Маңғыстау облысында темір жол төсемінің топырағы сырғып кетті

16.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Бейнеу – Маңғыстау учаскесіндегі темір жол төсемінің топырағы сырғып кеткен. Оқиғаға қатысты Қазақстан темір жолы түсініктеме берді.

Оқиға 16 шілдеде сағат 08:04-те Сайөтес – №9 разъезд аралығында болған.

"Жауын-шашын көп болды, соның салдарынан темір жол төсемінің топырағы сырғыған. Пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уақытша тақ жолмен қозғалыс ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ", - дейді компания.

Оқиға орнына арнайы комиссия мен тиісті қызметтер жіберілді. Қазір учаске тексеріліп, пойыз қозғалысын қалыпты режимге келтіру үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью