Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Азаматтық қоғам реформалар мен әлеуметтік жобалардың негізгі қозғаушы күші

Азаматтық қоғам реформалар мен әлеуметтік жобалардың негізгі қозғаушы күші

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Азаматтық қоғам – азаматтардың белсенділігі, қоғамдық ұйымдардың жұмысы және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара диалог арқылы қалыптасады. Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуға ерекше назар аударылып келеді, бұл бағыт соңғы жылдардағы мемлекеттік саясаттың басым бөлігіне айналды. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та ерекше назар аударып отыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент жыл сайынғы жолдауларында да азаматтық қоғамды дамыту мақсатында қоғам мен билік арасындағы ашықтықты арттыру, қоғамдық бастамаларды қолдау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттік органдар, ҮЕҰ, қоғамдық кеңестер мен басқа да азаматтық институттар арасындағы диалогты дамыту – негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырылып келеді. 

Бұл туралы Президент былтыр Астанада өткен Қазақстанның XII Азаматтық форумы қатысушыларына арналған құттықтау сөзінде де баса айтқан болатын.

«Бүгінде Қазақстанда 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді және оларды мемлекеттің сенімді серіктесі деуге толық негіз бар. Шын мәнінде, сіздер еліміздің береке-бірлігін нығайтуға, «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын іске асыруға белсене атсалысып жүрсіздер. Мемлекет азаматтық қоғамның өрісін кеңейтуге әрдайым баса мән береді. Бес жылда арнайы әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржы екі есеге жуық өсті. Бұл қаражат игі бастамаларды жүзеге асыруға, мұқтаж жандар мен жастарды қолдауға жұмсалып жатыр. Ортақ мүдде жолындағы осындай өзара тиімді ықпалдастық алдағы уақытта да жалғасын табады», - деген еді Президент.

Бұл ретте кейінгі бес жылда Азаматтық форумның қорытындысы негізінде әзірленген ұсыныстар бойынша елімізде стратегиялық маңызы бар бірнеше құжат қабылданғанын атап өткен жөн. Нақтырақ айтсақ, «Азаматтық қоғамды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы», «Қоғамдық бақылау туралы» заң, одан бөлек онлайн-петиция институтын енгізу жөніндегі заңнамалық түзетулер және өзге де маңызды бастамалар бар.

«Азаматтық сектор реформаларды жүзеге асыру мен қоғамды дамытуда маңызды рөл атқарады. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы серіктестік өзекті мәселелерді шешуге, жасампаз құндылықтарды ілгерілетуге және ұлт сапасының жаңа деңгейін қалыптастыруға ықпал етеді», - деп атап өткен болатын Қасым-Жомарт Тоқаев. 

2023–2024 жылдары елде ҮЕҰ жобаларын қаржыландыруға 60 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл ретте 2023 жылы 26,5 млрд теңгеге 2091 жоба жүзеге асырылса, 2024 жылы 33,7 млрд теңгеге 2191 жоба іске асырылған. Ал 2025 жылы жалпы құны 33 млрд теңгені құрайтын 2105 жоба іске асырылуда. Қаржыландырудың ең үлкен үлесі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған жобаларға тиесілі. Ол жалпы бюджеттің 45,6 пайызын құрайды.

Азаматтық қоғамның дамуы қабылданатын шешімдердің сапасына және мемлекеттік институттардың тұрақтылығына тікелей әсер ететінін айта кеткен жөн. Соның негізінде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты саналады. Бұл бағыттың жүзеге асырылуы азаматтардың белсенділігін арттыруға, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға және демократиялық институттарды дамытуға септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Сәуір 2026 01:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары