Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бір әрекет қоғамға елеулі қауіп төндірсе, екінші бір әрекет құқықтық тәртіпке нұқсан келтіргенімен, оны қылмыс деңгейінде бағалауды қажет етпеуі мүмкін. Сондық­тан заманауи құқықтық жүйелерде құқықбұзу­шылықтарға сараланған тәсіл қолданылады. Мұндағы негізгі мақсат – жазалауды күшейту емес, керісінше жауаптылықтың әділ әрі өлшемді болуын қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіне 2014 жылы қылмыстық теріс қылық институ­тының енгізілуі осы бағыттағы ма­ңызды қадам болды. Оның мақсаты – қоғамдық қауіптілігі қылмыстан төмен, бірақ әкімші­лік құқықбұзушылықтан жоғары әрекеттерге жеке құқықтық баға беру еді.

Алайда арада бірнеше жыл өткеннен кейін бұл институттың құқықтық табиғаты мен оның заң­намадағы орнын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

Қылмыстық теріс қылық – қолданыстағы заңнама бойынша қылмыстық құқықбұзушылықтың бір түрі. Алайда оның құқықтық табиғаты мен қоғамдық қауіптілік деңгейі қылмыстан өзгеше. Ол ауыр қылмыстармен бір қатарда қарастырылмауға тиіс, өйткені мұндай әрекеттердің қоғамға келтіретін зияны, жауаптылық ша­ралары және құқықтық сал­дары өзгеше сипатқа ие. Сон­дық­тан қылмыстық теріс қылықты қылмыстың жеңілдетілген ны­са­ны ретінде ғана қарастыру жет­кіліксіз. Ол қылмыс пен әкімшілік құқықбұзушылықтың арасындағы өзіндік орны бар, дербес құқық­тық реттеуді қажет ететін институт ретінде қарастырылуға тиіс.

Бұл мәселенің мәні тек құқық­тық атауда емес. Құқықтық санат адамның кейінгі өміріне әсер ете­тін салдарлармен тікелей байла­ныс­ты. Қылмыстық теріс қылық­тың құқықтық табиғатына бай­ла­нысты ең маңызды мәселе­лер­дің бірі – оның кейінгі құқықтық салдары.

Заң шығарушы қылмыстық те­ріс қылықты қылмыстан қоғам­дық қауіптілік деңгейі төмен әре­кет ретінде бөліп көрсетті. Бұл оның қылмыспен бірдей деңгейде бағаланбайтынын білдіреді. Алай­да құқықтық салдары тұрғысынан алғанда, қылмыстық теріс қылық пен қылмыстың арасында нақты айырмашылық әрдайым байқала бермейді.

Қылмыстық теріс қылық жа­са­ған тұлға сот үкімімен кінәлі деп танылған жағдайда сотталған болып есептеледі. Бұл – заңның қазіргі талаптары. Алайда мәселе адамның сотталған болып есеп­телуінде ғана емес, оның кейінгі құқықтық салдарының жасалған әрекеттің қоғамдық қауіптілік деңгейіне қаншалықты сәйкес келетінінде.

Егер мемлекет белгілі бір әре­кетті қылмысқа қарағанда төмен деңгейдегі құқықбұзушылық деп таныса, онда оның құқықтық сал­дары да қылмыс жасаған адамға қолданылатын салдармен бірдей болмауға тиіс.

Мұндай санаттағы құқық­бұзу­шылықтар үшін қылмыстарға қа­рағанда жеңілдетілген құ­қық­тық режим белгіленуі орынды. Мысалы, қылмыстық теріс қылық бойынша сотталғандықтың жойылу мерзімін қысқарту немесе белгілі бір мерзім өткеннен кейін оның адамның құқықтық жағда­йын шектеуге негіз болмауын қарастыруға болады.

Бұл жауаптылықтан толық босату дегенді білдірмейді. Кері­сінше, бұл – жауаптылықтың әді­леттілігі мен құқықтық сал­дардың өлшемдестігін қамта­масыз ету.

Алайда тәжірибеде бұрын қыл­мыстық жауаптылыққа тар­тылғаны туралы мәлімет адамның кейінгі құқықтық жағдайына әсер етеді. Әсіресе мемлекеттік қыз­метке, сот жүйесіне, құқық қорғау органдарына немесе арнайы та­лаптар қойылатын салаларға орналасу кезінде мұндай ақпарат белгілі бір рөл атқарады.

Осы жерде әділеттілік қағи­даты тұрғысынан маңызды сұрақ туындайды: қоғамдық қауіптілігі төмен қылмыстық теріс қылық жасаған адамның құқықтық сал­дары ауыр қылмыс жасаған адам­мен бірдей деңгейде болуы қан­шалықты дұрыс?

Жауаптылықтың мақсаты тек жазалау емес. Құқықтық мемлекет адамның жасаған әрекеті үшін жа­уап беруін қамтамасыз ете оты­рып, оның қоғамға қайта бейім­делуіне мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан қылмыстық теріс қы­лық бойынша жауаптылықтан кейінгі құқықтық салдардың мерзімділігі мәселесін де қайта қарау қажет.

Әкімшілік жауаптылықтың құқықтық салдары бір жылдан кейін тоқтайды. Яғни әкімшілік жауаптылық адамның бүкіл өмі­ріне әсер ететін тұрақты шектеуге айналмайды.

Ал қылмыстық жауаптылыққа қатысты мәліметтердің құқықтық маңызы әлдеқайда ұзақ сақталады. Бұл тәсіл қылмыстық теріс қы­лықтарға да қолданылып, әрекет­тің нақты қоғамдық қауіптілігі мен одан кейінгі құқықтық салдар ара­сында сәйкессіздік пайда болуда. 

Сондықтан теріс қылықтар туралы арнайы кодекс қабыл­данған жағдайда осы мәселе міндетті түрде реттелуге тиіс.

Мысалы, әкімшілік жауапты­лықтағы тәсілге ұқсас түрде, қыл­мыстық теріс қылық бойынша жауаптылыққа тартылғаны туралы мәліметтердің белгілі бір мерзім өткеннен кейін адамның құқықтық жағдайын шектеуге негіз болмауы қарастырылуы қажет. Мұндай мерзім ретінде үш немесе бес жылдық кезеңді қарас­тыруға болады.

Бұл құқық қорғау мақсатында ақпаратты сақтауды жоққа шы­ғармайды. Бірақ оның адамның бүкіл өміріне әсер ететін шектеуге айналуына жол бермеу керек.

Құқықбұзушылықтарды сара­лау мәселесінде халықаралық тәжірибеге де назар аударған жөн.

Мысалы, Қазақстанда белгілі бір әрекеттер қылмыстық теріс қылық ретінде қарастырылса, Ре­сей Федерациясының құқықтық жүйесінде ұқсас сипаттағы кейбір әрекеттер әкімшілік құқық­бұ­зу­шылық ретінде белгіленген.

Бұған нақты мысал ретінде өз бетінше билік жүргізу құрамын кел­тіруге болады. Қазақстан Рес­публикасы Қылмыстық кодек­сінің 389-бабының 1-бөлігі бо­йынша бұл әрекет елеулі зиян кел­тірілмеген болса да, қылмыс­тық теріс қылық ретінде қаралады. Ал Ресей Федерациясында дәл осын­дай әрекет, Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы кодекстің 19.1-ба­бымен әкімшілік құқық бұзу­шылық ретінде сараланады. Тек елеулі зиян келтірілген жағ­дайда ғана қылмыстық жауап­тылық туындай­ды. Бұл Ресей заң­намасында қо­ғамға қауіптілігі төмен әрекеттерді әкімшілік құ­қық аясында реттеу басым екенін көрсетеді.

Осы салыстыру көрсеткендей, мәселе нақты әрекеттің қылмыс немесе әкімшілік құқықбұзу­шы­лық ретінде аталуы ғана емес. Негізгі мәселе – сол әрекетке қол­данылатын құқықтық салдар­дың оның қоғамдық қауіптілік деңгейіне сәйкестігі. Егер мемле­кет белгілі бір әрекетті қылмыстан төмен деңгейдегі құқықбұзу­шы­лық ретінде таныса, онда оған қолданылатын құқықтық режим де соған сәйкес жеңілдетілген болуға тиіс.

Осы тұрғыдан алғанда жала жабу құрамының құқықтық мәр­тебесінің өзгеруі декриминали­зация саясатының мысалы ретін­де қарастырылуы мүмкін. Бұрын қылмыстық-құқықтық қорғау объек­тісі болған бұл әрекет кейін әкімшілік-құқықтық реттеу са­ласына ауыстырылды. Бұл заң шы­ғарушының кейбір әрекеттер­дің қоғамдық қауіптілік деңгейін қайта бағалап, оларға қатысты қылмыстық-құқықтық ықпал ету шегін өзгерте алатынын көрсетеді.

Алайда барлық әрекетті бірден әкімшілік құқықбұзушылық дең­гейіне ауыстыру әрдайым тиімді шешім емес. Кейбір әрекеттердің қоғамдық қауіптілігі әкімшілік құқықбұзушылықтан жоғары, бірақ қылмыс деңгейінен төмен болуы мүмкін.

Осындай жағдайларда қыл­мыс­тық теріс қылық институты өзінің негізгі міндетін атқаруға тиіс.

Қылмыстық теріс қылық инс­титутын дербес құқықтық жүйе ретінде қалыптастыру тек ішкі құқықтық мәселе емес. Оның Қа­зақстанның халықаралық құ­қықтық беделін арттыру тұрғы­сынан да маңызы бар.

Қазіргі әлемдік құқықтық үрдіс­терде мемлекеттің дамуы тек қылмыс үшін қатаң жаза белгілеу­м­ен емес, жауаптылықтың әді­летті, сараланған және адам құ­қықтарына сәйкес құрылуымен бағаланады.

Қылмыстық теріс қылық­тар­дың дербес құқықтық институт ретінде қалыптасуы қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адам­дар санын азайтуға, қылмыстық саясатты неғұрлым гуманистік ба­­ғытқа өзгертуге мүмкіндік береді.

Мұндай өзгерістер Қазақстан­ның құқықтық жүйесінің гумани­зация бағытын ұстанатынын көр­сетіп, халықаралық құқықтық ке­ңістіктегі имиджін арттыруға ықпал етеді. Себебі заманауи мем­лекеттер үшін маңызды көр­сет­кіштердің бірі – қоғам қауіпсіз­дігін қамтамасыз ету мен аза­­­мат­­тар­дың құқықтарын қорғау ара­сын­дағы теңгерімді сақтау болып саналады. Осыған байла­нысты қазіргі модельді қайта қарау қажет.

Қылмыстық теріс қылықтарды Қылмыстық кодекс шеңберінде сақтау олардың құқықтық табиға­тын толық ашуға мүмкіндік бер­мейді. Себебі ол қылмыстық құ­қықбұзушылықтың бір түрі са­налғанымен, қоғамдық қауіп­ті­лік деңгейі, жауаптылық шара­ла­ры және құқықтық салдары жа­ғы­нан қылмыстан ерекшеленеді.

Сондықтан қылмыстық теріс қылықтарға қылмыстармен бір­дей құқықтық тәсілдерді қолдану олардың өзіндік ерекшелігін то­лық ескермеуге алып келуі мүм­кін. Бұл санаттағы әрекеттер үшін жеке құқықтық режим қалып­тас­тыру қажеттілігі туындайды.

Осыған байланысты Қазақ­стан Республикасында қылмыс­тық теріс қылық институтын қыл­мыстық құқықбұзушылық жүйесінен бөлек қарастырып, оны дербес құқықтық реттеу объек­тісі ретінде қалыптастыру жә­не Теріс қылықтар туралы ар­найы кодекс қабылдау мәселесін қарастыру қажет. Бұл тек терми­но­­логиялық өзгеріс емес. Атаудың өзгеруі осы институттың құқық­тық табиғатын нақты айқындап, оны қылмыстық құқықтан толық бөлек, өзіндік қағидалары бар жауаптылық жүйесі ретінде қа­лыптастыруға мүмкіндік береді.

Мұндай кодекс теріс қылық­тардың түсінігін, түрлерін, жауап­тылық шараларын, құқықтық салдарын және олар бойынша қолданылатын рәсімдерді бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді.

Қылмыстық теріс қылық инс­титутын енгізу өз уақытында маңызды құқықтық қадам болды. Бірақ кез келген реформа сияқты, ол да өзінің келесі даму кезеңін қажет етеді.

Ендігі міндет – теріс қылық­тарды қылмыстың жеңіл түрі ре­тінде емес, өзіндік қағидалары мен құқықтық салдары бар дербес құқықтық институт ретінде қа­лып­тастыру. Өйткені әділетті құ­қық­тық жүйе тек жаза белгілеумен шектелмейді. Ол әрбір адамның жасаған әрекеті мен оған қолда­ны­латын құқықтық салдардың арасында әділ өлшемнің сақта­луын қамтамасыз етуге тиіс.

Нұрлан ЖАРМАХАНБЕТ,

құқық магистрі

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Тамыз 2026 04:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see135

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see132

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see129

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see129

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see129

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see128

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see127

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see126

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see125

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see125

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see125

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see125

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see125

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see124

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see123

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see123

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see123

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see122

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see122

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары