Маңғыстауда Buzachi Operating Ltd компаниясына 474 млн теңге айыппұл салынды
Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокуратурасы бұрғылау жұмыстары барысында экологиялық талаптардың өрескел бұзылғанын анықтады.
Тексеру нәтижесінде «Buzachi Operating Ltd» филиалы қауіпті қалдықтарды жинақтау лимитін айтарлықтай асырып жібергені белгілі болды. Бұрғылау қалдықтарының көлемі белгіленген нормадан 513,2 тоннаға артық болған.
Прокуратура актісінің негізінде компания ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәсіпорынға 474 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Маңғыстау облысының прокуратурасы экологиялық заңнаманы сақтау бағытындағы бақылау шараларын жалғастырып жатыр.
Бүгін, 14:53
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Маңғыстауда мұнай компаниясына жарты миллиардқа жуық айыппұл салынды
20 Мамыр 2026 13:08
Disney компаниясына 10 млн доллар айыппұл салынды
01 Қаңтар 2026 15:25
Прокуратура тексерісі: 17 құрылыс компаниясына 3,4 миллион теңге айыппұл салынды
07 Ақпан 2026 12:00
Алматы әуежайына 2 млн теңге айыппұл салынды
16 Ақпан 2026 17:24
Теңізшевройл ға 53,7 млн теңге айыппұл салынды
28 Сәуір 2026 16:51
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Мамыр 2026 16:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















