Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: ТЖМ
Оқиға орнына дереу жеткен бөлімшелер ашық жалынды байқаған. Өрт сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері көлемі 27 литрден болатын 3 газ баллонын үйден шығарып, жарылыстың алдын алған.
«Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің нәтижесінде өрт толық сөндіріліп, жалынның көрші ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Өрттің жалпы ауданы 168 шаршы метрді құрады», делінген ТЖМ хабарламасында.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Еске салайық, кеше Көкшетау қаласында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Оқыс оқиғаға найзағайдың түсуі себеп болған еді.