Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жер-жаһанның қай қиырында жүрсек те жанқалтамыздан табылатын көк паспортымыз жанымыздың жалауындай қастерлі. Жалаудай дейтіндей жөніміз, бұл – жай ғана құжат емес, елдігімізді танытатын айшықты рәміз. Азаттығымызды, дербестігімізді сезіндіретін осы төлқұжатымызбен төрткүл дүниені емін-еркін шарлап жүріп, еліміздің егемендігін құнттай түсеміз, кеудемізді мақтаныш кернейді.
Әлем мемлекеттері паспорттарының күшін, халықаралық деңгейдегі беделін анықтайтын «Henley Passport Index» атты жаһандық рейтинг бар. Мұндағы негізгі көрсеткіш – визасыз режім. Паспорт иесі алдын ала виза рәсімдемей-ақ әлемнің қанша еліне бара алатыны ескеріледі. Индекс Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметтеріне негізделген. Ал IATA – әлемдегі саяхат туралы ең үлкен әрі нақты ақпарат базасына ие ұйым. Жалпы, рейтингті түзерде елдердің экономикалық даму деңгейі, халықаралық келісімдер және саяси тұрақтылық сияқты негізгі факторлар да назарға алынады. Зерттеу аясында әлемдегі 200-ге жуық елдің паспорты саяхаттауға болатын 227 бағыт бойынша талданады.
Сәуір айында паспорттардың биылғы рейтингі жарияланып, Қазақстан 199 елдің ішінен 57-орынға жайғасты. Индексте отандастарымыздың 78 елдің табалдырығын визасыз аттай алатыны негізге алыныпты. Еліміз 2025 жылдың басында осы рейтингте 65-орыннан көрінген еді. Арада бір жылдан аса уақыт өткенде позициямыздың 8 орынға жақсарғанын оң көрсеткіш ретінде бағалауға болады.
Аймақтық тұрғыдан салыстырып қарағанда, жаңа рейтингте Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері тобының ортасында тұр. Мәселен, көршілес Ресей 44-орында (113 бағыт) болса, Беларусь 58-орынға
(77 бағыт), Қырғызстан мен Өзбекстан 73-орынға (59 бағыт) табан тіреген. Сондай-ақ Тәжікстан 79-орынды (53 бағыт), Түрікменстан 87-орынды (45 бағыт) иеленген. Тұтастай алғанда, еліміз жаһандық индексте Қытай (55-орын), Косово (56-орын), Боливия (58-орын) сынды мемлекеттермен маңайлас орналасқан.
Ал көш басындағыларға тоқталсақ, Сингапур мемлекеті әлемдегі ең ықпалды паспорт иесі ретіндегі мәртебесін сақтап қалды. Бұл елдің азаматтары әлемнің 192 мемлекетіне визасыз бара алады. 2-орынды Жапония, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері (187 бағыт) өзара бөліссе, үздік үштікті Швеция (186 бағыт) түйіндеп тұр. Еуропаның жетекші елдері Германия, Франция, Италия, Швейцария бастаған топ 185 бағытпен 4-сатыда тұр. Сонымен қатар рейтингтің ең төменгі жағында негізінен Таяу Шығыс пен Африка елдері қалып отырғанын да атап өткен жөн.
«Henley Passport Index» рейтингі паспорттардың әлемдік аренадағы салмағын ғана безбендеп қоймай, азаматтарға берілген еркіндіктің деңгейін де айқындайды. Кейінгі жылдары осы рейтингте еліміздің ілгерілей түсуі визалық шектеулерді жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелі екенін көрсетіп отыр. Ал визалық режім көбінесе экономикасы тұрақты, азаматтары заң бұзбайтын қауіпсіз елдерге беріледі.
Қауіпсіз ел ретінде танылған сайын көк паспортымызға деген сенімнің де күшейе түсетінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр ҚХА сессиясында атап өткен еді. «Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды. Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Әр құрлықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біздің елді жиі таңдайтын болды. Бұл – кездейсоқтық емес. Қазақстан беделді халықаралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттің бәрінің дерлік алдында тұр. Ал заң үстемдігі индексіндегі «Тәртіп пен қауіпсіздік» көрсеткіші бойынша, 142 елдің ішінен 43-орынға табан тіреді», дейді Қ.Тоқаев.
Ал биыл мәслихат депутаттарының форумында Президент осы тұрғыда тағы да сөз қозғап, көк паспорт иелері әрқашан және кез келген жерде мемлекет қорғауында болатынын, паспортымыздың қуаты мемлекетіміздің ықпалынан, халқымыздың жасампаз рухынан, заманның озық идеяларын игере алатын қабілетімізден көрінетінін шегелеп айтты.
Ендеше, қайда жүрсек те еркіндігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепіліндей көк паспортымыз көсегеміздің көгеріп, көкжиегіміздің кеңеюіне қызмет ете берсін деп тілейміз.
Соңғы жаңалықтар
Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті
Оқиға • Кеше
Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған
Оқиға • Кеше
26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді
Экология • Кеше
Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше