Мақат ауданында 12 көп балалы отбасы жаңа баспанаға ие болды

03.11.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мақат ауданында көпбалалы 12 отбасына жаңа үйдің кілті табысталды. Оның тоғызы Доссор кентінен, үшеуі Мақат кентінен берілді.

Жаңа баспана кілтін табыстауға арналған салтанатты рәсіміне аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, тілегін білдірді.

– Жаңа баспанаға ие болу – әр отбасы үшін үлкен бақыт әрі маңызды оқиға. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдау, олардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық орнап, жаңа үйлеріңіз құт-берекеге толсын! – деді аудан әкімі.

Әкімнің айтуынша, тұрғындарды әлеуметтік қолдау және баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері Мақат ауданында әлеуметтік осал санаттағы 48 отбасы баспаналы болды.

Кеше, 16:23

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью