Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Қайғылы оқиғадан кейін уәде берілген еді: Алматы метросында неге қорғаныс есіктері әлі күнге дейін орнатылмады

Қайғылы оқиғадан кейін уәде берілген еді: Алматы метросында неге қорғаныс есіктері әлі күнге дейін орнатылмады

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматы метросының "Абай" бекетінде жолаушы қаза тапқаннан кейін қорғаныс есіктерін орнатуға уәде берілген еді. Алайда құны 8 миллиард теңгеден асатын жоба қаржыландырусыз қалды. Tengrinews.kz тілшісі жобадан біржола бас тартылды ма және бекеттерде енді қандай қауіпсіздік шаралары қабылданатынын анықтап көрді.

8 миллиард теңгелік қорғаныс есіктеріне не болды?

2026 жылдың сәуірінде метрополитен Tengrinews.kz-ке қазір жұмыс істеп тұрған барлық 11 бекетте платформалық есіктер орнату жоспарланғанын хабарлаған еді. Жоба 8,27 миллиард теңгеге бағаланып, жұмысты 2027 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген.

Алайда жазда жоспар өзгерді. Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы жобаға әзірге қаражат жоқ екенін мәлімдеді. Ол кезде метро да, басқарма да егжей-тегжейлі ақпарат берген жоқ.

Жобадан толықтай бас тартылды ма?

Метрополитен бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ондағылар жоба түбегейлі тоқтатылмағанын, тек кейінге шегерілгенін түсіндірді.

"Кәсіпорын жолаушылар қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолданыстағы метро бекеттерінде платформалық есіктерді орнату қажеттілігін қолдайды. Бюджет қаражаты шектеулі болуына байланысты жобаны қаржыландыру уақытша тоқтатылды. Кәсіпорын есік орнатудан бас тартпайды", – деп хабарлады метро.

Дегенмен, есіктер нақты қашан орнатылатыны әзірге белгісіз.

"Платформалық есіктерді орнату жобасын әрі қарай іске асыру мәселесіне қажетті қаржы бөлінгеннен кейін қайта оралу жоспарланып отыр. Кезең-кезеңімен жабдықтау мәселесі бірінші кезекте қарастырылады", – деп хабарлады КМК баспасөз қызметі.

Жобаға қанша қаражат жұмсалды?

Метрополитен жобаны дайындауға әзірге бюджет қаражаты жұмсалмағанын хабарлады.

Бұл ретте метро әкімшілігі жоба қайта жанданса, бұрын дайындалған жобалау-сметалық құжаттаманы пайдалануды көздеп отыр. Қазір оны өзгерту жоспарда жоқ. Қайта сараптама қажет пе, жоқ па, ол жұмыс қайта басталғаннан кейін шешіледі.

"Метрополитен" КМК-ның Tengrinews.kz-ке арнайы дайындаған рендері

Метрополитен жобаны дайындау кезінде платформалық есіктер қолданылатын шетелдік метролар тәжірибесі зерттелгенін хабарлады.

Орнату жұмыстарына шетелдік компаниялардың тартыла ма, жоқ па әзірге белгісіз. Метро өкілдері мердігерлерді таңдау мәселесіне қаржыландыру пайда болғаннан кейін қайта оралатынын нақтылады.

Жапониядағы метро бекетіндегі платформалық есіктер. Фото: Tengrinews.kz

Жапониядағы метро бекетіндегі платформалық есіктер. Фото: Tengrinews.kz

Қорғаныс есіктерінің орнына не болмақ?

Есіктер орнатылғанға дейін бекеттерде уақытша қоршаулар қалады. Олар жолаушыларды вагондар арасындағы бос орынға құлап кетуден қорғайды.

Сондай-ақ метро әкімшілігі "Райымбек батыр", "Абай", "Байқоңыр" және "Бауыржан Момышұлы" бекеттерінде кезекшілік күшейтілгенін хабарлады. Жағдай камералар арқылы бақыланады, ал қызметкерлер қажет болған жағдайда мүгедектігі бар адамдарға көмектеседі.

Метрополитен мәліметінше, Алматыда метро жұмыс істеген бүкіл уақыт ішінде адамның теміржол табанына құлауының бір ғана жағдайы тіркелген.

Неге "Қалқаман" бекеті есіксіз болады?

Жаңа "Қалқаман" бекетінде де қорғаныс есіктері қарастырылмаған. Метрополитен баспасөз қызметі мәліметінше, оны 1 желтоқсанда ашу жоспарланған.

Метрода өкілдері бұл жағдайды бекет жобасы қорғаныс есіктерін енгізу туралы шешім қабылданғанға дейін әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жіберілгенімен түсіндірді. Қазір құрылыс аяқталуға жақын, сондықтан жобаны өзгерту бекеттің ашылуын кешіктіруі мүмкін.

"Қалқаманда" құрылыс кезінде есіктерді орнату қанша тұратыны есептелмеген. Метро өкілдері оларды бекет ашылғаннан кейін де платформаны айтарлықтай қайта өзгертпей орнатуға болатынын түсіндірді.

Бұл мәселеге қаржыландыру пайда болғанда қайта оралады.

Ал болашақ бекеттер қалай болмақ?

Келесі бекеттерде қорғаныс есіктерін жобалау сатысында ескеру жоспарланған.

Мәселе "Барлық" базарына дейінгі метро учаскесі мен болашақ желілер туралы болып отыр.

"Тиісті шешімдер техникалық талаптарды және жылжымалы құраммен интеграциялау қажеттілігін ескере отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысында ескерілуі тиіс", – деп хабарлады метрополитен.

Мән-жайы: қайғылы оқиғадан кейінгі уақытша шаралар

2024 жылы 10 желтоқсанда "Абай" бекетінде 26 жастағы зағип ер адам, рельске құлап кеткен.

2025 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін метрода уақытша темір қоршаулар орнатылып, ақпанда оларды жарнамалық баннерлерге ауыстыра бастады.

Фото: Әлихан Сариев / Тengrinews.kz

Анықтама. Қоршаулар платформалардағы вагондардың арасындағы бекітпелерге қарама-қарсы орналасқан. Олар құрам тоқтаған кезде жолаушылардың жолға құлап кетуінің алдын алуға арналған.

Фото: gov.kz

Бұл ретте әкімдік платформалық есіктер бәрібір орнатылатынына сендірген болатын. Алайда содан бері екі жылға жуық уақыт өтсе де, жоба әлі күнге дейін талқылау сатысында қалып отыр.

Алматыдағы жаңа метро желілері

Алматының 2040 жылға дейінгі бұған дейін жарияланған Бас жоспар жобасына сәйкес, қала метросын айтарлықтай кеңейту көзделіп отыр. Билік мегаполистің түрлі бөлігін байланыстыратын үш желіден тұратын тұтас желі құруды жоспарлап отыр.

Бірінші желі (қызыл): вокзалдан базарға дейін

Қазір метроның бірінші желісі "Бауыржан Момышұлынан" "Райымбек батырға" дейінгі жалпы ұзындығы 14,3 шақырым болатын 11 бекеттен тұрады.

Болашақта ол екі бағытта да ұзартылады:

Батысқа қарай: салынып жатқан "Қалқаман" бекетінен (ол 2026 жылдың соңына дейін іске қосылмақ) "Барлық" базарына дейін тағы 3 бекет (5,3 шақырым) салынады. Онда ауысып міну торабын салу жоспарланған. Қазір жұмыс құжаттамасы әзірленіп жатыр және дайындық жұмыстары басталған. Учаскені 2029 жылы іске қосу жоспарланған. Солтүстікке қарай: желі "Райымбек батыр" бекетінен бастап Алматы-1 вокзалына дейін тартылады. Тағы бес бекет (7,7 шақырым) салынады.

Нәтижесінде бірінші желідегі бекеттер саны 20-ға дейін артып, оның ұзындығы 29,2 шақырымға жуықтайды деп жоспарланған.

Алматы метросының болашақ желілерінің схемасы / Фото: қаланың Бас жоспары таныстырылымында түсірілген / Желтоқсан, 2025 жыл

Екінші желі (көк): қала арқылы өтетін айналым және әуежайға баратын жол

Екінші желі Алматы метро жүйесіндегі ең ауқымдысы болуы мүмкін. Жоба бойынша оның ұзындығы шамамен 76,6 шақырым болып, бекеттер саны 42-ге жетеді. Бас жоспар жобасына сәйкес, желі айналым болады және қаланың негізгі көптеген ауданын қамтиды.

Бағыт: желі мегаполистің батыс және шығыс бөліктерін қосады: "Барлық" базары ауданынан бастап желі ірі магистральдар бойымен өтіп, кейін солтүстікке қарай Алматы-1 вокзалына, одан әрі Алматы халықаралық әуежайына қарай бағытталады. Айналымның оңтүстік бөлігі әл-Фараби даңғылы мен Тимирязев көшесі бойындағы тұрғын аудандарды қамтиды. Бірінші кезең: қолданыстағы "Жібек жолы" бекетінен әуежайға дейін. Ұзындығы шамамен 14 шақырым болатын бұл бөлікте 8 бекет орналаспақ. Құрылысты 2027 жылы бастап, желіні 2032 жылы іске қосу жоспарланған.

Алматы метросының болашақ желілерінің схемасы / Фото: қаланың Бас жоспарының таныстырылымында түсірілген / Желтоқсан, 2025 жыл

Үшінші желі (жасыл): Алатау қаласына дейін

Үшінші желі Алатау қаласы мен оның Gate City ауданын бірінші желідегі "Сайран" бекетімен байланыстыруы тиіс.

Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының соңғы мәліметтері бойынша, желінің ұзындығы 22 шақырым болады, онда 14 бекет салу жоспарланған.

Қазір жоба техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және мемлекеттік сараптамаға дайындық сатысында. Құрылыстың басталу және іске қосу мерзімдері әзірге белгісіз.

Анықтама. Айта кетейік, жоба параметрлері өзгерді. Бұған дейін Бас жоспар таныстырылымында ұзындығы 28 шақырымдық, 17 бекеті бар желі туралы айтылған болатын.

Алматы метросы қанша жолаушы тасымалдады?

Алматы метрополитені – Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз метрополитен. Ол 2011 жылы 1 желтоқсанда ашылған.

Бас жоспар құжаттарына сәйкес, метро іске қосылған сәттен бастап 83 миллионнан аса жолаушы тасымалдаған. Ұсынылған мәліметтер бойынша, оның үлесіне қоғамдық көлік тасымалының 8,2 пайызы тиесілі, ал жолаушылар ағыны жыл сайын шамамен 10 пайызға артып келеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:42
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қазан 2026 20:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see136

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see134

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see134

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see125

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see125

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see124

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see122

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see116

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see115

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see114

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see114

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see114

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see113

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see113

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see113

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see112

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see112

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see110

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see109

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары