Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жастар ел дамуының стратегиялық ресурсы және негізгі қозғаушы күші

Жастар ел дамуының стратегиялық ресурсы және негізгі қозғаушы күші

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асырып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше рет атап өткендей, жас ұрпақ – Қазақстанды жаңғыртудың басты қозғаушы күші әрі Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформалардың белсенді қатысушысы болуы тиіс, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде еліміздегі жастар саны республика халқының шамамен үштен бірін құрайды – 5 817 339 адам. Осыған байланысты мемлекеттің негізгі міндеті – жастардың білім алуына, еңбекке араласуына, кәсіпкерлікпен айналысуына, шығармашылық әлеуетін дамытуына және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына қажетті жағдай жасау.

Талантты жастарды қолдаудың маңызды тетігі ретінде Мемлекет басшысының бастамасымен 2021 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты енгізілді. Бұл грантқа 123 жас қазақстандық ие болды, жалпы қаржы көлемі 369 миллион теңгені құрады. Аталған бастама өңірлер тарапынан да қолдау тауып, 2024 жылы 308 миллион теңге сомасына 216 өңірлік грант берілді. Қаражат бизнес, мәдениет, спорт, ақпараттық технологиялар, волонтерлік және ғылым саласындағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.

2022 жылы сайлау партиялық тізімдерінде және депутаттық мандаттарды бөлу барысында әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар азаматтарға арналған 30 пайыздық квота енгізілді.

2023 жылы Қазақстанда жастар жасына қатысты шекті межелер ресми түрде қайта қаралып, 14-тен 35 жасқа дейінгі аралық ретінде белгіленді. Осы өзгеріс жастарға мемлекеттік қолдаудың жеңілдіктеріне кеңірек қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Жастар саясаты саласындағы маңызды оқиғалардың бірі – 2023–2029 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының Мемлекет басшысы тарапынан бекітілуі болды. Бұл құжат – жастармен жұмыстың стратегиялық басымдықтары мен жаңа тәсілдерін айқындаған жүйелі бағдарлама. Тұжырымдаманың басты қағидасы – «жастар үшін емес, жастармен бірге». Яғни, жастар енді мемлекеттің қамқорлық нысаны ғана емес, шешім қабылдау үдерісіне тікелей қатысатын серіктеске айналды. Олар өзекті мәселелерді белгілеп, басымдықтарды айқындап, мемлекеттік саясатты қалыптастыруға тікелей атсалысады.

Бұл тәсілдің тиімділігін Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес пен Президенттік жастар кадрлық резерві дәлелдеп отыр. Аталған бастамалар жас басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта резервке алынған қатысушылардың 80 пайызы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарында жемісті еңбек етуде.

Бүгінде өңірлер бұл тәжірибені белсенді түрде енгізіп жатыр. Облыстарда жастар кеңестері құрылып, кейбір аймақтарда жергілікті жастар кадрлық резервтері жасақталды.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау да жастар саясатының басым бағыттары. Соңғы үш жылда мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде жас кәсіпкерлердің саны 12,1%-ға артты.

Соңғы бес жыл ішінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,8%-ға төмендеп, қазіргі таңда 3,1%-ды құрайды. Бұл – өңірдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі. Салыстыру үшін айтсақ, көршілес Ресейде бұл көрсеткіш 7%-дан жоғары, ал Өзбекстанда 10%-дан асады.

Жастардың жұмыс табуына және кәсіби дағдыларды меңгеруіне жәрдемдесу мақсатында «Joltap», «Jumystap», «Mansap Compass» және «Skills Enbek» бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесе отырып, жастар ресурстық орталықтары (ЖРО) тек 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде 205-тен астам бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді. Бұл формат жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендетудің ең тиімді құралдарының бірі болып қала береді.

Сонымен қатар, 2025 жылдың екінші тоқсанында жастар ресурстық орталықтары 265 мыңнан астам жеке кеңес беріп, олардың басым бөлігі жұмыспен қамту мәселелеріне арналды. Консультациялардың елеулі бөлігі ауылдық жерлердегі және NEET санатындағы жастарға (NEET – білім алмайтын, жұмыс істемейтін және кәсіптік даярлықтан өтпейтін 15-24 жас аралығындағы жас азаматтар) бағытталды.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 220,6 мың жас қатысты, олардың ішінде 44,5 мыңын ауыл жастары құрады. Айта кетерлігі, 62,4 мың жас тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар жастар «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысып жатыр.

Дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатында Қазақстанда жыл сайын «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы, сондай-ақ жас жазушыларға, ақындарға және айтыскерлерге арналған арнайы марапаттар табысталады. Жастардың құндылықтық бағдарларын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылады. Осы бағыттағы стратегиялық бағдарды Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамалары айқындайды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жобасы қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастаманы іске асыруда «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары маңызды рөл атқарып отыр. Биыл маусымдық жұмыспен 35,1 мың жас қамтылды, бұл жоспарланған көрсеткіштен 17%-ға артық. Оның ішінде 39,3%-ын ауыл жастары құрайды.

Жастардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – мемлекеттің стратегиялық басымдықтарының бірі. Биыл жыл басынан бері «Жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының алдын алу» атты ұзақ мерзімді гранттық жоба іске асырылып келеді. Жоба аясында өңірлерде 20 фронт-офис және Астана қаласында республикалық фронт-офис құрылды.

Сонымен қатар «MERGEN» жүйесінің көмегімен есірткіге қатысты заңсыз контенті бар 5 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды.

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы мемлекеттік саясат елдің 17 өңірінде жүзеге асырылып жатқан өңірлік ипотекалық бағдарламаларды дамытуға негізделген. Сонымен қатар «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары да жалғасын табуда, олардың қатысушыларының 60 пайыздан астамын жастар құрайды.

Жалпы алғанда, Тұжырымдаманы іске асырудың аралық нәтижелері жастарды қолдау жүйесінің кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын көрсетеді. Елде жастардың негізгі қажеттіліктерін – білім алу, жұмыспен қамту, тұрғын үйге қол жеткізу және қоғамдық өмірге белсенді араласу мүмкіндіктерін қамтитын жаңартылған кешенді экожүйе біртіндеп қалыптасуда.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:235
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 16:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары