Мақат ауданында 12 көп балалы отбасы жаңа баспанаға ие болды
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мақат ауданында көпбалалы 12 отбасына жаңа үйдің кілті табысталды. Оның тоғызы Доссор кентінен, үшеуі Мақат кентінен берілді.
Жаңа баспана кілтін табыстауға арналған салтанатты рәсіміне аудан әкімі Азамат Мәмбетов қатысып, тілегін білдірді.
– Жаңа баспанаға ие болу – әр отбасы үшін үлкен бақыт әрі маңызды оқиға. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдау, олардың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әр шаңырақта қуаныш пен шаттық орнап, жаңа үйлеріңіз құт-берекеге толсын! – деді аудан әкімі.
Әкімнің айтуынша, тұрғындарды әлеуметтік қолдау және баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлағандай, жыл басынан бері Мақат ауданында әлеуметтік осал санаттағы 48 отбасы баспаналы болды.
Кеше, 16:23
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Қаржаубай Нұрымовтың отбасы жаңа баспанаға көшті
24 Қазан 2025 01:07
Ақтөбеде анасымен қауышқан бес балалы отбасы баспаналы болды
08 Қараша 2025 03:56
Ақмола облысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жаңа қызметтік баспанаға ие болды
01 Тамыз 2026 22:46
Мақат ауданында облыстық шахмат турнирі басталды
20 Қазан 2025 10:20
Алматы әкімдігінде көп балалы ана өзін өртемек болды
14 Қазан 2025 09:28
Көрілімдер:28
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 02:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















