Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Жауапкершілік пен мемлекетшілдік

Жауапкершілік пен мемлекетшілдік

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ал мазмұны жағынан мемлекеттік биліктің алдағы бірнеше жылға арналған саяси-экономикалық бағытын түсіндіруге арналғанын аңғаруға болады. Президент экономикалық өсім мен реформалар туралы айтқанда, қол жеткен жетістіктерді айтады. Сонымен қатар қоғамдағы түйткілді мәселелерді назардан қағыс қалдырмайды.

Мәселен, Қазақстан экономикасы 6 пайыздан астам өсіп, ішкі жалпы өнім 300 миллиард долларға жеткен екен. Бұл көрсеткіш көңіл көншітсе керек. Алайда  Мемлекет басшысы осы өсімнің аза­маттардың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етпей отырғанын да жасырмайды.

«Инфляция деңгейінің жоғары болуы азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған еңбектің бәрін текке кетіріп жатыр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Расында, халықтың тапқан табысын инфляция «жеп» қойып жатыр. Елдің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайына байланысты әңгіме болғанда Мемлекет басшысы осындай түйткілдерді ашық айтып отыр. Сұхбаттың өне бойында барды бар, жоқты жоқ деп айтып отырғаны мемлекеттің бүгіні мен ертеңіне деген жауапкершіліктің жоғары екенін көрсетсе керек.

Уақыт талабына сай нақты әрекет ету арқылы жағдайды жақсартуға болатынын үнемі қаперге салып келеді. Мемлекет басшысы тығырықтан тез шығудың бір амалы ретінде жасанды интеллектіні дұрыс пайдалануға баса маңыз береді.

Жасанды интеллект пен цифрландыру саласын дамытуда мамандандырылған ғылыми-зерттеу университеті ашылатынын айтты. «Жоғары деңгейде жасанды интеллект туралы заң қабылданды, жаңа заң жақында күшіне енеді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды. Alem.Cloud және Al-Farabium деп аталатын екі суперкомпьютер іске қосылды. Көп ұзамай Жасанды интеллект мамандандырылған зерттеу университеті ашылады». Бұл мемлекеттік бастама ретінде жарияланды және салалық реформалар шеңберінде қарастырылып отыр. Бұл бағытта: білім саласында AI-Sana бағдарламасы іске қосылған; оның бірінші кезеңінде 650 мыңға жуық адам жасанды интеллект негіздерін оқып, сертификат алған. Жасанды интеллект пәндері 90-нан астам уни­верситеттің оқу жоспарларына енгізілді, 20 жоғары оқу орны 25 жаңа бағыт ашыпты. Сондай-ақ профессор-оқытушылар мен студенттерді тереңдетіп оқытатын курстар мен акселерация бағдарламалары да  әзірленіп жатыр.

Ғылыми-зерттеу университетінің ашылуы – жалпымемлекеттік стратегия­ның бір бөлігі, білім беру мен технология­лық зерттеулерді жүйелі түрде дамытуға ба­ғытталған қадам. Осы арқылы біз жоғары деңгейдегі кадрлар даярлау, инновация­лық зерттеу, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы ғылыми жұмыстарды бір орталыққа тоғыстыру сияқты міндеттерді жедел шешетін боламыз.

Сұхбаттың соңғы жағында  Қасым-Жомарт Тоқаев жеке болмысы мен мінез-құлқы туралы сұрақтарға да ашық жауап берген екен. Мемлекет басшысы жеке өмірін жария етуден гөрі, өзінің кәсіби ұстанымы мен өмірлік қағидаттарына ай­рықша  мән беретінін аңғартады. Тоқаевтың алғашқы мамандығы – қытайтанушы. Президент осы саланың өзі табандылық пен ұқыптылықты талап ететінін атап өтеді.

«Мәтінмен жұмыс істеуге әбден дағ­дыланғанмын, нашар стильді, әсіресе, әріп қатесін суқаным сүймейді. Жолдауларымды, сөйлейтін сөздерімді, мақалаларымды, тіпті әріптестеріме жолданатын хаттардың бәрін тікелей өзім қарайтынымды аппа­раттағылардың барлығы біледі», – деді.

Президенттің  саналы ғұмыры негізінен тәртіп пен жауапкершілікке толы екенін білеміз.  Мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өткен. Бұл оның дүниетанымы мен мінезіне де әсер еткендігі анық. Осы тұста ол өзі туралы қысқаша ғана сипаттайды: «Сіз кімсіз?» деген сұрағыңызға қысқаша ғана «мен – мемлекетшіл адаммын» деп жауап берейін», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының ұстанымы – жауапкершілік. Өмірлік қағидаты – мем­лекетшілдік. Біздің көптеген шенеунік­терімізге осы екі нәрсе жетісе бермейтінін де көріп жүрміз.

Бір сөзбен айтқанда, бұл сұқбат жылдағы дәстүр негізінде, дәл Жаңа жылдың беташар тұсында беріліп отыр. Мұның өзі тектен-тек емес. Ескі жылға есеп, жаңа жылға жоспар деп қабылдасақ та болады.

Нұртөре ЖҮСІП,

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және

ғылым комитетінің төрағасы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 05:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see139

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see139

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see138

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see131

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see129

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see128

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see125

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see119

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see119

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see119

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see117

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see117

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see117

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see117

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see116

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see115

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see115

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see113

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see112

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары