Ақмола облысында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жаңа қызметтік баспанаға ие болды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Екі қабатты тұрғын үйде кешенді жөндеу-құрылыс және әрлеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар бюджет қаражатын тартпай, Қазақстан құтқарушылары қорының қаражаты есебінен атқарылды. Үй 11 пәтерден тұрады, олардың әрқайсысында жайлы тұруға барлық жағдай жасалған. Пәтерлер толық жиһазбен жабдықталып, қажетті тұрмыстық техникамен қамтамасыз етілген.
Алматы облысындағы Жібек жолы ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Азаматтық қорғау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлер мен азаматтар министрдің Алғыс хаттарымен марапатталды. Жаңғырту жұмыстары аясында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және тұрғын үйдің іргелес аумағы абаттандырылды. Мұнда заманауи көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, демалыс орындары жасақталды, субұрқақ пен жануарлардың сәндік мүсіндері орнатылды, сондай-ақ өрт сөндіру техникасына арналған кіреберіс жолдар мен алаңдар жаңартылды.
Пәтерлер мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілеріне және жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына берілді. Айта кетейік, №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі 47 мыңнан астам тұрғыны бар Щучинск қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:14
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 22:46 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















