Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Көк паспорт күші

Көк паспорт күші

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жер-жаһанның қай қиырында жүрсек те жанқалтамыздан табылатын көк пас­портымыз жанымыздың жалауындай қастерлі. Жалаудай дейтіндей жөніміз, бұл – жай ғана құжат емес, елдігімізді танытатын айшықты рәміз. Азаттығымызды, дербестігімізді сезіндіретін осы төл­құжа­тымызбен төрткүл дүниені емін-еркін шар­лап жүріп, еліміздің егемендігін құнт­тай түсеміз, кеудемізді мақтаныш кернейді.

Әлем мемлекеттері паспорттарының күшін, халықаралық деңгейдегі беделін анықтайтын «Henley Passport Index» атты жаһандық рейтинг бар. Мұндағы негізгі көрсеткіш – визасыз режім. Паспорт иесі алдын ала виза рәсімдемей-ақ әлемнің қанша еліне бара алатыны ескеріледі. Индекс Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) мәліметтеріне негізделген. Ал IATA – әлемдегі саяхат туралы ең үлкен әрі нақты ақпарат базасына ие ұйым. Жалпы, рейтингті түзерде елдердің экономикалық даму деңгейі, халықаралық келісімдер және саяси тұрақтылық сияқты негізгі факторлар да назарға алынады. Зерттеу аясында әлемдегі 200-ге жуық елдің паспорты саяхаттауға болатын 227 бағыт бойынша талданады.

Сәуір айында паспорттардың биылғы рейтингі жарияланып, Қазақстан 199 елдің ішінен 57-орынға жайғасты. Индексте отан­дастарымыздың 78 елдің табалдырығын визасыз аттай алатыны негізге алыныпты. Еліміз 2025 жылдың басында осы рейтингте 65-орын­нан көрінген еді. Арада бір жылдан аса уақыт өткенде позициямыздың 8 орынға жақ­сарғанын оң көрсеткіш ретінде бағалауға болады.

Аймақтық тұрғыдан салыстырып қарағанда, жаңа рейтингте Қазақстан ЕАЭО және Орталық Азия елдері тобының ортасында тұр. Мәселен, көршілес Ресей 44-орында (113 бағыт) болса, Беларусь 58-орынға
(77 бағыт), Қырғызстан мен Өзбекстан 73-орынға (59 бағыт) табан тіреген. Сондай-ақ Тәжікстан 79-орынды (53 бағыт), Түрікменстан 87-орынды (45 бағыт) иеленген. Тұтастай алғанда, еліміз жаһандық индексте Қытай (55-орын), Косово (56-орын), Боливия (58-орын) сынды мемлекеттермен маңайлас орналасқан.

Ал көш басындағыларға тоқталсақ, Син­гапур мемлекеті әлемдегі ең ықпалды паспорт иесі ретіндегі мәртебесін сақтап қалды. Бұл елдің азаматтары әлемнің 192 мемлекетіне визасыз бара алады. 2-орынды Жапония, Оңтүстік Корея және Біріккен Араб Әмірліктері (187 бағыт) өзара бөліссе, үздік үштікті Швеция (186 бағыт) түйіндеп тұр. Еуропаның жетекші елдері Германия, Франция, Италия, Швейцария бастаған топ 185 бағытпен 4-сатыда тұр. Сонымен қатар рейтингтің ең төменгі жағында негізінен Таяу Шығыс пен Африка елдері қалып отырғанын да атап өткен жөн.

«Henley Passport Index» рейтингі паспорттардың әлемдік аренадағы салмағын ғана безбендеп қоймай, азаматтарға берілген еркіндіктің деңгейін де айқындайды. Кейінгі жылдары осы рейтингте еліміздің ілгерілей түсуі визалық шектеулерді жою бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелі екенін көрсетіп отыр. Ал визалық режім көбінесе экономикасы тұрақты, азаматтары заң бұзбайтын қауіпсіз елдерге беріледі.

Қауіпсіз ел ретінде танылған сайын көк паспортымызға деген сенімнің де күшейе түсетінін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр ҚХА сессиясында атап өткен еді. «Көк паспортымыз ұлттық бірегейлігіміздің айқын нышанына айналды. Жыл өткен сайын төлқұжатымыздың абырой-беделі көтеріліп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың бізге деген қызығушылығы артып, еліміздің ықпалы күшейе түскенін көрсетеді. Әр құр­лықтағы түрлі мемлекеттің азаматтары тұрақты тұру немесе демалу үшін біз­дің елді жиі таңдайтын болды. Бұл – кез­дей­соқтық емес. Қазақстан беделді халық­аралық рейтингтердегі қауіпсіздік индексі бойынша айналамыздағы көптеген мемлекеттің бәрінің дерлік алдында тұр. Ал заң үстемдігі индексіндегі «Тәртіп пен қауіп­сіздік» көрсеткіші бойынша, 142 елдің ішінен 43-орынға табан тіреді», дейді Қ.Тоқаев.

Ал биыл мәслихат депутаттарының форумында Президент осы тұрғыда тағы да сөз қозғап, көк паспорт иелері әрқашан және кез келген жерде мемлекет қорғауында болатынын, паспортымыздың қуаты мемлекетіміздің ықпалынан, халқымыздың жасампаз рухынан, заманның озық идеяларын игере алатын қабілетімізден көрінетінін шегелеп айтты.

Ендеше, қайда жүрсек те еркіндігіміз бен қауіпсіздігіміздің кепіліндей көк паспортымыз көсегеміздің көгеріп, көкжиегіміздің кеңеюіне қызмет ете берсін деп тілейміз.

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда жаппай мал қырылып жатыр: фермерлер өтемақы талап етті

Оқиға • Кеше

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды

Қылмыс • Кеше

СҚО-да кәріз станциясын жөндеу кезінде екі жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Кеше

Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті

Теннис • Кеше

Ақмола облысында жасөспірімдер спорт нысандарын бүлдіріп, жабдықтарды ұрлаған

Оқиға • Кеше

26 наурыз – Арал теңізі, Әмудария және Сырдарияның халықаралық күні болып бекітілді

Экология • Кеше

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды

Оқиға • Кеше

Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет

Президент • Кеше

Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды

Президент • Кеше

Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық

Президент • Кеше

Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті

Президент • Кеше

Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді

Мәдениет • Кеше

Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады

Аймақтар • Кеше

Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады

Қоғам • Кеше

Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді

Президент • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 11:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары