Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Өркендеудің қозғаушы күші

Өркендеудің қозғаушы күші

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында жастардың талап­шыл­дығы мен елге деген сенімін оң баға­лады. Әрі қазіргі жас буынның көз­қарасы мен қоғамдағы рөліне қатыс­ты пікірін білдіріп, өскелең ұрпақтың ел бо­лашағындағы маңызына айрықша тоқ­талды. Ендеше, Президент жас­тар­ға қандай міндет жүктеп отыр?

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қызметінің әр кезеңінде жастарды стратегиялық ресурс әрі ел дамуының қозғаушы күші ретінде қарас­ты­рып келеді. Жыл басындағы дәстүрлі кең көлем­дегі сұхбатында да Мемлекет басшысы осы ұстанымына берік екенін аңғартты. Бұл – кез­­дейсоқ емес, демографиялық әрі әлеуметтік шын­­дықпен сабақтасқан ұста­ным. Себебі бү­гін­де ел халқының шамамен 30 пайызын жас­­тар құ­райды. Демек елдің бола­шағы, даму ба­ғы­ты мен рефор­малардың нәтижесі, ең алдымен, осы буынның санасы мен бел­сен­ділігіне тіке­лей байланысты.

Сұхбатта Президент жастарға жүктелер негізгі міндет ретінде жауап­кершілік мәдение­тін қа­­лыптастыру мәселесін алға шы­­­ғарды. Мемлекет басшысы та­лап­шылдықты тек сын айту не­­месе наразылық білдірумен шектемей, оны нақты іспен, адал еңбекпен және кәсі­би өсуге ұмтылумен ұштастыру қажет­тігін атап өтті. Яғни елге деген жанашырлық сөзбен емес, нақ­ты әрекеттен көрінуге тиіс. Бұл пікірді «Ассам­блея жастары» республикалық қоғам­дық бір­­лес­тігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев та қолдайды.

– Мемлекет басшысы сұхба­тын­да хакім Абай мұрасына ерек­ше мән берді. Ұлы ой­шылдың қара сөздерінде еңбек пен білім, ізгі­лік пен кісілік қасиеттер терең қамтылған. Бұл құндылықтар цифрландыру мен жасанды интеллект дәуірінде де өзектілігін жоймайды. Олар адам мәдениеті мен парасатын айқындайтын негізгі өлшем болып қала береді. Осы тұрғыда «Ассамблея жастары» үшін ағартушылық, мәдени және креативті жобалар арқылы жасампаз патриотизмді насихаттау – басты бағыттардың бірі. Ұйым Абайдың «Толық адам» ілімін түрлі форматта дә­ріптеп келеді. Соның ішінде Абай оқуларын өткізу және ұлы ойшылдың туған жеріне экспедициялар ұйымдастыру бар. Мұндай бастамалар жастарға ақын шығармашылығымен үстірт танысып қана қоймай, оның еңбектеріндегі терең ойларды зерделеуге мүмкіндік береді. Биыл да кезекті Абай оқу­лары жоспарланған. Бұл іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, көршілес мемлекеттерден де талапты жастардың басын қосады, – деді Т.Жұмырбаев.

Сонымен қатар ол Президент жүктеген міндет­терді нақты жүзеге асыру мақсатындағы биыл­ғы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуын­ша, жауапкершілігі жоғары әрі бәсе­кеге қабілетті жас буынды тәрбиелеуге бағыт­тал­ған «Жаңа толқын», «Қазақстан халқы Ассам­блея­сының көшбасшылар мектебі», «Jastar Wave», «Jastar Generation» сынды тұрақты жо­ба­ла­рынан бөлек, бірқатар жаңа бастама іске қосылады.

– Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының «Менің таза Қазақстаным» жобасын іске асы­руға кірісеміз. Бас­тама қор­шаған ортаға ұқып­ты қарау мәдениетін қалып­тас­тыруды көздейді. Со­нымен қатар қоғамдық кеселдерден – лудомания, есірткіге тәуелділік пен маскүнемдіктен аулақ болуға, яғни ниет пен істің тазалығына баса назар аудар­мақпыз. Мемлекет басшысы атап өткендей, тазалық ұлттық болмысымыздың өзегіне айналуы керек. «Мен Қазақстанның патриотымын» жобасын да бастаймыз. Ілкімді іс елдің өсіп-өркендеуіне нақты үлес қосып жүрген жастардың жетістіктерін үлгі етуді мақсат етеді. Оның үстіне, Президент 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осыған орай, көптеген жоба аталған салалардағы дағдыларды мең­ге­руге бағытталады. Қазірдің өзінде «Digital Assembly» модулі іске қосылды, ал ұйым бел­сен­ді­лері әлеуметтік жоба­ларға арналған жаңа цифрлық ше­шімдерді әзірлеуге жұмыл­ды­рыл­ды. Алдымызда өте маңызды әрі жауапты міндет тұр. Бұл жұмыстың Тәуелсіздіктің 35 жыл­дығымен тұспа-тұс келуінің мәні зор, – деді «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы.

Сұх­батта көтерілген тағы бір маңызды мәселе – құндылықтар жүйесі. Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың ашық ойлы, әділетті қоғамды қалайтын талабын қолдай отырып, ұлттық болмыс пен тарихи жадыны сақтаудың маңызын еске салды. Президент үшін жаңашылдық пен ұлттық құндылықтар бір-біріне қарсы ұғым емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын тірек екені аңғарылады. Әрі сөз арасында Мемлекет басшысы жастарды популизмге, жеңіл жол іздеуге немесе арандатушылық көзқарастарға ермеуге жанама түрде ескерту жасады. Оның пікірінше, елдің тұрақтылығы мен ұзақмерзімді дамуы сабырлы, сауатты әрі жауапты ұрпақтың қолында. Сон­дық­тан жастарға қойылатын талап та жоғары.

– Мемлекет басшысының ел болашағына қатыс­ты пайымы, саяси институттарды жаң­ғырту мен экономикалық тетіктерді жаңарту жоспары тікелей жас­тар­ға арналған. Өйткені жаңа жағдайда өмір сүретін де, бүгінгі реформалардың игілігін көретін де – келешек ұрпақ. Сондықтан Пре­зидент сұхбатындағы не­гіз­гі мессендждерді жас оқырман­дар­дың терең түсініп, зерделегені маңызды. Әсіресе өскелең ұрпақ бүгінгі ахуалға арман-қиялмен емес, нақты көзқараспен қарауы қажет, виртуал­ды емес, шынайы әлемде өмір сүруі керек. Ауыр­дың үсті­мен, жеңілдің астымен жүр­мей, ерінбей еңбек етіп, өзін темір­дей тәртіпке тәрбиелей біл­гені жөн дегені маңызды. Яғни жас буын жасандылық мен көзбояушылыққа бой алдырмай, Отанға деген сүйіспен­ші­лікті сөзбен емес, нақты іспен, жетістіктермен, тың жаңа­лық­тармен, оқудағы не кәсіби жетіс­тіктерімен өлшеуі қажет. Елдің ең басты капиталы да осыдан қа­лыптасады. Сонда ғана әлеу­мет­тік желіде жиі айтылатын Қазақстанның прайм-дәуірі басталады, – деді «Медицина жас­тары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абылайхан Әбдірәш.

Қорыта айтқанда, Президент жастарды тек мемлекеттің қол­дауына иек артатын әлеумет­тік топ ретінде емес, ел тағдырына тікелей ықпал ететін шешуші күш ретінде қарастырады. Ал жүктелген міндеттің өзегі – білім, еңбек, жауапкершілік және елге адал қызмет. Бұл – бүгінгі жастар үшін ғана емес, Қазақстанның ұзақмерзімді дамуы үшін де айқындаушы фактор. 

Соңғы жаңалықтар

14 қаңтар күні оқушылар онлайн оқиды

Ауа райы • Бүгін, 00:30

Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындады

Әлем • Кеше

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райы • Кеше

Шекарадан «Маузер» тапаншасын заңсыз алып өтпек болған

Қылмыс • Кеше

Атырауда өлі табылған ерлі-зайыптының мүрдесінде пышақ ізі бары анықталды

Қылмыс • Кеше

«Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт • Кеше

Қарияларға белсенді өмір сыйлаған орталық

Қоғам • Кеше

Полицейлер шетінен парамен ұсталып жатыр

Жемқорлық • Кеше

Депутаттар жастармен ашық әңгімелесті

Жастар • Кеше

Көлік қозғалысын жеңілдеткен оң жақ өткел

Инфрақұрылым • Кеше

Депутат Алматы облысының кәсіпкерлерімен импортты алмастыру мәселесін талқылады

Бизнес • Кеше

Шымбұлаққа көтерілу бағасы қайта арзандады

Алматы • Кеше

Алматыда айналасы бір аптада «әдемі» нөмір алғысы келетіндерден 19 мыңдай өтініш түсті

Қоғам • Кеше

Шымкенттегі кәсіпорын жылына 50 млн жұп шұлық шығарады

Шымкент • Кеше

Халықаралық көрмеде үздік туындыларымыз таныстырылды

Руханият • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары