Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Жастардың белсенді болуы ел болашағы үшін маңызды сарапшылар пікірі

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

Гаагада көшелердің жабылуы қазақстандықтардың референдумда дауыс беруіне кедергі келтірген жоқ

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

Ғылым экономиканың қозғаушы күші

Ғылым экономиканың қозғаушы күші

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Адамзат тарихындағы ғылыми-техникалық революция – өндірісті дамытудың жетекші факторына айналып, энергетика, химия, жеңіл және текстиль, тамақ өнеркәсібі, медицина, фармацевтика және автоматтандыру, машина жасау, сонымен қатар IT саласы қарқынды дамып, халықтың өмір сапасы жақсарғаны бәрімізге белгілі. 

Кез келген жаңа технология, жаңа өнім немесе селекциялық материал, тіпті IT бағдарлама артында зертханадағы ғалымның қажырлы еңбегі жатады. Яғни, ғылыми-техникалық прогресс өзінің бастауын зертханадан алады. Әрине, зертханадағы синтез немесе анализ – өздігінен жүретін, автоматтандырылған үрдіс емес. Ол – қазақтың аяулы ғалым ұлы Қаныш Сәтбаевша айтқанда: «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтерілген ғалымның» көз майымен, шәкірттерінің зертханадағы маңдай терімен келіп, өндірістік жағдайда сынақтан өтіп, шыңдалатын нәтиже. Бір қызығы, сол зертханадағы жас шәкірт, ел экономикасына өзінің қаншалықты үлес қоса алатындығынан бейхабар болуы да мүмкін. Ол жүре келе пайда бола ма деп ойлаймын. Себебі ғылымды сүйген кешегі жас ғалымның көкірегі оянып, көзі ашылып, даналыққа қол жеткізеді, халқына деген сүйіспеншілігі артып, елінің экономикасына қосар үлесін бағамдай алатын дәреже ауылы жақындай түседі. Ғылым кез келген жасты трансформациялап, әл-Фараби армандаған «Қайырымды» қала тұрғынына айналдырары сөзсіз. 

Табиғатпен керемет үндестікте өмір сүріп, өзіне қажетті өнімді өз қолымен жасауды игерген, ауыз әдебиетімен ұрпағын адамгершілікке тәрбиелеген қазақ жерінде Қаныш Сәтбаев, Абай, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн секілді елінің рухани және материалдық дамуына шексіз үлес қосқан ғалымдар туған. Түгін тартса, май шығатын қазақтың шұрайлы жерінде қара, түсті металл, мұнай, газ, саз түрлері шоғырланған, флора мен фаунаның алуан түрлілігі де алғы шепте екендігі мәлім. Осы байлықты ел кәдесіне жарайтын материалдық құндылыққа айналдыру – әрине ғылым қайраткерлері мен жас ғалымдардың қолында.

Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тауып, «Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуге тиіс», деп көтеріліп, осы мәселені жүзеге асыратын адами капиталға да мән беруді ұсынды. Атап айтқанда, «...сапасы жоғары адами ресурстар» қажет, дей отырып, «...білікті, саналы адамдар – ұлттық экономиканың арқауы, ел болашағының кепілі» деп атап өтті. Осы орайда, ғылым саласына жастарды тарту, оларға жағдай жасауда Қазақстанның мүмкіншілігі қандай деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Өткен ғасырдың 90-жылдарындағы ғылымдағы «ақтабан шұбырындыдан» кейін не өзгерді? Ең бастысы, қазіргі таңда ғылымға аяқ басқан жастардың қатары көбейді. Яғни, болашағымыздан үміт күтуге болады. Бұл – ең алдымен мемлекет тарапынан қолдау күшейгендігінің белгісі. Нақты дәйекпен сөйлесек, біріншіден, докторантураға бөлінетін орын саны артып, оны меңгеру қарқынды жүріп жатыр. 

Докторанттардың әлеуметтік қамтылуы да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Шәкіртақының инфляцияға байланысты өсуі тоқтаған жоқ. Екіншіден, докторантурадан кейін жас маманның ары қарай дамуына және ғылыми мәнсабының өсуіне мүмкіндік беретін постдокторантурадан өтуі үшін «Жас ғалым» атты ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру конкурсы іске қосылды. Яғни, кеше ғана докторлық диссертациясын қорғаған уыздай жас маман өзінің зерттеуін ары қарай жалғастыруына, әлемнің беделді университеттерінде тағылымдамадан өтуіне, халықаралық конференцияларға қатысуына және ғылыми нәтижесін жариялауына конкурстық жағдайда мүмкіншілік ала алады. Бұл – жас маман үшін үлкен қолдау.

Үшіншіден, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы жүзеге асырылып, жас межесі 40-қа дейінгі ғалымдарға да ерекше жағдай туындады. Яғни, постдокторантурадан өтіп, өзінің ғылыми бағытын айқындаған жас маман, ендігіде өзінің ғылыми тобын құрып, маңайына магистранттар мен докторанттарды жинап, белгілі бір ғылыми мәселені шешумен айналысу үшін конкурстық жағдайда мемлекеттен үлкен қаржылық қолдау ала алады. Атап айтқанда, қол астындағы жастарға жалақы төлеу, қажетті реагент пен қондырғылар алу, тағылымдамаға бару сияқты шығындарды жабу мүмкіншілігі бар. 

Төртіншіден, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық және нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру конкурсына қатысушылардың 30 пайызы жас ғалымдардан тұруы тиіс деген талап бар. Бұл да өз кезегінде жастардың ғылымға келуіне жағдай жасайтын әлеуметтік жол. Осылайша, қазіргі кезде Қазақстан ғылымында жастарды қолдайтын белгілі бір мемлекеттік жүйе қалыптасып үлгерді. Егер де ғылымды – ұзақ мерзімді депозит ретінде қарасақ, бұл жүйе өзінің жемісін алдағы 15-20 жылда беретіндігіне кәміл сенемін. Осы қалыптасқан жүйеге қайта жанданған Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясын және аталмыш ұйымдағы жас ғалымдар кеңесінің қоср үлесін де атап өту қажет. Сонымен қатар, әлемдегі алдыңғы қатарлы университет пен институттарда ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіншілік беретін «Болашақ» пен «500 ғалым» бағдарламасы қазіргі жастардың дамуына, ғылыми деңгейін жоғарылатуға үлкен жағдай жасап отыр. 

Жалпыдан жекеге немесе жаһандық межеден нақты жүйеге түсетін болсақ, өзім қызмет атқаратын Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде ғылыммен айналысуға жақсы жағдай жасалған. Сәтбаев Университеті БҰҰ-ның тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешуге бағытталған денсаулық пен әл-ауқатты нығайту, сапалы білім беру, гендерлік теңдікті қалыптастыру, теңсіздікті азайту, «ақылды кампус» құру, су ресурстарын басқаруға және оны үнемді түрде тұтынуға баулу, қоғамның тұрақты түрде дамуына баса назар аудару, қызметкерлердің бастамалары мен «жасыл» технологияны дамыту сияқты Ережелерін толықтай қолдайды. 

Жоғарыда атап өткен ғылыми-техникалық революция немесе прогресс тек игілік әкеліп қана қоймай, экологиялық, әлеуметтік және этикалық күрделі мәселелерді де туындататындығы белгілі. Осы орайда, тұрақты даму қағидаларын сақтауға негізделген «жасыл» технологияны қолдана отырып, баламалы шикізат қорын жаңа материал алуға пайдалану университетімізде жақсы жолға қойылған. Оған дәлел ретінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің нысаналы бағдарламалық қаржыландыру жобасы аясында Ө.А.Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институтының химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасына қарасты «Озық функционалды материалдар мен олардың композиттері Research & Development халықаралық орталығының ашылуын келтірер едім. Ғылыми орталықта ауыл шаруашылығы қалдықтарынан, атап айтқанда қант қызылшасы жомы, күнбағыс тұқымы қауызы, соя, күріш қауыздары, шитті мақта және т.б. қалдық түрлерінен медицина, фармацевтика, энергетика, агроөндіріс, химия өндірісі, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне қажетті заттар мен экологиялық мәселелерді шешуге арналған сорбенттер әзірлеу жүзеге асып жатыр.

«Озық функционалды материалдар мен олардың композиттері Research & Development халықаралық орталығы қызметкерлерінің 90 пайызы жас ғалымдар, яғни магистранттар, докторанттар мен постдокторанттар. Барлығының басын біріктіріп отырған бір мақсат – баламалы шикізаттан «жасыл» технология көмегімен озық материалдар алу, оны өндіріске енгізу. Осы орайда орталығымызда әлемге танымал топ ғалымдармен ынтымақтастық орнаған және жастарымыз белді университеттерде тағылымдамадан өтіп, өздерінің кәсіби әлеуетін бекіту үстінде. Жас ғалымдар өздерінің алған ғылыми нәтижелерін аталмыш ғылыми орталық пен университетіміздің химиялық процестер және өнеркәсіптік экология кафедрасы Махатма Ганди Университетімен бірігіп ұйымдастыратын «Полимерлер, композиттер, нанокомпозиттер және биокомпозиттер» (ICРCNB) атты халықаралық конференциясында апробациядан өткізу мүмкіншілігіне ие. Жыл сайын конференция жұмысына Италия, Ұлыбритания, Болгария, Үндістан, Катар, Малайзия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан жетекші ғалымдар қатысады.

Research & Development халықаралық орталығының тағы бір басты мақсаты – қазір өзекті мәселеге айналып отырған, ет, сүт өнімдері мен су және жасыл салат тұқымдас өсімдік құрамындағы токсикологиялық заттар мен антибиотик қалдығын сараптау мүмкіншілігіне ие болу үшін МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкестігі туралы ұлттық аккредиттеуден өту болып. 

Ал мен үшін «Озық функционалды материалдар мен олардың композиттері Research & Development халықаралық орталығының» ең басты мақсаты әл-Фараби аңсаған Қайырымды қала тұрғынын тәрбиелеу. Ғұлама Аристотель айтқандай: «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек». Бұған дана әл-Фарабидің «тәрбиесіз берген білім - адамзаттың қас жауы» қанатты сөзін қоссаңыз, кез келген ғалымның басты мақсаты анықталары сөзсіз. Ғылым ақиқатты сүйеді. Ал ақиқат тек адамгершілікпен қатар жүреді.

Сана ҚАБДРАХМАНОВА, 

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

Озық функционалды материалдар мен олардың композиттері

Research & Development халықаралық орталығының жетекшісі,

т.ғ.к., қауымдастырылған профессор 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 15:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

15 Наурыз 2026 08:08see116

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

15 Наурыз 2026 18:08see115

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

15 Наурыз 2026 06:38see114

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

15 Наурыз 2026 21:39see114

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

15 Наурыз 2026 04:41see114

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

15 Наурыз 2026 18:08see113

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

15 Наурыз 2026 09:38see113

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

15 Наурыз 2026 10:43see112

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 17:23see111

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

16 Наурыз 2026 01:20see111

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

15 Наурыз 2026 18:19see110

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

15 Наурыз 2026 14:44see110

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

15 Наурыз 2026 15:12see110

Референдум әлемдік БАҚ назарында

15 Наурыз 2026 10:44see110

Жастардың белсенді болуы ел болашағы үшін маңызды сарапшылар пікірі

15 Наурыз 2026 20:25see109

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

15 Наурыз 2026 10:05see109

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 20:01see109

Гаагада көшелердің жабылуы қазақстандықтардың референдумда дауыс беруіне кедергі келтірген жоқ

15 Наурыз 2026 20:25see108

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

15 Наурыз 2026 19:20see108

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

15 Наурыз 2026 16:32see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары