Маңғыстауда Құлалы аралынан 40 қа тарта итбалықтың өлексесі табылды

24.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Мониторингке құзырлы орган өкілдері мен гидробиология және экология институтының мамандары да қатысқан.

Олар жағалаудың бірнеше шақырымын жаяу жүріп өтіп, нәтижесінде 37 итбалықтың өлексесін тапқан. Оның ішінде 7 итбалықтан тиісті сынамалар алынған.

Мониторинг жұмыстарына 2 шағын көлемді кеме және ҰҚК Шекара қызметі Маңғыстау облыстық департаменті жағалау күзетінің 2-дивизионына қарасты жылдам жүргіш катер жұмылдырылған.

Бұған дейін, Маңғыстауда теңіз жағалауынан 200-ге жуық итбалық өлексесі табылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью