Кеден ісі жөніндегі халықаралық келісімдерді қарайды

17.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Күн тәртібіне Өзбекстан Үкі­метімен екі елдің кеден қызмет­терінің өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау жө­нін­дегі заң жобасы енгізілді. 2025 жыл­ғы 15 қарашада Ташкент қа­ла­сында қол қойылған құжат екі мемлекеттің кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиім­ділігін арттыруға, жедел ақ­парат алмасуды қамтамасыз ет­у­ге және қатерлердің алдын алу мен олардың жолын кесу бойын­ша шараларды келісуге бағыт­тал­ған. Қазір Қазақстанның ке­ден қызметінің өкілдіктері Қы­тай, Түркия, Ресей сынды сегіз мем­лекетте жұмыс істейді.

Сондай-ақ депутаттар 2026 жыл­ғы 4 ақпанда Исламабад қа­ла­сында жасалған Қазақстан мен Пәкістан Үкіметтерімен арадағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек тура­лы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасын қарайды. Құжатта екі елдің кеден орган­дары арасында өзара әкімшілік көмек, техникалық қолдау және кедендік декларациялардағы ақ­парат алмасу мәселелері бойын­ша іс-қимыл қамтылған. Келі­сімді іске асыру Қазақстан мен Пә­кістан арасындағы сауда-эко­номикалық және көлік-логис­ти­калық байланыстарды кеңейту бойынша қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыру­ға жол ашады.

Бұдан бөлек, Бюро шешімі­мен, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйым­дастырылған сауда-сат­тық­та бағалы қағаздарды орналас­тыру­ға және олардың айналысы­на транс­ше­каралық рұқсат беру ту­ралы кел­ісім қорытынды әзір­леу үшін салалық комитетке жол­­данады.

Құрылтай Бюросының оты­ры­сында I шақырылымдағы Құ­рыл­­тайдың Парламентаризм инс­титутымен өзара іс-қимыл жө­нін­дегі бірінші сессияға ар­нал­ған жұмыс жоспары бекітілді. Жеті бөлімнен тұратын құжатта 63 заң жобасын әзірлеу қарас­тырыл­ған.

Сондай-ақ Парламентаризм инс­титуты Құрылтай депутат­тарының заң шығару қызметін талдамалық сүйемелдеумен және үлгілік заңдардың ұлттық заң­на­ма­ға енгізілуіне мони­торинг жүр­гізумен айналысады. Бұдан бө­лек, Мемлекет басшысының I ша­қырылымдағы Құрылтайдың бірін­ші сессиясының ашылуында берген тапсырмасын орындау мақ­сатында бірқатар кодекс пен заңға кешенді ревизия жүргізіп, оларды Конституция қағидат­тары­на сәйкестендіру жоспарла­нып отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью