терден жұрдай жаннан безініп кетерің анық. Сондықтан ең алдымен адамның адам­гершілігін алға қойған дұрыс болар. Өйткені олар кәсіби өсіп, жетіле алады. Ал алғашқылардың түзеле қоюы екіталай...

Соңғы жаңалықтар

Серт және дерт

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

«Атырау» футбол клубы да жекешеленеді

Футбол • Бүгін, 08:30

Таза су тапшылығы қашан жойылады?

Мәселе • Бүгін, 08:25

Мәдени маусым басталды

Наурызнама • Бүгін, 08:20

Парапланды тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 08:15

50 балдырғанның тұсаукесері

Дәстүр • Бүгін, 08:10

Он сегіз мың бала асық ойынын дәріптеді

Дәстүр • Бүгін, 08:05

Парасат майданының сардары

Тұлға • Бүгін, 08:00

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген қызметкер ауруханада қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 00:50

Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес

Әлем • Бүгін, 00:37

Астана – Щучинск тасжолындағы жабық дәретхана үшін филиал директоры қызметінен босатылды

Оқиға • Бүгін, 00:23

Атырау облысындағы отбасы өлімі: Күдіктіге тағы бір айып тағылды

Оқиға • Кеше

Ақтөбе облысында жол апатынан жүргізуші мен төрт жолаушы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Спорт • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see117

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see114

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see114

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see110

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see110

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see109

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see108

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see107

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see105

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see104

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see104

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see104

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see102

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see102

Хэллоуиндік қалжың Алматыдағы әйелге 130 мың теңгеге түсті

05 Қараша 2026 16:01see101

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see101

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары