Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
– Бозжыра – Маңғыстаудың ғана емес, Қазақстанның әлемге танылған ең көрікті орындарының бірі. Осы бірегей табиғи нысанды көру үшін өңірімізге Еуропадан, Америкадан және басқа да елдерден туристер келеді. Менің мақсатым – әрбір турист туған еліне Маңғыстаудың бір бөлшегін, жылы естелігін алып қайтса екен. Сол себепті магниттер мен басқа да сувенирлер жоғары сапалы материалдан дайындалды. Маңғыстаудың сұлулығын естелік ретінде сақтап қалуға мүмкіндік беретін мұндай кәдесыйлар өңірдің туристік әлеуетін насихаттауға және Маңғыстауды әлемге кеңінен танытуға өз үлесін қосады деп сенемін, деді жоба авторы Алмас Базархан.
Бір ай бойы әзірленген әрбір бұйымда Маңғыстаудың табиғаты, тарихы мен ұлттық болмысы көрініс тапқан. Сувенирлер жоғары сапалы материалдардан дайындалып, ұзақ уақыт пайдалануға арналған.
Жоба авторы алдағы уақытта «Mangystau Collection» топтамасын жаңа өнімдермен толықтырып, Маңғыстаудың мәдениеті мен табиғи ерекшеліктерін кеңінен танытуды жоспарлап отыр.
Маңғыстау облысы