Көлігіңіз қыс мезгіліне дайын ба?

16.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына көлік құралдарын қысқы маусымға дайындау қажет екенін еске салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полиция қызметкерлері жүргізушілермен профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жазғы дөңгелектерді уақытылы қысқы дөңгелектерге ауыстырудың, сондай-ақ автокөліктің техникалық жағдайын, әсіресе тежегіш жүйесін, жарық беру құралдарын және аккумуляторды тексерудің қажеттілігін түсіндіруде. Бұл шаралар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.

Полицейлер жаяу жүргіншілерді де сақтық шараларын естен шығармауға шақырады. Жолдан өткен кезде абай болыңыздар, қараңғы уақытта жарық шағылғыстырғыш элементтерді қолданыңыздар — бұл сізді жүргізушілер үшін көзге бірден түсетін етіп, өміріңіз мен денсаулығыңызды сақтап қалады, - делінген полиция ескертуінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью