Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

Қызылордада GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026 халықаралық волонтерлер апталығы басталды

Қызылордада GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026 халықаралық волонтерлер апталығы басталды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қызылорда қаласында Арал аймағының табиғатын сақтауға және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығының ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстанның 10 өңірінен, сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 100 волонтер және Қызылорда облысының 500-ден астам белсенді студенті мен ерікті жас қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Баянды бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылына орай ұйымдастырылып отыр. Салтанатты рәсімге Қызылорда облысы әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Вера Ким мен Жанар Бимұратқызы, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Наурызбай Байқадамов қатысты.

Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары волонтерлік қозғалыстың қоғам өміріндегі маңызына тоқталып, экологиялық бастамалардың өзектілігін атап өтті.

«Бүгінгі басқосудың Сыр өңірінде өтуі және апталықтың „GREEN ARAL“ деп аталуы айрықша мәнге ие. Бұл қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Арал өңірінің тағдырына деген ортақ жауапкершілікті сезінуге үндейтін маңызды бастама десек болады. Қай кезде де Арал мәселесі еліміздің ғана емес, әлемнің назарындағы өзекті тақырып саналады. Сондықтан табиғатқа жанашырлық танытып, экологиялық түйткілдердің тиімді шешілуіне  өз үлесімізді қосу әрбірімізлің  ортақ міндетіміз», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Шара барысында аймақтағы волонтерлік қозғалыстың дамуына үлес қосып, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытып жүрген бірқатар азамат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Тоғжан Зейденова волонтерлік бастамаларды қолдаудың маңызын атап өтті. Ал «Ұлттық волонтерлік желі» төрағасы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Вера Ким Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы Ерлан Қошановтың арнайы құттықтау хатын оқып берді.

Жалпы бұл халықаралық апталық жастар арасында волонтерлік қозғалысты дамыту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға негізделіп отыр. Соған орай қатысушылар бағдарлама аясында өзара тәжірибе алмасып, өздерінің экологиялық жобалары мен бастамаларын таныстырады. Сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға қатысты өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастырады. 

Бұдан бөлек, белсенді жастардың тәжірибе алмасып, өзара байланысын нығайту мақсатында «KZO CAMP: ONE COMMUNITY» республикалық волонтерлер слеті ұйымдастырылды.

Негізінен «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE 2026» халықаралық волонтерлер апталығы экологиялық волонтерлікті дамытуға, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және Арал өңірінің табиғатын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ

Қызылорда облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:28
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 01:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ Украинадағы Starlink жұмысына шектеу қойғанын жоққа шығарды

18 Қазан 2026 12:29see139

Қазақстан әйелдер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

18 Қазан 2026 11:54see139

150 ден астам полиция зардап шекті: Францияда мыңнан астам наразылық білдіруші ұсталды

18 Қазан 2026 12:25see138

Қайраттың испаниялық шабуылшысы хет трик жасады

18 Қазан 2026 19:55see131

Маңғыстау облысында бір топ қаңғыбас аш ит малдарға қырғидай тиюде

18 Қазан 2026 17:01see129

Астанада бірнеше жолды ашу жоспарлануда: әкім мерзімдерін атады

18 Қазан 2026 17:37see128

Құтқарушы күні: кәсіби мерекеге қатысты қызықты деректер

19 Қазан 2026 08:32see125

Қазақстандағы Рамазан 2027: оразаның басталуы, Қадір түні және Ораза айт күндері аталды

19 Қазан 2026 12:32see119

Президент ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азаматты марапаттады

19 Қазан 2026 14:28see119

Qajet: қазаққа қажет такси ме, әлде кезекті шикі жоба ма?

18 Қазан 2026 14:28see119

Жүйелі түрде ұрып соққан: Аягөзде ерекше балаларды күтуші санитарлар күдікке ілінді

19 Қазан 2026 18:07see117

Президент азаматтық қорғаныс саласының айрықша маңызын атады

19 Қазан 2026 13:35see117

Бөлек тұратын ата ана да ескеріледі : жәрдемақы алушы отбасының жағдайы қалай бағаланады

18 Қазан 2026 13:22see117

Несие алғанда жиі жіберілетін 7 қателік

18 Қазан 2026 16:49see117

Үш елдің арнайы қызметтері бірлескен операция өткізді: екі адам ұсталды

18 Қазан 2026 08:10see116

Republic Day: Астанада жеңілдіктер онкүндігі басталды

19 Қазан 2026 12:22see115

Давид Дегтярев екі дүркін Азия чемпионы атанды

19 Қазан 2026 12:39see115

Өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік Қазақстан аумағында жасырынған

19 Қазан 2026 17:07see113

Республика күніне орай Саған кітап арнадым акциясы басталды

19 Қазан 2026 16:30see112

Елена Рыбакина Нинбо турниріне оралуы туралы айтты

19 Қазан 2026 07:21see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары