​Маңғыстауда Buzachi Operating Ltd компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды

20.05.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы бұрғылау жұмыстары барысында экологиялық талаптардың өрескел бұзылғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде «Buzachi Operating Ltd» филиалы қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай асырып жібергені белгілі болды. Бұрғылау қалдықтарының көлемі белгіленген нормадан 513,2 тоннаға артық болған.

Прокуратура актісінің негізінде компания ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәсіпорынға 474 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы экологиялық заңнаманы сақтау бағытындағы бақылау шараларын жалғастырып жатыр.

Бүгін, 14:53

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью