LRT желісіндегі іркілістерге жолаушылардың қауіпсіздік ережесін бұзуы себеп болған

17.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 17 мамыр – Sputnik. Астанадағы LRT желісіндегі іркілістерге жолаушылардың қауіпсіздік ережесін бұзуы себеп болған. Бұл туралы CTS компаниясы хабарлады.

Компанияның мәліметінше LRT желісінде кейбір жолаушылар қауіпсіздік ережесін сақтамаған.

Атап айтқанда жолаушылар:

шұғыл тежеу батырмасын негізсіз басқан,

платформалық есіктерді шұғыл ашу батырмасын іске қосқан,

вагон есіктерін ішінен өз бетінше ашуға әрекет жасаған;

есік жақтауларының арасына қолын салып, есіктердің жабылуына қасақана кедергі келтірген.

"LRT жүйесі толық автоматтандырылған, сондықтан мұндай әрекеттер қауіпсіздікке ықтимал қатер ретінде қабылданады. Бұл пойыздың тоқтауына және тексеріс жүргізуге себеп болады", - деп түсіндірді мамандар.

CTS компаниясы жолаушыларды LRT пайдалану ережесін сақтауға шақырды.

"Әрбір құрамның ішінде LRT пойызының операторы бар, ол қажет болған жағдайда электр қуаты ажыратылғаннан кейін ғана есіктерді ашады", - деп жазылған хабарламада.

Барлық құқық бұзушы стансалар мен вагондардың ішінде орнатылған бейнебақылау камералары арқылы анықталады. Материалдар полицейлерге беріледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью