Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Ғали Дінмұхаммед: Құрылтай кәсібилік қағидатымен жасақталуға тиіс

Ғали Дінмұхаммед: Құрылтай кәсібилік қағидатымен жасақталуға тиіс

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстанда Құрылтайды қалыптастыру мәселесі қоғамда жиі талқыланып келеді. Сарапшылардың пікірінше, заң шығарушы органның сапасы депутаттар санына емес, олардың кәсіби құрамы мен халықтың түрлі әлеуметтік және өңірлік топтарының мүддесін қаншалықты көрсете алатынына тәуелді. Сонымен қатар ашық партиялық тізімдер, әділ іріктеу және есептілік қағидаттарын күшейту заң шығару сапасын арттырудың негізгі алғышарттарының бірі саналады.

«Құрылтайды жасақтауда депутаттардың саны емес, олардың кәсіби біліктілігі, өңірлік және әлеуметтік өкілдігі, саяси дербестігі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі шешуші мәнге ие болуы керек. Ол партия басшылығы қалыптастыратын жабық кадрлық резервке емес, қоғамның әртүрлі топтарының мүддесін білдіретін дербес заң шығарушы органға айналуы қажет», деді Ғали Дінмұхаммед.

Сарапшының айтуынша, ең алдымен партиялық тізімдерді қалыптастыру тетігі барынша ашық болуы қажет. Сайлаушылар партияға дауыс бергенде Құрылтайға нақты кімдердің өтуі мүмкін екенін алдын ала білуге тиіс. Сондай-ақ кандидаттардың тізімдегі орны, іріктеу қағидаттары мен мандаттарды бөлу тәртібі сайлау басталғанға дейін жариялануы керек.

Құрылтай сайлауы өңірлердің дауысын күшейте ала ма?

Сарапшы халықаралық тәжірибеде депутаттарға міндетті мамандық немесе диплом талабын енгізуден гөрі, ашық әрі бәсекелі іріктеу жүйесіне басымдық берілетінін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан да ашық немесе икемді партиялық тізім жүйесіне біртіндеп көшуге тиіс.

«Германияда кандидаттар партия мүшелерінің жасырын дауыс беруі арқылы ұсынылады, Швецияда сайлаушы тізімдегі нақты кандидатқа басымдық бере алады, ал Германия мен Жаңа Зеландияның аралас жүйелері партиялық және аумақтық өкілдікті ұштастырады. Қазақстанда да сайлаушыға партиямен қатар оның ішіндегі нақты кандидатқа ықпал етуге мүмкіндік беретін ашық немесе икемді тізім жүйесіне біртіндеп көшу орынды», деді сарапшы.

Оның айтуынша, депутаттыққа үміткерлерді іріктеуде басты өлшем – танымалдық емес, кәсібилік болуы керек. Сонымен қатар Құрылтай құрамында түрлі сала мамандарының теңгерімді өкілдігі қамтамасыз етілуі маңызды.

«Қазақстандық қоғамдық даму институтының зерттеуі мен қоғамдағы жалпы сұраныс осы мәселеде үндеседі: азаматтар әртістер мен спортшыларды партиялық тізімге тек медиа беделі үшін енгізуді құптамайды. Бұл өнер немесе спорт өкілдері Құрылтайда болмауы керек деген сөз емес. Алайда олардың танымалдығы депутаттыққа өтудің негізгі шартына айналмауы керек. Кандидат партия бағдарламасын, мемлекеттік басқару мен заң шығару процесін түсініп, белгілі бір саланың мәселелерін кәсіби деңгейде меңгеруі және нақты ұсыныстар әзірлей алуы қажет. Құрылтай құрамында экономистер, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, ғалымдар, инженерлер, аграрлық сектор, кәсіпкерлік, еңбек қатынастары, экология, цифрландыру және азаматтық қоғам өкілдері болғаны жөн. Бұл ретте парламент сапасы барлық депутаттың бір мамандық иесі болуымен емес, кәсіби құрамның теңгерімімен, мықты комитеттермен, тәуелсіз сараптамалық аппаратпен және ашық қоғамдық тыңдаулармен қамтамасыз етілуі керек», деді ол.

Сайлауға қатысу – азаматтық парыз: Құрылтай – халықтың жаңа таңдауы

Сарапшы өңірлік және әлеуметтік өкілдіктің де ерекше маңызға ие екенін айтады. Оның пікірінше, Құрылтай елдің барлық өңірі мен әлеуметтік топтарының мүддесін көрсетуі керек.

«Бұл ел экономикасының теңгерімді дамуына тікелей әсер етеді: өндіріс ашу, кәсіпкерлікті қолдау, инфрақұрылымды жаңарту және жұмыс орындарын көбейту өңірлер арасындағы алшақтықты азайтады. Сондықтан депутаттар жергілікті экономиканы, демографиялық ахуалды және халықтың күнделікті мәселелерін жақсы білуге тиіс. Құрылтай елдің әлеуметтік және этномәдени құрылымын да шынайы көрсетуі керек. Әйелдер, жастар, мүгедектігі бар азаматтар, ауыл тұрғындары, жұмысшылар, шағын бизнес, білім, медицина, ғылым және азаматтық қоғам өкілдері нақты мандаттар арасында көрінуі қажет. Этникалық топтар жинақы тұратын өңірлердің тіл, білім, жұмыспен қамту және көші-қон мәселелерін білетін өкілдердің болуы әр қауымдастықтың дауысы естіліп, қоғамдық келісімнің нығаюына мүмкіндік береді», деді Ғали Әзімбайұлы.

Сондай-ақ сарапшы жаңа еңбек нарығында қалыптасқан әлеуметтік топтардың саяси өкілдігін күшейту қажеттігіне де тоқталды.

«Жаңа еңбек топтарының саяси өкілдігін күшейту де маңызды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, фрилансерлер, курьерлер, такси жүргізушілері және онлайн-платформалар арқылы табыс табатын азаматтардың бір бөлігінде тұрақты жұмыс беруші, ақылы демалыс, кәсіподақ немесе толық әлеуметтік пакет жоқ. Сондықтан Құрылтайда платформалық жұмыспен қамту, әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақы аударымдары мен цифрлық платформалар алдындағы еңбек құқықтарын түсінетін өкілдер болуға тиіс», деді сарапшы.

Оның пікірінше, партия бағдарламалары нақты әрі өлшенетін болуы, ал депутаттар мен мемлекеттік органдардың қызметі қоғам үшін толық ашық болуы қажет.

Абзал Құспан: Сайлаудың сапасы партиялардың кадрлық әлеуетіне байланысты болады

«Құрылтай заң қабылдаумен шектелмей, Үкіметтің жұмысын, бюджеттің жұмсалуын және қабылданған шешімдердің орындалуын жүйелі бақылауға тиіс. Мемлекеттік органдар бюджет түзетулері, орындалмаған бағдарламалар және қабылданған шешімдер үшін есеп беруге міндетті. Депутаттардың қызметі де ашық болуы қажет: олардың дауыс беру тарихы, комитет жұмысына қатысуы, депутаттық сауалдары, әзірлеген заң жобалары, өңірлердегі кездесулері және сайлауалды уәделерінің орындалуы жарияланып отыруы керек. Жалпыұлттық тізіммен сайланған әр депутатқа белгілі бір өңір немесе салалық бағыт бекітіп, халықпен тұрақты кездесуін қамтамасыз еткен жөн», деді ол.

Сарапшының айтуынша, Құрылтай кәсіби құзыретке, ашық әрі бәсекелі іріктеуге, өңірлік және әлеуметтік өкілдікке, тәуелсіз сараптама мен тұрақты есептілік қағидаттарына негізделген жағдайда ғана қоғамның сеніміне ие болатын тиімді саяси институтқа айналады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Тамыз 2026 14:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары