Маңғыстау облысында ауылды су басты видео

03.07.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 85 үй су астында қалды, деп хабарлайды Бейнеу аудандық әкімдігі.

Ауыл бойынша 85 үйдің ауласын жаңбыр суы басып қалған. Арнайы техникалардың көмегімен 7 000 текше метрден астам су сыртқа шығарылды.

"Қазіргі уақытта су сору және қалпына келтіру жұмыстарына 25 арнайы техника мен 37 қызметкер жұмылдырылған. Жұмыстар тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатыр", - дейді әкімдікте.

Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және туындаған мәселелерге жедел ден қою мақсатында арнайы байланыс телефоны жұмыс істейді, деп хабарлады әкімдік.

Қазіргі уақытта тиісті мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью